astana-view

Мақсатқа жетелеген жігер

2017 жылғы 07 Сәуір
- Солтүстік Қазақстан облысы
5194 просмотров

Өз кәсібін енді бастаған ауыл тұрғынының «Нәтижелі жұмыспен қамту және жаппай кәсіпкерлікті дамыту» мемлекеттік бағдарламасы арқылы несие беру өтініші қабыл алынбаған

Мақсат Исин – жас кәсіпкер. Өзінің ауданында мал шаруашылығын дамытуға ниетті. Агроөнеркәсіп кешені саласында кәсібін бастағандарға мемлекеттік қолдау көрсетілетіні жайлы білгеннен кейін «Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қорына» жүгінген. Алайда, несие алу туралы өтініші қанағаттандырылмаған. Басты себеп – мүліктік кепілдіктегі құқық беретін құжаттар талабына сәйкес келмеуі. «Несие беру туралы өтінішім қабыл алынбағаны жабырқатты, дегенмен көздегеніме жетуге тоқтау салмады. Мен мал шаруашылығын дамытуды мақсат еттім әрі ісімді кеңейтуді ғана қалаймын», ­– дейді жас кәсіпкер Марат Исин.

Мақсат өз құқығын қорғау үшін Солтүстік Қазақстан облысы кәсіпкерлер палатасының Аққайың ауданындағы палатасына хабарласқан. Кеңес беруші-менеджерлер аудандық әділет басшысы мен «Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қоры»  мамандарымен сөйлескен.

Мәселенің мән-жайын анықтау барысында бөлімше қызметкерлерінің көмегімен жеке кәсіпкер Техникалық инвентаризация бюросына жүгінді. Ондаэлектронды базадасы кадастрлық нөмірге түзетулер енгізілді. «Азаматтарға арналған үкіметтен» кәсіпкер жаңартылған анықтама алды. Бұл құжат мемлекеттік бағдарлама арқылы несие алуда маңызды.  

Мәселесі шешілген Мақсаттың болашаққа жеген жоспары айқындала түсті. Жас кәсіпкердің айтуынша, шағын және орта кәсіпкерлікте көрсетіліп отырған мемлекеттік қолдау өндірістің кез келген бағытын дамытуға әсер етеді.

«Ірі қара малының еті мен басқа да өнімдеріне сұраныс әрқашан болады. Бұл өткізетін орын да әрдайым болады деген сөз. Ең бастысы, жобада барлық тәуекелдер мен мүмкіндіктерді толық есептеу керек. Кәсіпкерлер палатасының бөлімшесі көрсеткен көмекке алғысым шексіз. Біздің ынтымақтастығымыз жалғасын табатындығына сенімдімін», ­– деді жас кәсіпкер.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер