astana-view

Facebook жеке смартфонын шығарады

2017 жылғы 24 Шілде
3634 просмотров

Google  корпорациясы үшін смартфон дайындаған мамандар модульдік деп смартфонды дайындаумен айналысады

Американың Facebook компаниясы модульдік смартфон деп аталатын құрылғыны патенттеп алды. Бұл құрылғыны пайдаланушы өз қалауына қарай өзгерте алады.

Business Insider интернет-порталының хабарлауынша, бұл гаджетті Facebook компаниясының Building 8 деп аталатын құпия бөлімшесі жасап жатыр.

Патентте әлде бір модульдік электромеханикалық құрылғы туралы айтылады, оған динамик, сенсорлық дисплей, микрофон мен GPS дабылын қабылдаушы кіреді. Business Insider мамандары әлеуметтік желі өзінің жеке модульдік смартфонын патенттеді деген тоқтамға келген.

Құрылғыны жасаумен Google корпорациясы үшін смартфон дайындаған мамандар айналысып жатыр. Google жобасы жүзеге асырылмаған еді. Сонымен қатар Building 8 тобында Apple мен Amazon компанияларының бұрынғы қызметкерлері де бар.

Ал Facebook  жаңа смартфонға қатысты жаңалығымен бөлісуге асығар емес. Әлеуметтік желі өкілдерінің айтуынша, бүгінде құпия бөлімше машиналық оқыту технологиясын жасауға барынша мән беріп отыр.

Business Insider сайтының дереккөзіне сүйенсек, Building 8 мамандары адам миын сканерлеу жүйесін дайындаумен, сондай-ақ виртуалды және қосымша шынайылық технологияларын жасаумен айналысады.

Facebook – әлемдегі ең көп пайдаланылатын әлеуметтік желі. Марк Цукерберг Гарвард университетінде білім алып жүріп, өзіні 3 курстасымен бірге 2004 жылдың 4 ақпанында негізін қалады. Бүгінде Марк Цукерберг  – әлеуметтік желімен аттас компанияның иегері. Дүниежүзінде әлеуметтік желіні қолданушылар саны 2 млрд-қа жеткен.

 


Еншілес ұйымдар

Серіктестер