astana-view

Оңтайлы ауысудың кілті: «Атамекенде» тәуекелге бағдарланған тексеру мәселесі талқыланды

2018 жылғы 04 Шілде
4991 просмотров

Биыл 24 мамырда кәсіпкерлік қызметті реттеуді жетілдіру бойынша заңнамаға өзгертулер енгізуге қатысты түзетулердің алтыншы топтамасы қабылданды

Кәсіпкерлер үшін маңызды жаңашылдықтың бірі – тексеру жүйесін қайта қарау – профилактикалық бақылауды енгізу, іріктеп тексеруді алып тастау, бақылау-қадағалау функциясын қысқарту және мемлекеттік органдардың тәуекелді басқару жүйесін өзгерту.

Жоғарыда аталған заңды жүзеге асыру аясында бақылау және қадағалау органдарының тәуекелді басқару жүйесін қайта қарау жоспарланған.

«Атамекен» ҚР Бас прокуратурасымен бірлесіп, алты салаға талдау жүргізді (салық салу, экология, санитарлық-эпидемологиялық қадағалау, жер қатынастары, өртке қарсы бақылау, еңбек инспекциясы) және көптеген олқылықтарды анықтады. Тәжірибеде тексерудің мәні мемлекеттік бақылау және қадағалаудың негізгі мақсатына сай келмейді. Мысалы, экологиялық бақылау органдарының тексеруі ауаға артық қалдық шығарып, қауіпті қоқыс тастап, басқа да ластануға жол беріп отырғандарға қатысты емес, уақытында есеп өткізбеген субъектілерге қатысты белгіленеді. Еңбек инспекциясы 30 субъективті критеридің тек 4-еуін қоланады, бұл қалған критерийдің маңызы жоқ екенін білдіреді», – деп атап өтті «Атамекен» ҚР ҰКП Қоғамдық мониторинг және әкімшілік кедергілермен жұмыс департаментінің директоры Ербол Өстеміров.

Осыған байланысты, жүйені қабылдамас бұрын, мемлекеттік бақылаудың негізгі міндеттеріне сай түзету мақсатында қолданыстағы критерилердің дұрыстығы мен тиімділігіне терең талдау жүргізу керек.

«Бұл туралы 26 маусымда «Атамекен» ҚР ҰКП Басқарма Төрағасы Абылай Мырзахметов Үкімет отырысында атап өткен. ҚР Премьер-Министрі Сағынтаевпен қажетті нормативті-құқықтық актілерді қабылдауды жеделдетуге, олардың сапасы жоғары болуын тапсырды», – дейді Ербол Өстеміров.

Кездесу барысында бақылау-қадағалау қызметінде тәуекелге бағдарланған тәсілді енгізуге маманданған SAS Institute халықаралық компаниясының сарапшылары да сөз алды. Халықаралық тәжірибе мен тәуекелді басқару жүйесін қолданудың тиімділігі, математикалық тәсілдер мен үлгілер жайында баяндады.

SAS Ресей/ТМД мемлекеттік секторына арналған шешімдер бойынша SAS сарапшысы Андрей Денисенко онлайн-демонстрация барысында Сингапурдың салық қызметі статистикалық заң өлшемдеріне визуалды талдау жасау жүйесінің көмегімен тәуекел профилін жасай отырып, жалған кәсіпорындарды анықтайтынын көрсетті.

Ол тиімді тәуекел-менеджменті мекеме қызметіне біріктірілген, құрылымдалған, тегіс қамти алатын, өзгерістерге бейімделген, инклюзивті, серпінді, қолжетімді ақпаратқа негізделген, адам мен мәдени факторды ескеретін, сондай-ақ үнемі жетілдірілетін болуы тиіс екенін атап өтті.

Жиында мемлекеттік органдардың өкілдері сауалдарына жауап ала алды. Атап айөтанда Қазақстандағы статистика жүйесін қалайша анағұрлым серпінді етуге болатын жайлы сұрастырды.

Мамандар Қазақстанда көршілес мемлекеттер мен өзге де елдердің айтарлықтай тәжірибесін алмасатындай басымдыққа ие екенін атап өтті. Бүгінде қандай да бір қателік жібермеуге болатындай әдістер мен құралдар түрі көп, жұмыстың жаңа жүйесіне оңтайлы өтуді қамтамасыз етеді.

«Жалпы тәуекелді басқару жүйесі «тәуекелді» субъектілерді анықтауға және ең соңында төтенше жағдайлардың (өрт, өлім, улану, зақымдалу, науқастану, апатқа ұшырау және т.б.) туындауын ескертуге (жол бермеу) бағытталауы тиіс», – деп тұжырымдады Ербол Өстеміров.

Семинар қорытындысы бойынша мемлекеттік органдардың өкілдері олқылық орын алуы мүмкін деген тәуекелі жоғары субъектілерді анықтаудың жоғары дәлдігін қамтамасыз ететін  математикалық тәсілдер мен үлгілерді қолдана отырып, салалық тәуекелді басқару жүйесіндегі қолданатын критерийлерді егжей-тегжейлі қайта қарау қажеттілігі туралы атап өтті.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер