astana-view

Негізсіз айыппұл жоққа шығарылды

2018 жылғы 09 Тамыз
3632 просмотров

Ақмола облысының кәсіпкеріне алкоголь сатуға лицезия өткізбегені үшін 300 мың теңге көлемінде айыппұл салынды. Алкоголь сусындарын сатпағанын дәлелдеу үшін кәсіпкер Палата мамандарына жүгінді.

Болат Мұқашев кәсіпкерлікпен 2010 жылдан бері айналысып келеді. Дәл сол жылы кәсіпкер алкоголь өнмідерін сатуға рұқсат беретін лицензияны алады. Ал 2012 жыл ол кәсіпкерлікті тоқтатуға шешм қабылдайды. Бурабай ауданы бойынша мемлекеттік кірістер басқармасы салық есептілікті тоқтату туралы шешім шығарады.

 «Сол уақытта алкоголь өнімдерін бөлшек сатуға лицензия жасағым келген. Алайда мемлекеттік кірістер басқарамысының мамандары лицензияның мерзімі шексіз екені, әрі онымен өзімде қалдыра алатынымды айтты», – деді кәсіпкер.

 Ал 2015 жылы бейқам кәсіпкер жыл сайын лицензиялық жарнаны төлемегені үшін 297 300 теңге көлемінде әкімшілік айыппұл салу туралы қаулыны көргенде қатты таңданды.

 «Лицензияның өзін мен 2015 жылдың қаңтар айында өткізіп тастадым. Ал мемлекеттік кірістер басқармасынан хабарламаны тек қараша айында алдым. Осы аралықта маған ештене айтылған жоқ», – деді Болат Мұқашев.

 Кәсіпкер Палата мамандары қолдауына жүгініп, Ақмола облысы Бурабай ауданының арнайы әкімшілік сотына жүгінеді.

 Нәтижесінде сот әкімшілік құқық бұзу құрамның болмауы себепті кәсіпкерге қатысты әкімшілік жауапкершілікке тарту туралы қаулыны алып тастайды.

2016 жылғы 1 қаңтардан бастап енгізілген «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне кәсіпкерлік мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» ҚР 2015 жыл 29 қазандағы Заңына сәйкес, лицензиялық алымдарды төлеу тәртібі 20 қаңтардан  20 шілдеге дейін кейінге қалдырылған болатын. Ал тура осы кезеңде Болат Мұқашевта лицензия болмаған.

Алайда бұл іске нүтке қоюға ерте болып шықты. Бурабай ауданы бойынша Мемлекеттік кірістер басқармасы сотқа кәсіпкерге лицензиялық алымды жинау туралы талап арыз жасайды. Іс Ақмола облысының арнайы ауданаралық экономикалық сотында қаралды. 2017 жылдың 26 қазан күні сот талап арызды қанағаттандырады.

 2018 жылы Болат Мұқашев Ақмола облысы кәсіпкерлер палатасы мамандарына тағы да жүгінеді. Осыған дейін ӨКП мамандары кәсіпкердің мүддесін қорғап, сот отырыстарына қатысқан болатын. Нәтижесінде кәсіпкер 2012 жылдың 9 шілдесінен бастап осы күнге дейін алкоголь сусындарын сатпағаны расталды. Сот Мемлекеттік кірістер басқармасының кәсіпкерге жіберген талап арызды қанағаттандырудан бас тартты.

 «Қазынашылық органның табандылығы сұрапыл болды. Басқарма өкілдері арнайы ауданаралық экономикалық сотқа апелляциялық шағым түсірді. 2018 жылдың 11 шілдесі күні Ақмола облыстық соттың Сот алқасы бұл іске нүкте қойды. Облыстық Сот арнайы ауданарлық экономикалық соттың 2018 жыл 25 сәуірде шығарған шешімін өзгертісіз қалдыруға шешім шығарды», – деп хабарлады ӨКП өкілдері.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер