astana-view

Әділдік салтанат құрды

2016 жылғы 13 Сәуір
- Жетісу облысы
8625 просмотров

Қаратал ауданының тұрғын-үй коммуналдық шауашылық бөлімі бизнесменді сот алдында жауапқа тарта алмады

Тұрғын-үй коммуналдық шауашылық және тұрғын-үй инспекциясы бөлімі компания үстінен сотқа мемлекеттік сатып алудың жауапсыз қатысушысы деп тану туралы талап арыз түсіргенін білген кәсіпкер Александр Аникин Палатаға көмек сұрай келіпті. Өткен жылы «Геодезия сервис» ЖШС Қаратал ауданында жобалау жұмысын жүргізуі тиіс еді. Алайда, мемлекеттік органның немқұрайлығы салдарынан компания мемлекеттік сатып алудың жауапсыз қатысушылары тізіміне ілігіп кете жаздады. Оған себеп болған шарттағы жұмысты орындау мерзімінің өтіп кеткендігі. Бірақ, заңгер Диас Оташбаев заңбұзушылыққа мемлекеттік мекеменің өзі кінәлі екенін анықтады.

«Істі қарау барысында, «Геодезия сервис» ЖШС тарапынан жұмыстың дер кезінде орындалмауына тапсырыс берушінің өзінің шарт талаптарын бұзуы себеп болғандығы анықталды. Егер тараптар арасындағы шартқа 18.12.2014 жылы қол қойылса, тапсырыс беруші жобалауға тапсырманы 17.08.2015 жылы ғана берген, ал техникалық шарттар тіпті 23.09.2015 жылы берілген. Заңсыздыққа қарамастан, орган компанияның үстінен сотқа арыз жазған», – дейді Оташбаев.

Сонымен қатар, сот тапсырыс берушінің жұмысты орындау мерзімін қысқартқандығын анықтады. Норма талаптарына сәйкес, бұл жұмысты орындау үшін жобалау 11,2 айға созылуы тиіс, ал тапсырыс беруші шарт бойынша жұмысты орындау үшін 6,9 ай мерзім берген.

«Осы жағдайларға байланысты, «Геодезия сервис» ЖШС шарт бойынша жұмысты дер кезінде атқара алмаған. Сондықтан, Алматы облысының мамандандырылған ауданаралық экономикалық соты мемлекеттік органның талабын орындаудан бас тартты. Анықталған заңбұзушылық бойынша Қаратал ауданының әкімдігіне жеке ұйғарым шығарылды», – дейді сарапшы.

Сотта шындыққа қолы жетіп, абройлы атын сақтап қала алған компания директоры Александр Аникин ӨКП-ға алғысын білдірді.  


Еншілес ұйымдар

Серіктестер