astana-view

Ауылдастардың игілігі үшін

2017 жылғы 04 Сәуір
- Солтүстік Қазақстан облысы
6835 просмотров

Мемлекеттің қолдауымен Аққайың ауданында 4 жылдан бері стамотологиялық кабинет жұмыс істейді

Жандос Кенжетаев 2013 жылы «Жұмыспен қамтудың жол картасы–2020» бағдарламасын алғаш болып қолданғандардың бірі. Бүгінде ол кәсіпкер. Туған ауылында стамотологиялық сұраныстың жоғарылығын сараптай келе, өзінің жеке кабинетін ашуды ұйғарған. «Ауылд шаруашылығын қаржылай қолдау қоры» АҚ арқылы 3 млн теңге көлемінде несие алған. Ауыл орталығындағы бос бөлмені тауып, жабдықтап, пациенттердің сұранысын қағанаттандырып келеді.

Кәсіпкер Жандос – мамандығы бойына тіс дәрігері. Сұраныстың жоғарығына орай жұмысқа қаладан маман шақырды. Бүгінде клиника тіс емдеу, жұлу, протездеу, тістеу кемтігін жөндеу қызметтерін көрсетеді. Кәсіпкер ауылдың әлеуметтік саласына белсенді араласады. Өткен жылы Жеңіс күні қарсаңында Ұлы Отан соғысы ардагерлеріне тегін стоматологиялық қызмет көрсеткен. Бүгінде Жандос бизнесін кеңейтіп жатыр.

Өз қаражатына қосымша тағы бір стотатологиялық кресло сатып алып, екі жұмыс орнын ашты. Дәрігер мен мейірбикені жұмысқа қабылдады. Тұтынушылардың көңілінен шығу үшін сапалы қызмет көрсетіп қана қоймай, қосымша қызмет түрлерін көбейту керек деп санайды жас кәсіпкер.

«Мемлекет жүргізіп отырған жұмыстың нәтижесінде ауданның әлеуметтік-экономикалық дамығанын, азаматтардың өмір сүру деңгейінің өскенін, жаңа жұмыс орындарының ашылып жатқанын, өзін-өзі жұмыспен қамтыған азаматтардың дамушы кәсіпкер ретінде қалыптасып жатқанын анық көреміз», – деп атап өтті СҚО Өңірлік кәсіпкерлер палатасы Аққайың ауданы бөлімінің директоры Руслан Аитов.

Смирново ауылының тұрғындары стоматологиялық кабинеттің ашығанына қуанған. Себебі бұл уақытқа дейін тұрғындар облыс орталығына қатынауға мәжбүр болған. Ал бүгінде сондай қызметті өз ауылдарында алып отыр. Мұнымен қоса, Жандос Кенжетаевтың жеке кабинетіндегі қызмет көрсету бағасы көңілдерінен шығады.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер