astana-view

Жер қойнауын пайдаланушы бір жыл бойы салалық мекемеден рұқсат ала алмаған

2017 жылғы 31 Қазан
- Шығыс Қазақстан облысы
4115 просмотров

ШҚО кәсіпкерлер палатасы мәселені шешуге көмектесті

2016 жылы  «Бенто технологии KZ» ЖШС бентонитті саз алуға келісімшарт жасаған, аталған келісімшарт 25 жыл мерзімге арналған және жыл бойы өндірімділігі 5-тен 50 мың тоннаға дейін. Компания 2021 жылға дейін  кәсіпорынға 4 млрд теңге инвестиция құюды жоспарлап отыр. Барлық инвестиция «Баулюкс» иегер компанияның есебінен беріледі, жергілікті, аудандық немесе мемлекеттік деңгейдегі бюджет есебінен ешқандай қаражат талап етілмейді.

Компанияның болжауынша, 200 жаңа білікті жұмыс орны ашылмақ. Кәсіпорынның жоспарлаған айналымы 2017 жылы 800 млн теңге болса, 2021 жылға қарай 1,2 млрд теңгеге артпақ, бұл жергілікті де, мемлекеттік бюджетке де салық салынатын базаға айналатыны анық.

Бұл бір қарағанда жергілікті атқарушы органдар тарапынан әкімшілік кедергілерді тудырмай, қолдау көрсетілетін, облыстың әлеуметтік-экономикалық көрсеткішінің артуына тиімді жоба. Алайда Шығыс Қазақстан облысы Жер қатынастары басқармасы жыл бойы компанияның жерге орналастыру жобасын бекітпеген.

Шығыс Қазақстан облысы кәсіпкерлер палатасы фирманың құқығы мен заңдық мүддесін қорғау аясында түйткілді мәселені жер қойнауын пайдалану жөніндегі жұмыс тобы мен сарапшылық комиссиясына, сондай-ақ облыстық жер комиссиясына бірнеше рет шығарды,  

Қарастыру қорытындысы бойынша «Бенто технологии KZ» ЖШС мәселесі шешілді. Шығыс Қазақстан облысы әкімдігі «Жер учаскесін ақылы ұзақмерзімді пайдалану (жалдау) құқығын беру туралы» қаулы шығарды.

Мұнымен қоса, «Бенто технологии KZ» ЖШС қатысты жер учаскесін заңсыз алу бойынша жүргізілген тексерудің нәтижесінде (ҚР Жер кодексі 43-бабы 10-тармағы) ШҚО жерді пайдалану мен қорғауды бақылау басқарамасы  әкімшілік жазаны (100 АЕК сомасындағы) тоқтату туралы Қаулы шығарды.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер