astana-view

Атырауда инвестордың құқығы қорғалды

2018 жылғы 26 Шілде
- Атырау облысы
6896 просмотров

Бизнесмен мәселесі Кәсіпкерлердің құқығын қорғау және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл кеңесінің отырысында қаралғаннан кейін 11 айдан соң жер учаскесін пайдалануға рұқсат берілген

Кеңес хатшысы, өңірлік Кәсіпкерлер палатасының директоры Сәрсенбай Жолдыбаев хабарлағандай, былтыр шілде айында «Потенциал Ойл» ЖШС өндірістік қажеттілікке байланысты Атырау облысы Исатай ауданының әкімдігіне «Жаңаталап – 3» кеңейтілетін учаскесінен ақысын төлеп уақытша пайдалануға жер беру туралы хат жолдаған.

«Атырау облысында жер учаскесін беру жөніндегі комиссияның 21.08.2017 ж № 5 хаттамалық шешімінің негізінде Исатай ауданының әкімдігі 26.12.2017 ж №12 «Потенциал Ойл» ЖШС-ына «Жаңаталап-3» учаскесінен 8,2 га жер учаскесін беру туралы Қаулы шығарған.ҚР жер қатныастары заңнамасының нормасына сәйкес материалдарды Атырау облысы жер қатынастары басқармасы қарауға жіберген. 2017 жылы «Жаңаталап-3» жаңа қатысушысы қосылғандықтан, серіктестік қайта енгізілген қорды есептеудің барлық міндеттемесін орындаған, яғни 500 мың теңге көлемінде бонус төленіп, өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуына арналған шығын 100 000 теңгеден 1  млн теңгеге дейін өскен. Алайда 11 ай бойы жер қатынастары басқармасы жер учаскесін беру немесе бермеу туралы тиісті шешім қабылдамаған. Осылайша ҚР Жер кодексінде қарастырылған барлық мерзім бұзылған», – деді Сәрсенбай Жолдыбаев.

Жер учаскесін бөлу туралы шешімді күтпестен серіктестік «Жаңаталап-3» учаскесінде 27 сәуір күні жұмыс бастаған. Алайда Исатай ауданы әкімдігі мен прокуратурасының талабы бойынша жұмысты тоқтатты. Жерді заңсыз пайдаланғаны үшін әкімшілілік жауапкершілікке тарту қаупі бар.

«Кеңес отырысына дайындық барысында облыстық жер қатынастары басқармасына хат жолдадық. Мемлекеттік органның жауабынан шешім серіктестікті жерді рұқсатсыз пайдаланғаны үшін әкімшілік жауапкершілікке тарту мен байланысты екені аңғарылды. Алайда 9 ай бұрын «Потенциал Ойл» ЖШС өтінімін қарау мерзімінің бұзылуы туралы айтылған. Осылайша мемлекеттік органның Жер заңнамасының талабын бұзғаны айқын еді. Құқықтық сараптау қорытындысы бйоынша материал тиісті шара қабылдау үшін Мемлекеттік қызмет департаментіне жолданды. Ірі кәсіпкерлік субектісіне жататын «Потенциал Ойл» бизнестің әлеуметтік жауапкершілігі бойынша барлық міндеттемені орындап отыр. Салық төлейді, әлеуметтік маңызы бар жобаларға инвестиция құяды, сондықтан адал кәсіпкерлердің құқығын қорғаймыз», – деді Сәрсенбай Жолдыбаев.

Кеңес отырсынан соң сол күні комиссия «Потенциал Ойл» ЖШС сұраған жер учаскесін беру туралы шешім шығарған. Қазіргі таңда серіктестік жұмыстарын қайта бастап жатыр.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер