astana-view

«Бастаумен» кәсіп бастаған арулардың белсенділігі қандай?

2019 жылғы 07 Наурыз
1793 просмотров

Небәрі 2 жыл ішінде ауыл-аймақта тиімділігін көрсеткен «Бастау» жобасына қызығушылық жоғары

Естеріңізге салсақ, «Бастау» жобасы «Еңбек» Нәтижелі жұмыспен қамту және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған бағдарламасы аясында жүзеге асуда. Өткен жылы жоба ауқымы екі есеге артып, алғаш рет елдегі барлық аудан, облыс орталықтары мен моноқалалар қамтылды.  «Бастау» жобасы бойынша былтырғы жылы 160 аудан мен 40 қалада 28 345 адам оқу курстарына қатысып, 7,7 мыңы кәсіп ашып, бизнесін кеңейтті. Ал  жобаға 2017 жылы қатысқандардың 95%-ы кәсіпкерлікпен айналысып, бюджетке салықтық түсімдерді арттырып отыр.

Жобаға қатысқан қыз-келіншектер де белсенеділіктерін көрсетті. 2018 жылдың қорытындысы бойынша «Бастау» жобасымен 28 345 адам оқудан өтті. Оның ішінде 12 439 адам – әйелдер. 2018 жылы жобаны аяқтаған 7692 адам кәсіп ашып, немесе бизнестерін кеңейтті. Оның ішінде қыз-келіншектердің саны 3014 адам.

Кәсіп бастауға деген мұндай белсенділік «Атамекен» ҚР ҰКП жанынан құрылған Іскер әйелдер кеңесінің рөлі орасан. Кеңестің облыс орталықтары, аудандардағы филиалдары бар. Онда кәсіби мамандар ауылдағы белсенді әйелдерге кеңес беріп, кәсіп ашу, идеяны бизнеске айналдыру бойынша кеңес беріп, стартаптарға сүйемелдеу көрсетеді. Іскер әйелдер кеңесі – ауыл, аудандағы әйелдерге кеңес көрсетумен қатар ел ауқымында ірі шаралардың бастамашысы. Мәселен, биыл «Атамекен» ҚР ҰКП Іскер әйелдер кеңесі және «Әйелдер кәсіпкерлігін қолдау қоры» бірлесіп, «ALTYN OIMAQ» киім дизайнерлерінің ұлттық байқауын өткізіп жатыр. «ALTYN OIMAQ» байқауына өзінің шығармашылық жұмыстарын ұсына алатын Қазақстанның кез келген азаматы қатыса алады.

2018 жыл қорытындысы бойынша, бизнес дамуына әйелдердің қосып отырған үлесі жылдан-жылға артып келеді.  Қазақстандағы жеке кәсіпкерлердің 47%-ын әйелдер құрайды, заңды тұлғалардың 26%-ы, шаруа қожалықтарының 19%-ы қыз-келіншектер басқаруда.

Әйелдер арасында «Бастау» жобасына қатысудағы айтарлықтай белсенділік Ақтөбе (1396) және Алматы (1334) облыстарында байқалған. Ал ең төмен көрсеткіш Жамбыл (515) және Түркістан (516) облысында тіркелген.

«Бастау» жобасы бойынша кәсіп ашу және бизнесті кеңейтуде Шығыс Қазақстан облысының әйелдері белсенділік танытқан, онда 310 әйел кәсіпкерлікті дөңгелетіп отыр. Екінші орында Ақтөбе облысы (300), үшінші орында – Қостанай облысы (295).

Әйелдер қолға алған стартаптар қызмет көрсету саласынан бастап мал шаруашылығына дейін экономиканың түрлі салаларын қамтиды.

Мәселен, өзгеше бизнес ретінде Ақмола облысы Есіл қаласының тұрғыны,  жас кәсіпкер Русинова Надежданың қолға алған бизнесін айтуға болады. Надежда Русинова «Бастау» жобасына қатысып, 2018 жылдың желтоқсан айында қызкеліншектерге арналған «JOY Jumping» фитнес орталығын ашқан.

«Кәсіпкер болуды армандадым. Жастайымнан бимен айналыстым. Уақыт өте келе фитнес саласы қызықтырды. «Бастау» жобасына қатысып, іскерлік бағытқа шындап кірістім. «Атамекен» Кәсіпкерлер палатасының менеджерлері бизнес-жоспар құруды үйретті, жан-жақты кеңес беріп, жобаға сүйемелдеу көрсетті. Нәтижесінде, кәсіп бастауға мемлекеттік грантты алдым. «JOY Jumping» фитнес орталығының иесімін», – деді Надежда Русинова.

Көктем келісімен қыз-келіншектер, әйелдер мерекесіне орай әдемі және сымбатты болғысы келеді. Осы кезеңде түрлі диетелар мен фитнес бағдарламаларының науқаны басталады. Диеталардың өздері ғана тиімсіз болып жатады, ал спорт жаттығулар, таңертең тұрып жүгіру, басқа да спорттық жаттығулар көп адамға физикалық тұрғыда ауыртпалық әкеледі. Жаттығулыр жасауға көңіл-қош болмай жатады.

Ал фитнес-жампинг – әдемі музыка ырғағының сүйемелдеуімен батут үстінде секіру арқылы физикалық форманы қалпына келтіру, оңай арықтау бағдарламасы. Жампинг фитнес – батут үстіндегі фитнес бір мезгілде физикалық әрі эмоциялық әсер алудың тиімді жолы. Бұл бірегей фитнес түрін чех отбасы Яна Свободова және Томас Бурьянек ойлап тапқан. Ерлі-зайыптылар үйде тұрған батутқа, тұтқа жасап, жаттыққан. Уақыт өте келе мұндай көңілді жаттығулар тамаша нәтижес көрсеткен, сырттан сұраныс пайда болды.

«Әзірге жампинг оратылығы қаламызда жалғыз. Қыз-келіншектер тарапынан қызығушылық жоғары. Қаңтар айының өзінде 65 адам арықтады. Бір ай ішінде ең жоғары көрсеткіш – 5 келі және бел тұсында – 6 см-ге дейін көлем кеткен», – деді Надежда.

«Бастау» жобасы биыл наурыз-сәуір айларында  өңір-өңірде бірінші лекке өтінімдерді қабылдауды бастады. Қазірдің өзінде бизнес сауаттылықты кеңейту, кәсіп ашу, бизнес бастауға жеңілдікпен несие алуға ниетті жандардың қарасы қалың.

 Әлия Кемелбекова

 


Еншілес ұйымдар

Серіктестер