astana-view

Жаңа Заңға «Атамекеннің» қандай ұсыныстары енді?

2019 жылғы 24 Қаңтар
1901 просмотров

Мемлекет басшысы меншік құқығын қорғауды күшейту, төрелік, сот жүктемесін оңтайландыру және қылмыстық заңнаманың одан әрі ізгілендіру мәселелері туралы Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды. Аталған Заңды ҚР Әділет министрлігі әзірлеген болатын

Осыған дейін Заңның негізгі тармақтары туралы жазған болатынбыз. Заңда ескерілген «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасының нақты ұсыныстарына тоқталып кетелік.

Кәсіпкерлік субъектілері арасында кеңінен таралған заңды тұлғаның ұйымдастырушылық-құқықтық формаларының бірі – жауапкершілігі шектеулі серіктестігі. Басқарудағы қарапайымдылық, жарғылық капиталдың ең төменгі мөлшері және табысты қатысушылар арасында бөлуді жылына бір рет жүргізу. Осылайша аталған ереже кәсіпкерлік субъектісінің алынған табысқа жеке мүліктік құқықты толыққанды иемденуді шектейді.                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                     

 Осы ретте азаматтық заңнама таза табысты құрылтайшылар/ қатысушылар арасында жасалған келісімшарт негізінде бөлу мүмкіндігін қарастырады, сәйкесінше табысты бөлу жиілігі бір мерзімге байлана алмайды.

Аталған проблема қабылданған Заңда шешімін тапты – енді қатысушылар аланған таза табысты жыл қорытындысы бойынша ғана емес, сонымен қатар тоқсан сайын, жарты жыл сайын бөлісе алады.  

 Екінші кейс «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасы жүргізіп келе жатқан Мәселелер тізіліміндегі проблеманы шешуге қатысты.

 Проблеманың мәні егер қатысушы – атқарушы өндірісі бойынша борышкері бар болса да, заңды тұлғаны қайта тіркеу мүкіндігінің болмауы. ҚР «Заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеу және филиалдар мен өкілдіктерді есепке алуды тіркеу туралы» Заңының 11-бабының негізінде тіркеуші орган мемлекеттік тіркеу жасаудан бас тарту туралы (жарғылық капиталды ұлғайту, қатысушылардың біреуін алып тастау) бұйрық шығаратынына байланысты кәсіпкерлер жиі шағым түсіре бастады, өйткені бұл заңды тұлғалардың кейбір қатысушылары атқарушы құжаттар бойынша борышкерлер болып табылады. Осы ретте бас тартулар қарызы жоқ адамдарға да шығарылған, бұл әділетсіз әрекет.

 Заңның 11-бабындағы нормасы шын мәнінде ҚР Азаматтық кодексіның 44-бабына кереғар болды, онда заңды тұлғаның құрылтайшысы (қатысушы) немесе мүлігінің иесі оның міндеттері бойынша жауап бермей, ал заңды тұлға құрылтайшының немесе мүлігінің иесі міндеттемелері бойынша жауап бермейді делінген.

 Осыған байланысты аталған жұмысты реттеу қорытындысы бойынша мүдделі мемлекеттік органдар осы проблеманы шешуге мүмкіндік беретін түзетулерді енгізді.

Енді заңды тұлғаларды, филиалдарды мемлекеттік тіркеуден және қайта тіркеуден бас тарту, жаңа құрылтайшылар / қатысушылар және (немесе) акцияны иеліктен шығарғандар атқарушы құжатқа сәйкес борышкерлер болып табылатын, шаруашылық серіктестіктеріндегі құрылтайшылардың (қатысушылардың) құрамы өзгерген жағдайда ғана жүзеге асатын болады.

 Мұндай норма, пайымдауымызша, ақылға қонымды, өйткені кез келген шектеулер тікелей борышкердің өзіне ғана қатысты болуы  керек.

 Заңның мәтінімен «Атамекен» сайтының «Бизнес және Заң» бөлімінде  немесе мына сілтеме арқылы танысуға болады.

 


Еншілес ұйымдар

Серіктестер