astana-view

Мемлекеттік функцияны бәсекелік ортаға беру: бастаманы кім не үшін көтерді?

2017 жылғы 21 Желтоқсан
7842 просмотров

Қазақстан Республикасы парламенті Мәжілісінде ҚР «Қазақстан Республикасының мемлекеттік функцияларын бәсекелік ортаға беру мәселелері жөніндегі кейбір заңнамалық актілерге өзгерту мен толықтыру енгізу туралы» заң жобасы қарауда жатыр.

«Атамекен» ҚР ҰКП Басқарушы директоры–Заңнама және өзін-өзі реттеуді дамыту депаратаментінің директоры Айжан Бижанова осы мәселеге қатысты жиі қойылатын саулдарға жауап берді.

Мемлекеттік фнукцияны бәсекелік ортаға беруде іріктеу критерилерінің жоқтығы

Мемлекет басшысы анағұрлым маңызды бірнеше стратегиялық функияны атқаруға шоқырландырылған шағын Үкімет құру қажеттігін бірнеше рет атап өтті.

«Әрбір министрлік пен ведомство оған тиесілі емес функциядан босатылуы керек, оны барынға орталықтан өңірлерге және мемлекеттен жеке меншік секторға беруі керек» (Мемлекет басшысының Қазақстан халқына Жолдауынан, 1997 жыл).

«100 нақты қадам – Ұлт жоспарының 97-қадамында азаматтардың өзін-өзі реттеуді дамыту арқылы және мемлекетке тиесілі емес функцияларды бәсекелік  ортаға беру арқылы шешім қабылдау процесіне қатысу мүмкіндігін кеңейту қарастырылған. Үкімет өзіне тиесілі емес әрі там артық функцияларды бәсекелік ортаға беру арқылы шағын бола түсуі керек», - деп түсіндірді Айжан Бижанова.

Осыған орай Ұлт жоспарының 97-қадамын орындауда Қазақстан Республикасының «Өзін-өзі реттеу туралы» базалық заңы қабылданды. Бұл заң кәсіпкерлік және кәсіби қызметті өзін-өзі реттеудің негізгі қағидаларын анықтады.

Екінші кезеңде тәсілдерді зерделеу үшін ҚР Үкіметінің жанында Мемлекеттік функцияларды мемлекеттік ортаған беру  комиссия (Премьер-министрдің 2016 жылдың 30 қаңтарындағы №9-р өкімі), ҚР Парламенті Мәжілісінің алаңында Сараптау тобы құрылды.

Оның үстіне 2016 жылдың 20 сәуірінде Комиссияның хаттамалық тапсырмасымен мемлекеттік функцияларды бәсекелік ортаға және өзін-өзі реттеу ұйымдарына беру бойынша тазалық тәсілдер мақұлданды, ол ҚР Үкіметінің алдағы болатын іс-шараларды өткізу жөніндегі жыл сайынғы жұмысында қарастырылған.

1 кезең – мемлекеттік функцияларға инвентаризация жүргізу (мемлекеттік жауапты орган);

Анықтама ретінде: инвентаризация қорытындысы бойынша Сараптау тобы бәсекелік ортаға және өзін-өзі реттеу ұйымдарына беруге ұсынылатын функциялар тізімін жасап, Комиссияның қарауына ұсынады. Аталған тізім қоғамдық талқылау мен әлеуетті бәсекелік орта іздестіру үшін ҚР Ұлттық экономика министрлігі мен «Атамекен» ҚР ҰКП сайтында жарияланады.

2 кезең – нарық дайындығына талдау және реттеушілік әсер етуді талдау (беру тәсіліне қарай анықталады);

Анықтама ретінде: мемлекеттік функцияларды бәсекелік ортаға және өзін-өзі реттеу ұйымдарына берудің осы кезеңінің нәтижесі мемлекеттік фукнциялардың бәсекелік ортаға және өзін-өзі реттеу ұйымдарына берудің тәжірибелік мүмкіндігін көрсетеді.

3 кезең – функциялар тізімін Комиссияда қарау (Комиссия жанындағы Сараптау тобы жауапты, ұсынысты Комиссия шығарады);

4 кезең – фукнцияларды бәсекелік ортаға беру (мемлекеттік органдар Комиссия ұсынысың ҚР нормативті актілеріне түзетулер енгізу арқылы жүзеге асырады).

Жоғарыда аталған тәсілдер мемлекеттік функцияларды бәсекелік ортаға беру мәселелері жөніндегі заңнаманың негізіне енгенін атап өткен жөн.

Мұнымен қоса заңнаманы дайындағанда Мемлекеттік органдар қызметіне салалық (ведомстволық) функционалдық шолу жұргізу әдістемесінің нормалары ескерілді (ҚР Ұлттық экономика министрінің 2017 27 ақпанында №84 бұйрығы). ҚР Әділет министрлігінде 2017 жылы 27 наурызда №14941 тіркелген).

«Мемлекеттік орган қызметінің функционалдық шолу жасау кезеңдерінің бірі – мемлекеттік органға тиісті емес және артық қызметтерді анықтай отырып, мемлекеттік функцияны  бәсекелік ортаға және өзін-өзі реттеу ұйымдарына беру», - деп атап өтті сарапшы.

Анықтама ретінде: аталған әдістеме аясында келесі терминдерге анықтама берілді:

тән емес функция – мемлекеттік органның қыметіне қатысы жоқ және бәсекелік ортаға, өзін-өзі реттеу ұйымдарына беруге болатын немесе қандайда бір белгісіне қарай алынып тасталатын функция:

1) артық (мемлекеттік органның әкімшілік-басқару процесінен алып тастау жұмыс немесе мемлекеттік қызмет көрсету сапасын төмендетпейді);

2) қолдаушы;

3) негізгі, бірақ мемлекеттік реттеу шегінен шығатын, сондай-ақ мұндай функцияны атқарудың нітижесі мен мақсаты тиімді емес (рұқсат ететін немесе хабарламалық тәртіпте, мемлекеттік бақылау).

Осылайша, тән емес функцияларды анықтай отырып, қайталанатын функцияларды алып тастау арқылы, сондай-ақ тән емес функцияларды бәсекелік ортаға және өзін-өзі басқару ұйымдарына беру жолымен нақты мемлекеттік органда тиімі функциялар тобы қалыптасады және мемлекеттік рөлі жекелеген салаларда, мемлекеттік басқару деңгейінде бекітіледі.

Мұнымен қоса, дәл 97-қадам мемлекеттік басқару жүйесіндегі олқылықтарды түзеуге себеп болды және азаматтарлы өзін-өзі реттеу институтын дамыту және мемлекеттік функцияны бәсекелік  ортаға және өзін-өзі басқару ұйымына беру арқылы басқару шешіміне қамсу мүмкіндігін кеңейту бойынша тәжірибелік және нақты шешімді анықтады.

Осылайша, мемлекеттік функцияны бәсекелік ортаға және өзін-өзі басқару ұйымына беру бойынша тәсілдерді заңнамалық деңгейде бекіту жүргізілетін реформаға жүйелілік енгізіп, реттейді.

Мемлекеттік функцияны орындаушының жауапкершілігіне қатысты

«Мемлекеттік функцияны бәсекелік  ортаға және өзін-өзі басқару ұйымына беру мәсесі жөніндегі заң жобасында берудің 5 негізгі тәсілі анықталды. Аутсорсинг, мемлекеттік тапсырма, мемлекеттік арнайы тапсырыс, қызмет алушылар есебінен, міндетті мүшелікке (қатысуға) негізделген өзін-өзі реттеу. Осы көрсетілген заң жобасы шекті және мемлекеттік функцияны бәсекелік ортаға және өзін-өзі басқару ұйымына беруде базалық бекітуді қарастыратынын атап өту керек. Осылайга нарық субъектілерінің жауапкершілігі Қазақстан Республикасының салалық нормативті актілермен бекітіледі», - деді департамент директоры.

Спикер келтірген мысал: мемлекеттік функцияны бәсекелік  ортаға және өзін-өзі басқару ұйымына мемлекеттік арнайы тапсырыс, аутсорсинг, мемлекеттік тапсырма тәсілімен бергенде, жауапкершілік ҚР салалық саңнамалары шегінде реттелген: ҚР «Қазақстан Республикасында ұкіметтік ұйымдар үшін мемлекеттік арнайы тапсырыс, грант және сыйақы туралы» заңы, Бюджеттік кодекс, «Мемлекеттік алулар туралы» заң.

Айжан Бижанова атап өткендей, әрбір нақты жағдайда, атқарушы мемлекеттік орган мен атқарушы арасында жасалған келісімге сәйкес азаматтық-құқықтық жауапкершілікті алады.

Мемлекеттік функцияны міндетті өзін-өзі реттеуге берген жағдайда өзін-өзі реттеу ұйымдарының қызметтеріне жүргізілетін мемлекеттік бақылау мен қадағалау Қазақстан Республикасының «Өзін-өзі реттеу туралы» заңының 29-бабымен реттеледі.

Міндетті мүшелікке (қатысу) негізделген өзін-өзі реттеу енгізілетін салаларда өзінің әкімішілік ықпал етуі бар мемлекеттік бақылау орын алады, бірақ ЭЫДҰ қағидаларына сәйкес келетін өзін-өзі реттеу ұйымдарына ғана жүреді. 

Өзін-өзі реттеу ұйымдарына жарна бекіту тәртібіне қатысты

«Мемлекеттік функцияны бәсекелік  ортаға және өзін-өзі басқару ұйымына негізсіз беру қаупін жою мақсатында үш негізгі әдістемелік құрал қарастырылған: функция паспорты, реттеу әсерінің талдауы және дайын нарық талдауы. Мемлекеттік функцияларды берудің бірінші кезеңі – мемлекеттік органдар жыл сайын өз функцияларына инвентаризация жасайды. Инвентаризацияда әрбір қызметтің сипаттамасын зерттеуде бәсекелік ортаға немесе өзін-өзі реттеу ұйымдарына беру мүмкіндігіне сараптамалық жұмыс жүргізіледі», - деп түсіндірді Айжан Бижанова.

Мемлекеттік функцияны бәсекелік ортаға беруді жүзеге асырудың сапасы мемлекеттік органдар жүргізілетін инвентаризацияға тікелей байланысты.

«Осыған орай Ұлттық кәссіпкерлер палатасы мен ҚР Ұлттық экономика министрігі мемлекеттік орган функциясының сипаттамасы (функцияны мақсаты мен міндеті, оны кім жүзеге асырады, орындауға қатысатын тұлғалар саны, функцияны жүзеге асырудың құны, ұсынылатын беру тәсілі, функцияны жүзеге асырудың нәтижесі) жазылған Функция паспортын дайындады. Кәсіпкерлік қоғамдастықтың мемлекеттік функцияларды сапалы жүзеге асыруы үшін бизнес өз тарапынан басқару процесін жетілдіру керек, кәсіби маман әлеуетін арттырып, инфрақұрылымды дамытуы керек. Осыған орай нарық дайындығының деңгейін талдау мемлекеттік функцияны берудегі маңызды кезең болып саналады», - деді Айжан Бижанова.

Сонымен қатар мемлекеттік органның функцияларын бәсекелік ортаға негізсіз және асығыс беру қаупін азайту мақсатында Ұлттық палата реттеу әсерін талдаумен ұқсастық бойынша нарық дайындығын талдау үлгісін ұсынды.

Реттеу әсерінің талдауы мемлекеттік функцияларды беруде міндетті мүшелікке негізделген өзін-өзі реттеу тәсілімен қолданатынын ескере отырып, нарық дайындығының талдауына аутсорсинг, мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс, мемлекеттік тапсыма, қызмет алушылар есебінен берілетін мемлекеттік функциялар жатады.

Нарық дайындығы мен реттеу әсеріне талдау жүргізу бойынша жұмыс мемлекеттік орган жүргізген инвентаризация нәтижесін берген ақпаратқа, атап айтқанда Функция паспортында көрсетілген ақпаратқа негізделеді.

Нарық дайындығын талдау реттеу әсерін талдау секілді қоғамдық тыңдау жүргізу, халықаралық тәжірибені зерделеу мен сараптамалық үлгіні толтыру процедураларын қамтиды:

- талқылау мен талдау барысында алынған түрлі пікірлерді ескере отырып беру тәсілін таңдауда мақсаттылығын анықтау және бағалау. Функция берудің түрлі формасын қолдану мүмкіндігін қарастыру;

- нығын мен табысқа, мұндай берудің мемлекетік, тұтынушыға, сондай-ақ мемлекеттің функциясын қабылдайтын кәсіпкерге әсер етуіне талдау жүргізу;

- белгілі бір бәсекелік ортада анықталған функцияны жүзеге асырудың құнын мемлекеттік орган бекіткен құнмен салыстыру;

- функцияны жүзеге асыру ахуалының ағымдағы мәселесін анықтау;

- бәсекелік орта бекіткен мақсатты мемлекеттік орган мақсатымен салыстыру, сондай-ақ осындай беру нәтижесін бағалау;

Жоғарыда аталған индикаторлар жалпы алғанда мемлекеттік функцияның бәсекелік ортада жүзеге асыру сапасын бағалауға мүмкіндік береду, оның жүзеге асырылу тиімділігінен мемлекеттік басқаруды жетілдіру мәселесі қарастырылады.

Мұнымен қоса, өзін-өзі реттеу ұйымынан сыбайлас жемқорлық қаупін жою мақсатында ҚР «Өзін-өзі реттеу туралы» базалық заңында корпоративтік басқару механизмдері көрсетілген, атқарушы органның ротациясы қарастырылған, өзін-өзі реттеу ұйымы мүшелерінің бірінші жалпы жиналысын өткізу тәртібі, өзін-өзі реттеу ұйымының жылдық қаржылай емебіне аудит жүргізу міндеттемесі және басқалары жазылған.

Міндетті өзін-өзі реттеуді енгізуде жарна бекіту мәселесіне тоқталсақ, бірнеше жайтты ескеру керек.

Қазақстан Республикасының «Өзін-өзі реттеу» туралы заңында жарна енгізу тәртібі, оның қолданылу мақсаты мен есебі тәртібі Өзін-өзі реттеу ұйымының жарғысында бекітілетіні белгіленген. Жарна мүшелердің жалпы жиналысында бекітілуі керек.

Кәсіпкерліктің барлық субъектілерінің тең құқылылығын сақтау қағидасын ескере отырып, Ұлттық палата Съезінің сезімімен Ұлттық палата мүшелері, сондай-ақ міндетті мүшелікке негізделген өзін-өзі реттеу ұйымдарының мүшелері болатын кәсіпкерлер үшін мүшелік жарна көлемін азайту мүмкіндігі енгізілді.

Өзін-өзі рттеу ұйымы дәрежесін иелену тәртібіне қатысты

Бүгінде Қазақстанда өзін-өзі реттеудің екі түрі: ерікті және міндетті түрі бар.

Ерікті өзін-өзі реттеу мемлекеттік реттеумен қатар енгізіледі. ҚР «Өзін-өзі реттеу туралы» заңына сәйкес мұндай өзін-өзі реттеу ұйымының талабы мен стандарты мемлекет талабынан жоғары бекітіледі.

Сондай-ақ кәсіпкерлердің және кәсіби қызметінің осындай бірлестіктері тұтынушылар алдында мүліктік жауапкершілікті қамтамасыз етуге міндетті.

Осылайша, мемлекет пен тұтынушы осындай өзін-өзі реттеуден тек ұтады.

«Міндетті өзін-өзі реттеуге қатысты айтар болсақ, салалық  заңның 3 бабына сәйкес осындай өзін-өзі реттеу түрі алдын ала реттеу әсеріне талдау жүргізе отырып салалық заңмен енгізіледі. Шығын мен қарама-қарсылық талдау процедурасының өзі ҚР заңнамасына «ақылды реттеу» ретінде енгізілген. Реттей әсерінің талдау халықаралық тәжірибе, процеске қатысушылардың барлығымен (мемлекеттік орган, депутаттар, бизнес, тұтынушы) қоғамдық талқылау өткізуді ғана емес, реттец саясатының кемінде 3 мүмкін болатын баламасын зерттеуді қажет етеді», - деп хабарлады Айжан Бижанова.

Мұнымен қоса Кәсіпкерлік кодексіне сәйкес кез келеген мүдделі тұлға өзінің реттеу әсері талдауын жасауына құқылы, өз кезегінде міндетті мүшелігімен өзін-өзі реттеу ұйымын енгізуде барынша оңтайлы шешім қабылдауға мүмкіндік береді.


Ұқсас жаңалықтар:

Еншілес ұйымдар

Серіктестер