astana-view

Қарағанды целлюлоза-қағаз комбинатында 4 тәулік бойы шикізат жоқ

2017 жылғы 15 Қараша
6560 просмотров

Целлюлоза-қағаз саласының мәселелері ашық талқыланды

«Қарағанды целлюлоза-қағаз комбинаты» ЖСШ басшысы Вадим Гороховский қазақстандық қағаз өнімдерін шығаратын кәсіпорындардың негізгі даулы мәселесі шикізаттың жетіспеушілігі екендігін айтты.

«Қазақстандық кәсіпорындар қолданатын шикізаттың 90 пайызы макулатура. Көршілес Ресей, Қырғызстан, Өзбекстан мемлекеттеріне шикізат заңсыз тасымалданатындықтан макулатураның жетіспеушілік жағдайы туындайды», – деді Вадим Гороховский.

Ресейдің өнімді тұтыну көлемі үлкен болғандықтан ресейлік кәсіпорындар үшін қазақстандық макулатураның үлесі аз.

«Қазақстан мен Ресей нарығындағы баға көрсеткіштері әртүрлі. Сол себепті пайданың көбейту мақсатымен барлық макулатура Ресей Федерациясына, Қырғызстанға, одан әрі басқа мемлекеттерге тасымалданады. Өткен жылы мемлекет макулатураны Қазақстаннан шығаруға тыйым салған уақытта нарықтағы жағдай реттелген болатын», – деп түсіндірді «Қарағанды целлюлоза-қағаз комбинаты» ЖСШ басшысы.

Қарағанды целлюлоза-қағаз комбинатында 4 тәулік бойы шикізат жоқ.

«Мұндай жағдай көп уақыттан бері болмады. Жағдай күнен күнге төмендеп бара жатыр. Ресейде күз уақытында үнемі макулатураның тапшылығы болатындықтан, сұраныс көбее түседі. Біздің макулатураның 80 пайызына дейін бірден шетелдерге тасымалдайды», – деп мәлімдеді Вадим Гороховский.

Қазіргі таңда Ресей Федерациясында макулатураны мемлекет аумағынан шығармау үшін тыйым салу мәселесі қарастырылу үстінде.

«Себебі ресейлік макулатураның көп бөлігін Еуропа, Түркия мен Иран елдеріне заңсыз тасымалдау байқалады. Біз макулатура бойынша ресейлік бағамен бәсекелесе аламыз, алайда ондай жағдайда біздің макулатураның нарықтағы бағасы 40-50 пайызға дейін өсуі мүмкін. Бірақ соңында ауырпашылық буып-түйілетін азық-түлік, киімді қолданатын қарапайым халық, яғни тұтынушының мойынына түседі. Басқа елдермен үнемі  бәсекелесуге болады, алайда тұтынушы бізге маңыздырақ», – деп ойымен бөлісті «Қарағанды целлюлоза-қағаз комбинаты» ЖСШ басшысы.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер