astana-view

Фирма монополистен қарызын қайтару үшін 2 ай уақытын сарп етті

2017 жылғы 30 Қазан
3094 просмотров

Алматы қаласы кәсіпкерлер палатасының заңгерлері  мердігерге бірнеше миллион сомасын алуға көмектесті

«Жарық-Сервис» ЖШС атқарылған жұмыстың ақшасын екі айға жуық уақытта ала алмаған. Осы жылдың мамыр айында компания «Алматы жылу жүйесімен» тарату құрылғысына кешенді жөндеу жұмысын жүргізу үшін келісімшарт жасаған. Жоспарлаған жұмыстың барлығы да уақытында аяқталған. Бірақ тапсырыс беруші мердігер мекеменің еңбегіне ақы төлеуге асықпаған.

«Біздің қызметкерлер жоғары вольтты желілерді демонтаждап, оның орнына вакууумды жоғарывольтты ұяшықтарды орнатты. «Алматы жылу желісі» ЖШС бұл үшін 62 млн 596 мың теңге төлеуі тиіс еді. Келесім бойынша жұмысты қабылдап алу актісіне қол қойғаннан кейін, сонымен қатар Мердігер қажетті орындаушылық құжаттарды өткізген соң ғана міндеттеме орындалған деп саналады. Атқарылған жұмысты қабылдау актісіне 17 шілдеде қол қойды, 10 тамыз күні бас инженердің орынбасары жетекшілік еткен жұмыс комиссиясының қабылдау актісіне қол қойылды. Алайда тапсырыс берушінің тарапынан екі айға жуық уақытта төлем түспеді. Сол уақытта біз Өңірлік кәсіпкерлер палатасына жүгінуге шешім қабылдадық», - деп баяндады сатып алу жөніндегі менеджер Айзада Қадырханқызы.

Кәсіпкерлер палатасы «Алматы жылу жүйесі» ЖШС-на хат жолдап, онда мердігердің ұстанымын дәлелдеді, кәсіпкер құқығы бұзылғанын көрсетіп, жағдайды сотқа жеткізбеуге шақырды.

«Ұсақ мердігерлер құқықтары бұзылса да табиғи монополиялар субъектілерімен қарым-қатынасты бұзғысы келмейтіндері жасырын емес. Жосықсыз жеткізушілер реестрі секілді ықпал ету тетіктері бар. Бір де бір мердігер сол тізімге еніп, тапсырыссыз қалғысы келмейді. Осындай жағдайда Кәсіпкерлер палатасы бизнестің құқығын қорғап қана қоймай, ары қарай да мәселе туындаса, компанияға қолдау көрсетеді. Кәсіпкерлер палатасының сарапшылары түрлі консультативтік-кеңес беру органдарына кіріп, монополистердің біріне шағымданғаннан кейін кәсіпкерлер құқығының бұзылмауын қадағалай алады», - деп атап өтті Кәсіпкерлер палатасы әкімшілік кедергілерді азайту бөлімінің сарапшысы Гүлнар Мамажанова.

Өңірлік кәсіпкерлер палатасы араласқаннан кейін «Алматы жылу жүйесі» ЖШС мердігерге қажетті соманың барлығын төлеп берді.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер