astana-view

Мұқаш Ескендіров: «Атамекеннің» мақсаты мен міндеті айқын

2018 жылғы 08 Мамыр
4696 просмотров

Естеріңізге салсақ, жуырда Жамбыл облысына жұмыс сапарымен «Атамекен» ҚР ҰКП Төралқа Төрағасы Тимур Құлыбаев келген болатын. Өңірде ҰКП басшысы қатысуымен Жамбыл облысы Өңірлік кәсіпкерлер кеңесінің отырыс өтті. Жиын қорытындысы жайында Өңірлік кеңес төрағасы Мұқаш Ескендіров әңгімелеп берді.

Мұқаш Зұлқарнайұлы, өткен жиын барысы бойынша қандай маңызды тұстарды атап өтуге болады?

–«Атамекен» ҚР Ұлттық кәсіпкерлер палатасы жұмысын бастағалы бері өзекті мәселелерді талқылау механизмін жолға қойды. Тұрақты жұмыс істейтін мәселелер реестіріндегі түйткілдердің 68%-ы өз шешімін тапты. Бизнесті қорғау бойынша 22 мың өтінім түскен, жалпы сомасы 92 млрд теңге көлемінде кәсіпкерлердің мүліктік құқығы қорғалды.

Шын мәнінде Ұлттық палата ережелер мен нормативті актілерді өзгерту бойынша көп мәселелерді көтереді. Бес жыл ішінде 20 мыңға жуық норвмативт-құқықтық актілер мен заң жобаларына талдау жасалды. «Атамекеннің» ескертеплері мен ұсыныстарының 73%-ы мемлекеттік органдарымен ескерілді. Ұлттық кәсіпкерлер палатасы жаңа Салық кодексін әзірлеуге белсенді атсалысты, онда шағын және орта бизнеске арналған арнайы салық режимдері сақталды, ҚҚС бойынша шекті мән сол қалпында қалды, әкімшіілктендіру айтарлықтай оңтайландырылды.

  Жамбыл облысына келетін болсақ, мұнда Өңірлік кеңес жұмысы барысына оң баға беріліп отыр. Бұл орынды да. Шағын және орта бизнестің өңір экономикасына қосқан үлесі айтарлықтай. 2018 жылдың қаңтар-ақпан айларында мемлекеттік бюджетке 5,9 млрд теіге көлемінде салық және өзге төлемдер түсті. Былтырғы жылы бюджетке 28,5 млрд теңге немесе облыс бойынша бюджетке түсетін жалпы соманың 28%-ы түсті.

Өңірлік кеңес мүшелері бүгінде қандай мәселе көтеріп отыр?

–Бұл түрлі мәселелер. Мәселен, қоқыстан алынатын қайталама шикізатты қолдану арқылы тауарлар үшін басымдықты белгілейтін тәртіптің болмауы; тарих пен мәдениет нысандарын сенімді басқару – жекеменшікке беру; өкілетті органдардың жолаушылар тасымалы бойынша нақты ақпарат беруден бас тартуы сынды мәселелерді көтерген болатын. Біз мәселелерді көтеріп қана қоймай, оларды шешуде нақты шаралар қолданамыз.

Қазіргі таңда түскен өтінімдерді іріктеу, оларды өңірлік немесе республикалық деңгейдегі мәселелер тізіліміне енгізу бойынша талдау жүргізілуде. Жаңа басшылық келгеннен бастап мұндай сұрақтарды шешуде жаңа тәсілдер қолға алынған. Бұл мәселелер өңірлік кеңес жиынында жергілікті әкімдік қатысуымен шешу жоспарланған.

  – Бизнестің толыққанды дамуы үшін Жамбыл облысында қандай жалпы мәселелер шешілуі керек?

-Менің ойымша шешуге қажет кезек күттірмейтін мәселелер бар. Осы ретте Өңірлік кәсіпкерлер палатасы жергілікті атқарушы органдармен жағдайды түзеу мақсатында жүйелі жұмыс атқаруда. Мәселен, жақында жұмыс істеп тұрған кәсіпорындар мен өндірістік базаларды тексеру жұмыстары жүргізілді. Жұмыс істемей тұрған кәсіпорындар бойынша нақты жоспар құрылып, оларды жандандыру мақсатында «Жол картасы» әзірленді. Мемлекеттік қолдау, оның ішінде қаржылай емес қолдау тетіктері секторға жан бітіріп, кәсіпорындарды іске қосуға көмектеседі. Ал бұл жұмыс кәсіпкерлік секторды дамытады.

Тағы бір мәселе – мамандар. Яғни өңірде техникалық-кәсіптік білікті мамандардың тапшылығы сезіледі. Өнеркәсіптік салаларда, көтерме-бөлшек саудасында, көлік, логистика, денсаулық сақтау мен әлеуметтік қызмет көрсетуде де білікті мамандар аз. Былтыр 2004 мамнға сұраныс болды. Оның ішінде 1 841 маман техникалық бағытта. Аталған мәселе бүкіл республикаға тән. Бұл бағытта «Атамекенде» нақты шешімдер бар. Мемлекет бойынша 824 колледж жұмыс істейді. Кадрларды дайындауда мемлекеттік тапсырыс құны 107 млрд теңгені құрайды. Мемлекеттік тапсырысты қалыптастыру комиссиясына бизнес өкілдері кіруі бойынша келіссөздер жүргізілуде. Осылайша мәселе шешуде оң өзгеріс орын алмақ.

 Осы мәселелерді шешуде «Атамекен» басшылығы нақты әрі тиімді жұмыс істеп, түйткілдерді бақылауда ұстап отырғаны байқалып отыр. Көптеген жаңа жобалар қолға алынған, қызу жұмыс жүріп жатыр.

Әңгімеңізге рахмет!

 


Еншілес ұйымдар

Серіктестер