astana-view

Кәсіпкерге жер берудегі «шырғалаң»

2019 жылғы 24 Ақпан
9624 просмотров

Жер беру- қазақстандық кәсіпкерлер үшін көкейкесті мәселенің біріне айналған. Кәсіпкерлер жер учаскелерін сатып алғанымен, кешенді жоспарларын жүзеге асыруға бірден кірісіп кете алмайды. Неге?

Жасыратыны жоқ, берілген жер учаскелерінің егжей-тегжейлі жоспарлау жобалары мен инженерлік желілердің болмауынан бұл кең таралған проблема ретінде қалып отыр, -дейді ҚР кәсіпкерлерінің құқықтарын қорғау жөніндегі уәкіл Болат Палымбетов.

Бизнесмен жағдайды шешу үшін түрлі мекемелердің табалдырығын тоздырып, өз сұрақтарына жауап күтіп жүргенде жер учаскесін пайдалану мерзімі өтіп кетеді.

Нәтижесінде бизнесмен шырғалаңға тап болады. Себебі: әкімдік кәсіпкерге  нормативтік мерзімде игеру мүмкін емес жер учаскесін ұсынады, және кейін оны уақытында игермегені үшін әкімдік кәсіпкерден ол жерді алып қояды.

Егер ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлер үшін Жер кодексінде жер учаскесі пайдаланылмайтын деп танылатын нақты жағдайлар белгіленген болса, құрылысқа арналған жерлер үшін мұндай баптар белгіленбеген.

Сонымен қатар, қолданыстағы Жер кодексі «игеру»  ұғымына түсінік бермейді. Ол сондай-ақ сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы заңнамада да жоқ. Неліктен? Ал осы бір сөздің айналасында көптеген қиындықтар туындайды.

Бұдан басқа, жерді мәжбүрлеп алып қою тәртібі құрылысқа арналған учаске кәсіпкерге, меншік иесіне байланысты емес жағдайлармен нысаналы мақсаты бойынша пайдаланылмаған жағдайларды көздемейді.

Сондықтан, осы тұйық шеңберді шешу үшін және бизнесмен жерді уақтылы игеруі үшін, сондай-ақ Кодекстің 92-бабын дұрыс түсіндіру және қолдану үшін «игеру» ұғымын заңды түрде анықтау қажет. Ол үшін жер учаскесін нысаналы мақсаты бойынша пайдалану анықталатын критерийлерді белгілеу қажет.

Сондай-ақ қазіргі Жер кодексіндегі соңғы елеулі өзгерістер туралы да айта кеткім келеді.

2018 жылы Елбасы жергілікті атқарушы органдар берілген жер учаскелері туралы барлық ақпаратты ашық түрде (әкімдіктердің сайттарында, интернет-ресурстарда, БАҚ-та), сондай-ақ ұсыну негіздерін, нысаналы мақсатын және т. б. көрсете отырып, алған учаскелердің тізімін орналастыруға міндетті, деп нақты жазылған жер заңына енгізілген өзгерістерге қол қойды.

Ал 2019 жылғы 21 қаңтарда Қазақстан Республикасы Президенті меншік құқығын қорғауды күшейту, төрелік, сот жүктемесін оңтайландыру және қылмыстық заңнаманы одан әрі ізгілендіру мәселелері бойынша заңға қол қойды.

Енді осы Заңға сәйкес, жер учаскелері мемлекеттік қажеттіліктер үшін нарықтық құнға сәйкес алынатын болады. Сонымен қатар, мемлекет пайдасына алынған жер учаскесінің орнына меншік иесіне тең құнды жер учаскесін беруге байланысты шығыстарды әкімдіктер көтереді. Заң осы жылдың 2 ақпанынан күшіне енді.

Бұл өзгерістер кәсіпкерлердің шағымдарын және жер қатынастарындағы сыбайлас жемқорлық деңгейін төмендетеді деп сенемін.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер