astana-view

Астанада БАҚ өкілдері мен «Атамекен» қызметкерлері арасында стендтік атудан тұңғыш турнир өтті

2018 жылғы 19 Қыркүйек
3286 просмотров

Жарысқа қатысушылар көздемпаздық, шапшаңдық бойынша сынға түсті.

Өткен демалыс күндері астаналық «Эльдорадо» атыс алаңында  журналистер мен «Атамекен» ҰКП қызметкерлері стендтік атудан әуесқойлар арасындағы турнирге қатысты. Бұл «Қорамсақ» қазақстандық қару-жарақ қауымдастығы елордада ұйымдастырған алғашқы турнир. Бұған дейін бірнеше жыл қатарынан жарыс Алматыда өтіп, қатысушылардың қызығушылығын тудырған еді.

Жарыс шарттары, бір қарағанда, қарапайым: әрбір қатысушыға 15 реттен атуға мүмкіндік беріледі, оның 7-уі бұрышты нысан және атушы бағытында ұшатын 8 қарама-қарсы нысан. Дәл тиген нысаналар көп болған сайын, финалға шығып, жеңімпаз болу мүмкіндігі де арта түседі. 

«Мұндай турнирлер ең алдымен әріптестердің белсенді демалысы мен өзара дидарласуы үшін қажет, - дейді «31 арнаның» тілшісі Илья Рыбин. - Бұл әдіс журналистер үшін ғана емес, мекемеаралық ұйымдар үшін де пайдалы. Көптеген әріптестерім тұңғыш рет қолдарына қару ұстаған шығар. Сіз кәсіпқойлардың жанында өзіңізді үлкен спорттың бір бөлігі ретінде сезінесіз. Бәлкім бір әріптестеріміз өзіне хобби тапқан да болар. Көптеген адамдар стендтік атудан жарыс барын, жарыс қайда өтетінін білмейді».

Ұйымдастырушылардың айтуынша, мұндай турнирлер – алдымен қару-жарақпен жұмыс істеу мәдениетін тәрбиелейді және қызықты демалыс. Оның үстіне бұл қолжетімді. Егер сіз әуесқой болсаңыз, мылтық, сейф және басқа да құрал-жабдық сатып алу міндетті емес. Ең бастысы, арнайы рұқсат алудың қажеті жоқ.

«Қорамсақ» қазақстандық қару-жарақ қауымдастығының вице-президенті Сергей Катнов бұл тұрғыда кәсіби аңшылармен оңай емес, дейді. Бүгінгі таңда елімізде бір адам сақтауға рұқсат етілген қару саны оннан төрт бірлікке дейін қысқарған. Бұл шешім 2016 жылы Ақтөбеде болған қайғылы оқиғадан кейін қабылданған.

«Қазақстан терроризм қаупіне тап болған алғашқы ел емес,алайда бірде-бір елде аңшылық қарудың санын азайту бойынша шаралар қолданбаған. Норвегия тәжірибесін қараңыз. Теракт жасаған адам полициядан рұқсат алып, дүкеннен қару сатып алған.  Бірақ осыдан кейін де азаматтық қару айналымы бойынша шарттар қатаңдатылмаған, себебі бұл фактілер бір-бірімен тікелей байланысты емес. Сонымен қатар Норвегияда көп сатылы сақтау жүйесі. Егер сіз, мысалы, аңшы болсаңыз, үйде тек 6 бірлык қару ұстауға рұқсат етіледі, қалғаны полицияда немесе арнайы компанияларда қауіпсіз сейфтерде сақталады», - деді Сергей Катнов.

Қару-жарақ бизнесі үшін талаптарды күшейтетін тағы бір норма - тұрғын үйлердегі мамандандырылған дүкендердің жұмысына тыйым салу. Жаңа нормативтер бойынша мұндай дүкендер жеке тұрған ғимаратта орналасуы тиіс.

«Мұндай нормаларды қабылдағаннан кейін елімізде қару-жарақ дүкендерінің 35% - ы жабылды. Қазіргі уақытта біздің қауымдастық «Атамекен» ҰКП арқылы халықтың қауіпсіздігіне еш әсер етпейтін заңнамаға өзгерістер енгізуді ұсынады. Бірақ бұл қару-жарық бизнесі мен аң аулаудың барлық инфрақұрылымын толыққанды дамытуға көмектеседі. Менің ойымша, халықаралық тәжірибені зерделеу және қару-жарақшылар үшін жойғыш және терроризмге қарсы күрес үшін пайдасыз шараларды қайта қарау қажет»,-деп атап өтті қазақстандық «Қорамсақ» қару-жарақ қауымдастығының вице-президенті Сергей Катнов.

Сондықтан да әуесқойлар арасындағы турнирлер ойын-сауық және спорттық қызығушылық үшін ғана емес, дейді ұйымдастырушылар. Сонымен қатар, аң аулау мен спорттық ату – бұл бір, ал адамдардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету – тұтас кешенді шара. Және бұл мүдделер бір-біріне зиян келтірмеуге тиіс.

«Бізге әртүрлі жағдайлар бойынша қару иелерінен көптеген өтініштер келіп түседі. Бұл жағдайды біз «Атамекенмен» бірге қалыпты өркениетті арнаға келтіргіміз келеді», - дейді Сергей Катнов. 

Жарысқа қайта оралсақ. журналистердің бір тобы жарыс алаңында бақсынап жатыр, екінші топ стендтік атудан Қазақстан ашық кубогының үшінші кезеңіне дайындалып жатқан кәсіби спортшыларды бақылауда. Үшінші бір топқа Қазақстанға тұңғыш рет келген үнді командасы  шеберлік сағатын өткізді.

«Турнирдің маңызды қорытындыларының бірі- 60 қатысушы соңғы уақытта қарудың қауіп-қатері, қылмыс және ол неғұрлым аз болса, соғұрлым қоғам үшін пайдалы болады деген пікірден құтылғандығы.  Турнир қатысушылары мен көрермендер азаматтық қару дұрыс қарым – қатынаста және тиісті бақылауда - бұл тамаша демалыс, көптеген жағымды эмоциялар, салауатты өмір салтына баулу, қызықты хобби және ең бастысы, қауіпсіздік»,-деп түйіндеді «Қорамсақ» қазақстандық қару-жарақ  қауымдастығының вице-президенті.

Турнирдің қорытындысында жеңімпаздар марапатталды, қатысушыларға «Арсенал» астаналық аңшылық дүкенінен естелік сыйлықтар табыс етілді.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер