astana-view

Мұнай бағасы мен әлемдік экономика тығыз байланыста

2016 жылғы 31 Наурыз
15175 просмотров

Халықаралық валюта қорының сарапшылары: қазіргі мұнай бағасы төмендеген тарихи кезең экономикада түрлі ауытқушылықтар тудыруы мүмкін

Жақында ХВҚ сарапшылары Морис Обстфельд, Жан Мария Милези-Феретти мен Рабах Арезки өз блогтарында мұнай бағасына қатысты пікірлерін білдірген болатын.

Олардың пікірінше, мұнай бағасы төмен бағада бір жарым жылдан астам бойы тұрақтап тұр, алайда әлемдік экономиканың «дамуына түрткі» болады деген үміт әлі де орындалмай келеді. ХВҚ сарапшылары, парадоксальды десек те, мұнай бағасы өз қалпына келмейінше әлемдік экономикаға келер пайда жоқ екенін  дәлелдеп бағуда.

Көптеген сарапшылар мұнай бағасының арзандауы әлемдік экономиканың ілгерілеуіне оң әсерін тигізеді және экспорттаушылар жағдайының нашарлауын импорттаушыларға түсетін пайда арқылы өтеп алуға болады деп сенді. Әлемдік қор нарықтары бұл теориямен келіскен жоқ. Соңғы алты немесе одан да көп ай ішінде қор нарықтары индекстері мұнай бағасының төмендеуі себебінен құлдырай түсті. Ал мұнай бағасының түсуі әлемдік экономика үшін тиімді болады деп сенгендер мұны күтпеген  еді.  Шын мәнінде, 2015 жылдың тамыз айынан бастап акция бағамдары мен мұнай бағалары арасындағы қарапайым корреляция оң көрсеткішті (1-сурет) көрсетіп қана қойған жоқ, сонымен бірге 2014 жылдың тамызынан бастап есептелетін өткен кезеңге қарағанда еселене түскен (дегенмен, өсімнің бұл көрсеткіші үздік емес).

Экономикасы дамыған мұнай импорттаушы елдер үшін  шынымен де аздаған тиімділік болды (мәселен, еуро аймағында), алайда күтілген пайда түсе қоймады. Онымен қоса инвестициялар өсімі де үмітті ақтамай тұр. Мұнай бағасының арзан болуы себебінен жеке меншік сектордағы мұнай барлау және шығару операцияларынан түсетін түсім азая түскен, ал бұл осы сектордағы капитал шығындарының азаюына әкеледі. Rystad Energy деректерінше, мұнай-газ секторындағы капитал шығындары 2014-2015 жылдар аралығында шамамен 215 млрд. АҚШ долларына қысқарған, бұл негізгі әлемдік капитал жинағының шамамен 1,2 пайызына тең (әлемдік ЖІӨ 0,3 пайызынан сәл аздау). Тіпті кейбір мұнай импорттаушылары, жекелей алғанда АҚШ, үлкен шығынға батты, себебі оған энергетикалық сектордағы инвестициялардың әлемдік азаю үлесінің көп бөлігі тиесілі.

Мұнай импорттаушы елдер сұранысының артуына кедергі болатын тағы бір фактор бар. Бұған дейінгі баға циклдерімен салыстырғанда, мұнай бағасының арзандауы бұл жолы баяу экономикалық өсім кезеңімен тұспа-тұс келіп отыр. Бұл кезеңнің күрделілігі сонда, тіпті негізгі орталық банктер экономикалық өсімді ұстап тұру  және дефляция қысымына төтеп беру үшін өз директивті пайыздық ставкаларын бұдан ары түсіре алмайтын халге жетті. Себебі директивті ставкаларды бұдан ары төмендетуге кемейді, өндірістік шығындардың қысқаруы себебінен инфляцияның кемуі шын мәніндегі пайыздық ставканы арттырып отыр, бұл сұраныстың азаюына әкелуде және өндіріс көлемі мен жұмыспен қамту көрсеткішін де кеміте түсуі әдбен мүмкін. Шын мәнінде, бұл екі агрегат та төмендеуі мүмкін. Осыған ұқсас жағдайлар қазір кей елдерде туындап отыруы да ықтимал. 2-суретте мұнай бағасының төмендеуі инфляция  көрсеткішінің төмендеуіне әкелу болжамы көрсетілген: ол АҚШ-тағы мұнай фьючерстік келісім-шарттар мен ұзақ мерзімді инфляция болжамдарының нарықтық көрсеткіштері арасындағы тікелей әрі тығыз байланысты көрсетіп отыр.

«Мұнай бағасының төменгі деңгейде тұрақтауы жаңа, белгісіз инфляциялық болжамдардың орын алу қаупін тудырып, ақша-несие саясатын жүргізуді қиындатып отыр. Бұдан басқа, мұнай бағасының төмендеуінің қазіргі тарихи кезеңі экономикада түрлі ауытқушылықтар, оның ішінде ұжымдық және мемлекеттік қарыз бойынша дефолт тудыруы ықтимал. Ал олар онсыз да тұрақтай алмай тұрған қаржы нарығына кері әсерін тигізуі мүмкін», – дейді ХВҚ сарапшылары. Олардың пікірінше, мұндай жағымсыз кері әсер мүмкіндігі түрлі құрылымдық ұйымдар мен қаржы секторындағы реформалармен қатар нақты елдердің жағдайын есепке ала отырып,  әлемдік қауымдастықтың сұранысты қолдауын маңызды ете түседі.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер