astana-view

ЕЭК Алқасы өңдеу өнеркәсібінің дамуын шектейтін 12 кедергіні анықтады

2019 жылғы 17 Қаңтар
6978 просмотров

Еуразиялық экономикалық комиссияның алқасы 2018 жыл ішінде Еуразиялық экономикалық одақтың жүйе құрушы өнеркәсіптік кәсіпорындарына жыл сайынғы мониторинг және талдау нәтижелері туралы баяндаманы (ары қарай – (Баяндама) мақұлдады.

Баяндама ЕАЭО мемлекеттернінен алынған ақпарат негізінде жасалған. Тараптар шешімімен жүйе құрушы кәсіпорындарға жасалған сауалнама анкета толтыру форматында жүргізілді, оны мүше мемлекеттер өздері жүзеге асырды.

 Жүргізілген мониторингтің нәтижелелері Одақ шеңберінде өнеркәсіптік ынтымақтастықты дамыту үшін ЕАЭО ортақ нарығында, сонымен қатар үшінші елдердің нарықтарында өнеркәсіптік тауарлардың қозғалысына кедергілерді анықтауға бағытталған.

ЕАЭО мүше мемлекеттеріндегі өңдеу өнеркәсібінің айтарлықтай маңызды, ірі 689 өнеркәсіптік кәсіпорны жағдайында жасалған  мониторинг шеңберінде 12 әлеуетті кедергі анықталды, бұл кедергілер Комиссия алаңында Одақтың қарастырылған құқығы тәртібінде Тараптармен қаралатын болады.

  Өнеркәсіп үшін бәсекелесікті шектеу мен әкімшілік реттеу айтарлықтай түйткілді мәселе болып тұр. Аталған салаларда 5 әлеуетті кедергі анықталған.

Баяндамада көрсетілген анықталған кедергілерді жою бойынша ұсыныстар мыналарды қамтиды:  

  1. Электронды цифрлық қолтаңбаны өзара тану мақсатында нормативтік-құқықтық базаны біріктіру;
  2. ҚҚС процедурасын оңтайландыру;
  3. Кәсіпорындарға ЕАЭО нарықтары жайында ақпаратпен қамту және шетелде өнімді ақпараттық сүйемелдеу бойынша қолдау көрсету;
  4. Мүше мемлекеттерден тауарларды ЕАЭО ортақ нарығына жеткізуде кедендік транзит процедурасын оңтайлантыру.

Еншілес ұйымдар

Серіктестер