astana-view

Технологиялық даму жөніндегі ұлттық агенттігі жеке инвесторларды тартпақ

2018 жылғы 30 Мамыр
4563 просмотров

«Атамекен» алаңында ІТ-жобаларды мемлекеттік қаржыландырудың қысқарғаны талқыланды 

Биыл білім беру гранттар саны 20 мыңға дейін артты, бұл туралы «Атамекен» ҚР ҰКП Төралқасы жанындағы Ақпараттық-коммуникациялық технологиялар, білім беру және инновация комитеті отырысында ҚР Білім және ғылым вице-министрі Бибігүл Асылова хабарлады. 11 мың грант техникалық мамандықтарға, 5 мың – нарық сұранысына, 3 мың – магистратураға және 1 мың грант – Phd докторантураға бөлінген.

 Бибігүл Асылова болашақ ІТ-мамандары үшін грант орындары ұлғайған. Өз кезегінде «Технологиялық даму жөніндегі ұлттық агенттігі» АҚ Басқарма төрағасы Марат Омаров Технологиялық даму жөніндегі ұлттық агенттігігі бағдарламасы бойынша гранттарға мемлекеттің қатысу үлесі келесі жылдан бастап 20%-ға қысқаратынын айтты. Венчурлы жобаларды қаржыландыру үшін енді жеке инвесторларды тарту керек.

 

 «Бағдарлама оперторы – ҚР Ұлттық экономика министрлігі мен Технологиялық даму жөніндегі ұлттық агенттігі. Биыл біз жекеншік инкубаторларды қолдайтын боламыз. Бұл шара бұрынғы жұмыстан мүлде басқа. Мемлекет инновациялық инфрақұрылымды салуда, жобаларды таңдауға қатыспайтын болады, бұл қызметті нарыққа береміз. Бүгін Қазақстанда 10 шақты жекеменшік инкубатор жұмыс істейді. Оларды қолдап, шығындарды 50%-ға дейін қаржыландырғымыз келеді», – деді Марат Омаров.

 2019 жылы инновациялық жобаларды қаржыландыру бойынша мемлекет пен жеке инвесторлар арасындағы арақатынасты 80/20 етіп бөлу жоспарланған, осылайша мемлекеттік қаржы үлесін қысқарту қарастырылып отыр. Биыл жол «Бизнестің жол картасы-2020» аясында Технологиялық даму жөніндегі ұлттық агенттігі іріктеу өткізеді және серіктестерді іздеуге кіріседі. Серіктестер оқытып, жобалар біліктілігін жоғарылататын болады. Агенттіктің тағы бір бастамасы – венчурлық қаржыландыру туралы заң жобасын әзірлеу. Жоба мақсаты бизнес-инкубаторлаға барынша жақсы жағдай жасау.

 «Ертең Венчурлық қаржыландыру туралы Қазақстандағы бірінші заң жобасының екінші тыңдалымы өтеді. Біз глоссарий, ұғымдық аппарат, енгіземіз, жұмыстың механизмін, құрылымын береміз. Мұндағы басты идея –  жеке инвестцияларды тарту, жоғары технологиялық жобаларды қолдау. Біз миноритарлық инвесторларды қорғауға тырысып жатырмыз, жеке жобаларды қаржыландырмақпыз. Қазақстандағы венчурлық капитал нарығы ақырындап дамып, мемлекет тәуекелі жоғары жобаларды қаржыландыруды тоқтатуы керек», – деді Марат Омаров.

 Мұндай бастамалар ҚР Ұлттық экономика министрлігінің ішкі нормативтік құжаттарын өзгерістерге ұшыратады. ІТ-компанияларға бағытталған жаңа ережелер пайда болады. Осы бағытта «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасы «Технологиялық даму жөніндегі ұлттық агенттігі» АҚ бастамаларын қолдады.

 

 «Бізді бұл  неге қызықтырды? Бұл ІТ-компанияларына да қатысты. 13 маусым күн құжаттарды қабылдау науқаны басталады. Осы бағытта қарым-қатынас орнатқымыз келеді. Комитет құрамына кіретін компаниялар мен қауымдастықтар осы үдеріске қатысса екен дейміз. Бұл жаңа құрал, жаңа мүмкіндік», – деді «Атамекен» ҚР ҰКП Төралқасы жанындағы Ақпараттық-коммуникациялық технологиялар, білім беру және инновация комитетінің төрағасы Мұрат Әбенов.

«Технологиялық даму жөніндегі ұлттық агенттігі» АҚ мәліметтері бойынша 2011 жылдан 2017 жалға дейін инновациялық жобаларға грант бөлу туралы 337 шарт жасалған. Гранттардың жалпы сомасы 13882 миллион теңгені құрайды. Грант алушылардан түскен ақпарат бойынша 2014-2017 жылдар аралығында жобларады жүзеге асыру кезінде 3158 жаңа жұмыс орны ашылып, грант алушылар төлеген салық көлемі 8893 миллиард теңгені құраған. Ал шығарылған өнім көлемі 162910 миллиард теңгені құрады.

 


Ұқсас жаңалықтар:

IT саласында қалай қалыптасуға болады?
28 Мамыр
2018
Қостанай облысы

Еншілес ұйымдар

Серіктестер