astana-view

Оқушыларға арналған оқулықты кім дайындайды?

2017 жылғы 13 Қараша
4375 просмотров

«Кәсіпкерлік және бизнес негіздері» пәнін енгізу жобасы Мемлекет басшысының бағдарламалық мақаласы аясында жүзеге асырылады

«Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасы 19 қыркүйекте мектеп бағдарламасына «Кәсіпкерлік және бизнес негіздері» пәні енгізілетіні туралы хабарлаған еді. Бұл пән 2018 жылдан бастап таңдау негізінде оқытылады. Аптасына екі рет қазақ және орыс тілдерінде оқытылатын пән 10, 11 сыныптарға арналған. Аталған пәнді енгізу туралы бастаманы Ұлттық кәсіпкерлер палатасы 2015 жылдан бері көтеріп келеді.

«Атамекеннің» бастамасын Erickson College International компаниясы қолдап, оқулықты жетілдіруге дайын екендіктерін білдірді.

Erickson College International жетістікке жету мен сананы дамыту технологиясына негізделген коучинг саласындағы оқыту бағдарламаларын жүргізеді. Оның негізін қалаушы Мэрилин Аткинсонның бағдарламалары бизнесте тәжірибелік қолдану үшін коучингті меңгеруге мүмкіндік береді. Себебі сәтті іскерлік келіссөз, сату және клиенттермен сөйлесудің процедуралық қағидаларына үйретеді.

Халықаралық Эриксон университеті Канадада орналасқан. Ал Қазақстан, Орта Азия мен Кавказдағы Erickson International өкілдігін Ғалия Хамитова басқарады әрі ол Erickson College International (Канада) аға жаттықтырушысы.

Коучинг – серіктестік қағидасына құралған процесс, клиенттердің ойлауы мен шығармашылығын ынталандырып, өзінің тұлғалық және кәсіби әлеуетін барынша ашуға шабыттандырады.

Коучингтің негізгі құралдары – сауал қою, тікелей коммуникация мен кері байланыс.

«Коучингте қойылатын сауалдардың ақпараттық мәні тереңде, олар ойлау жүйесін арттыруға бағытталған», - деп түсіндірді Erickson International орта Азия мен Кавказдағы өкілдіінің президенті.

Ғалия Хамитованың айтуынша, кәсіпкер өзінің бизнесін қайда апаратынын түсінуі керек. Жаңашыл әрі икемді болғаны да абзал. Кәсіпкер көп жағдайда әр ісін нақты есептей бермейді, сондай-ақ ұзақ мерзімді стратегиясы да болмайды, тіпті бастапқы білім де алмайды. Идеяны қайдан алу, оны қалай дамыту – кәсіпкерлердің басты мәселесі.

«Бизнес идеядан басталады, соған сай ресурстар тауып, команда дайындайды. Осы уақытта даму мен өсу маңызды. Кей кәсіпкерлер белгілі бір сегментке байланбаған жаңа инновациялық өнімдер дайындайды. Әр адамға кәсіпкер, тапқыр да алғыр болуға әрі шешім қабылдауға тура келеді. Бұл уақытта үлкен жауапкершілік артады, себебі шешім қабылдай отырып ақша, уақыт пен денсаулығын сарп етеді», - дейді бизнес-коуч.

Коучингте кәсіпкерлікті дамытуға бағытталған сауалдар баланы икемді болуға, бейімделуге үйретеді. Ол шешімді оңай тауып, түрлі жағдайдан шығудың жолын қарастырып, бұл шешім келешекте, жалпы өмірде не беретінін түсінеді.

«Ол талдауды, өзі үшін қандайда бір есеп жүргізуді үйренеді. Оқушыға кәсіпкердің өмірінен шынайы оқиғаны немесе бизнес-кейсті оқыта отырып, оның не ойлайтынын анықтауға болады. Мысалы «Сен кәсіпкердің орнында болсаң қандай шешім қабылдар едің?» деп сұрақ қйоғанда баланың ойлау қабілетін арттырамыз. Ол ненің маңызды екенін, қай шешім орынды екенін сараптай бастайды. Дегенмен ылғи да жағымды бола бермейді, себебі көлеңкелі тұсын да анықтайтын дүниелер бар», - деп түсіндірді Ғалия Хамитова.

Еуропада ерте жастан бастап бизнесті қолдап, дамытатын орталықтар жұмыс істейді.

«Егер ағылшын тілін білсең, онда көптеген мүмкіндік ашылады. Көптеген мемлекеттік, әлеуметтік бағдарламалар, қоғамдық қорлар жұмыс істейді. Қазақстанның үрдісі қуантады – біз халықаралық, жаһандық форматқа қарай қалыптасамыз», - деп ой бөлісті спикер.

«Кәсіпкерлік және бизнес негіздері» оқулығын дайындайтын жұмыс тобының сарапшысы Әсемгүл Сейтенова жаңа пәннің дайындалу процесі жайында ой бөлісті.

«10, 11 сыныптарға арналған «Кәсіпкерлік және бизнес негіздері» оқулығы онлайн краудсорс-платформасында жасалатындығымен ерекше. Мұны дайындауға ықылас білдіргендер қатары өте көп. 10 сыныпқа арналған оқулықты дайындауға 30 сарапшы қатыстырылып отыр. Әрқайсысының стилистикасы мен бизнесті түсінуі әр түрлі. Жұмыс тобының міндеті – барлығын да бір процесске айналдыру, бір сабақ пен екіншісінің байланысы анық болуы тиіс. Біз бизнес-саланың кәсіби мамандарының бергенін алуымыз қажет әрі балаларды бейімдеуіміз керек», ­- деді Әсемгүл Сейтенова.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер