astana-view

Өнеркәсіптік жабдықты импорттауда кең таралған бес қателік

2017 жылғы 11 Сәуір
13512 просмотров

Көптеген кәсіпкерлерді өнеркәсіптік жабдықты Қазақстанға қалай аз шығынмен, тез әрі дұрыс жеткізу, оның үстіне қандай қиындықтар туындауы мүмкін және оларға қалай жол бермеу керектігі қызықтырады

Wise Logistics Group көлік-логистикалық компаниясының коммерциялық директоры Әлихан Сағынаевтан осы мәселеге қатыс пікір білдіруді сұрадық

Анықтама: Сағынаев Әлихан Есенғосұлы, «Атамекен» ҰКП Басқарма Төрағасының штаттан тыс кеңесшісі, Wise Logistic Group компаниясының коммерциялық директоры.

Кедендік органдарда қызмет еткен: инвестордан бастап, Қазақтанның кеден қызметі Төрағасының Орынбасарына дейін (2005), еліміздің Кедендік кодексін дайындауға қатысқан (1994), сыртқы экономикалық қызметті реттейтін көптеген нормативті-құқықтық құжаттардың жасалуына бастама көтеріп, тікелей дайындаған. ҚР Президент Әкімшілігінің мемлекеттік-құқықтық бөлімінде жұмыс істеген (1996,2000).

Кедендік реттеу, халықаралық сауда және логистика мәселелері жөніндегі сарапшы, Еуразиялық экономикалық комиссияның кедендік реттеу және кәсіпкерлік жөніндегі консультативтік комитеттерінің мүшесі, «Қорғас» ШЫХО АҚ-ның тәуелсіз директоры.

Халықарлық тасымал нарығындағы көп жылдық тәжірибе жалпы қорытынды шығаруға және өнеркәсіптік жабдықты сатып алуда және Қазақстанға жеткізуде туындауы ықтимал бірнеше кең таралған қателіктерді бөліп алуға мүмкіндік береді.

Олардың ішінен бесеуін атайық, алайды, бұл сан шартты түрде, бұл кәсіпкерлерге шамамен бағалауға және тәуекелдерін азайтуға көмектеседі.

Неге біз дәл өнеркәсіптік жабдық туралы айтып отырмыз?

Себебі жүктің осы санатында біршама өзгешелік бар, тасымалдауда да, кедендік тазарту кезінде де, құны жоғары, жеткізу мерзіміне байланысты, себебі бұл жабдықтың уақтылы монтажына және кәсіпорынды толық пайдалануға қосуға әсер етеді.

Сол үшін барлығын рет-ретімен бастайық:

№1 қателік – сыртқы сауда келісімшартты жасау кезіндегі ерекшелік

Келісімшарт жасау кезіндегі қателіктер жайында көптеген арнайы кітаптар, мақалалар мен ұсынымдар жазылды, мұнда ешқандай қателік болмауы керек секілді. Алайда келісімшарттарда мәміле, мәні, сатып алу/сату шарттары, тараптардың жауапкершілігі жайлы егжей-тегжейлі жазылады, бірақ логистикамен байланысты маңызды жайттар ескерілмей жатады. Ондай ерекшеліктерге сатушыдан сатып алушыға жауапкершілікті өту орны нақты анықталатын жеткізудің халықаралық шарттарын жатқызуға болады. Бір «Инкотермс» халықаралық ережесі сауда терминдеріне мәнді түсіндіруді қамтамасыз етеді және халықаралық сатып алу/сату келісімшарттарының стандартты шарттарын береді. Жеткізу шарттары кедендік құнды анықтауға әсер етеді және алдағы уақытта кедендік тазартуда кедендік ресімдеу жылдамдығында байқалады.

Көптеген кәсіпкерлер жеткізудің бұл шарттарына назар аудармайды және орын алатын салдары жайлы көп ойламай-ақ, оны келісімшартта тек қағаз жүзінде көрсетеді.

Келісімшартта көп қайталанатын келесі қателік – жеткізілетін жабдыққа толық сипатта берілмеуі. Кедендік органдарға тауардың қандайда бір кодын қолданудың негізділігін дәлелдеу қажеттілігі туындағанда бұл да кедендік тазартуға кері әсер етуі мүмкін. Егер келісімшартқа жабдықтың нақты сипаттамасы саны, өлшем бірлігі, Үлестірілген жүйеге сәйкес коды қосымша берілсе, онда кедендік ресмилікті айтарлықтай жеңілдетеді. Көбіне бірегей, бұрындары елге әкелінбеген өнеркәсіптік жабдық туралы айтып отырғанымызды естеріңізге салайық.

Импорттаушылардың екінші қателігіне тоқталайық.

№2 қателік – тауарлардың дұрыс емес сыныптамасы

Әдетте, өнеркәсіптік жабдық әкелетін кәсіпкерлер кеденмен сирек түйіседі, себебі олар өндірушілер және кедендік заңнаманың ерекшеліктерімен таныс емес. Келісімшарт жасаған кезде кеденмен байланысты сауалдарға айтарлықтай көңіл бөлмейді, сондықтан кедендік тазартуда қандай тауар коды берілетініне мән бермейді.

Бұл айтарлықтай жоғалту, себебі тауар коды дәл Сыртқы экономикалық қызметтік тауардың номенклатурасымен сәйкес келуімен (қысқартылғанда СЭҚ ТН) кедендік баж есептеледі және тарифтік емес реттеу қолданылады (лицензиялау, сертификаттау, түрлі рұқсатнамалар және т.б.).

Осылайша, кеденде көп жағдайда күрделі және көпфункционалды жабдық, жабдық бөлшегінің жіктемесімен мәселелер туындайды.

Себебі, кедендік заңнамаға сәйкес СЭҚ ТН бойынша тауар кодын тек кедендік органдар анықтауға құқылы және соңғы шешімді солар қабылдайды. Тәжірибеде сотқа шағым түсіргенде көп жағдайда кедендік органдардың пайдасына шешім шығарылатынын көреміз, себебі тауар жіктемесі өте күрделі процесс және арнайы білім мен тәжірибені талап етеді.

Мәлімет үшін: Еуразиялық экономикалық кеңістікте (5 ел – Қазақстан, Ресей, Беларусь, Армения мен Қырғызстан) СЭҚ ТН біркелі түсіндіру құзыреті Еуразиялық экономикалық комиссиясына (ЕЭК) берілген, ал даулы жағдайда жіктемеге қатысты соңғы шешімді штаб-пәтері Брюссельде (Бельгия) орналасқан Дүниежүзілік кедендік ұйым шығарады.

Тауар кодына қатысты шешімді қабылдау оңай процедура емес екенін көреміз, сондықтан біз тұтынушыларымызға өнеркәсіптік жабдық үшін кедендік органның алдын ала шешімін күні бұрын алып қоюды және келесідей кең тараған қателікке жол бермеуге кеңес береміз.

№3 қателік – рұқсат беретін және өзге де көмекші құжаттарды болмауы

Көптеген импорттаушылар рұқсат құжаттарын алу қажеттілігі туралы тек кедендік ресімдеу кезінде, жүк уақытша сақтау қоймасында (УСҚ) тұрғанда ғана біліп жатады және жүктің қоймада тұрған әрбір күніне берілетін төлем қосымша қаржы шығынына ұшыратады.

Егер алдын ала, тіпті жабдықты Кедендік одақ аймағына жеткізуге дейін рұқсат құжаттарын алса, мұндай мәселе туындамайды.

Неге жеткізгенге дейін?

Әдетте, өнеркәсіптік жабдықтың көлемі үлкен және бірнеше бөлікке бөліп тасылатыны белгілі. Сондықтан жабдықты бір кодпен ресімдеу үшін белгілі бір уақыт аралығында бірнеше тауар партиясымен жеткізіледі деп жоспарлаған жабдықтың құрастырылмаған немесе бөлшектеген түріндегі жіктемесі туралы кедендік органның шешімі керек.

Мұндай алдын ала шешім алуға өтініш кедендік мағлұмдау үшін алғашқы тауар партиясын жеткізуге дейін беріледі.

Одан кейін, «тарифтік емес реттеу» түсінігі лицензиялау, квоталау және өзге де есептік тыйым салу шаралары мен экономикалық сипаттағы шектеулер жайында айтылады. Мысалы, көп ретте өнеркәсіптік жабдықтың қосалқы бөлшектері қосарлы бекітілген тауарлар қатарына енгізіледі және экпорттық бақылауға жатады. Егер қажетті рұқсатты алдын ала алмаса, жүктің кедендік ресімделуі ұзаққа созылуы мүмкін.

№4 қателік – кедендік құнды төмендету

Кейбір кәсіпкерлер кедендік тазарту кезінде шығындарын азайту үшін жабдықтың құнын азайтып көрсетуге тырысады. Бұлай «салықты азайту» қылмыстық құқықбұзушылыққа жатады және алдағы уақытта бизнес үшін көп шығын әкелуі мүмкін. Себебі, тәуекелді басқаруды қадағалаудың автоматтандырылған жүйесі аталған профиль бойынша жұмыс істемесе, ресімдеу кезінде кеден қызметкерлері берілген кедендік құнды қабылдауы мүмкін.

Бірақ мұның ешқандай мәні жоқ, себебі кедендік органдар тауар шығарылғаннан кейін 5 жыл ішінде посткедендік аудит жүргізуі және кедендік төлем мен салықты есептеуі мүмкін. Оның үстіне, жеткілікті негіздеме болса, қылмыстық немесе жеткіліксіз мағлұмдау белгілері бойынша әкімшілік өндіріс ісі қозғалуы мүмкін.

Қазақстанның кедендік органдары әлемнің түгелдей дерлік кедендік әкімшіліктерімен ынтымақтастық туралы халықаралық келісім жасаған, сондықтан кедендік құны төмендетілген дерегін анықтау қиындық тудырмайды, тек уақытты талап ететін мәселе. Сондықтан кімде-кім кедендік төлем мен салықты осындай әдіспен кемітуге «кеңес» берсе, мұндай кеңес берушіден бас татқаныңыз жөн, себебі төлемді азайту іскерлік беделіңіз бен бизнесіңіздің құнына татымайды.

№5 қателік – заңнама мүмкіндігінің артықшылықтарын қолданбау

Қазақстан заңнамасында бизнес үшін түрлі салықтық және кедендік жеңілдіктер қарастырылған, оны тәжірибеде дұрыс қолдана білу керек.

Мысалы, белгілі бір шарттарды сақтаған кезде жеткізілетін тауардың кедендік бажы мен ҚҚС-ін төлеуден заң жүзінде босатылуға болады. Ол үшін кедендік кейбір тәртіптің ерекшеліктерін қолдануға немесе инвестициялық артықшылықтарды алуға болады. Бұл жерде қандай да бір жалпы кеңес беру қиын, себебі әрбір жағдай өзінше дара және жекелей зерттеуді қажет етеді, бірақ мүмкіндіктер бар.

Жоғарыда аталған қателіктерді және тағы басқа да қателіктерді жасамас үшін, отандық заңнаманың мүмкіндіктерін барынша пайдалы қолдану үшін осы салада тәжірибесі мол кәсіби кеңес берушілермен жұмыс істеген жөн. Себебі мұндай қызмет көрсетуге жұмсалатын шығын ірі инсвестициялық жобаларды жүзеге асыру мен өнеркәсіптік нысандардың құрылысындағы қаражат жоғалту қаупімен салыстыруға келмейді.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер