astana-view

Жетісудың сан қыры

2019 жылғы 02 Мамыр
12816 просмотров

Алматы облысы тұрақты әлеуметтік-экономикалық серпіні бар өңірлердің бірі. Бүгінде дәл осы облыс аграрлық-индустриялық аймақ ретінде танылып келеді

 Облыстағы кәсіпкерліктің өсуі айтарлықтай артқан – 2018 жылдың қорытындысы бойынша шағын және орта кәсіпкерлік субъектілердің саны 115,6 мың бірлікті құрады, бұл 2017 жылмен салыстырғанда 5,2%-ға артық көрсеткіш.

 Сонымен қатар 2015 жылдан бастап облыста байырғы кәсіп қант қызылшасы шаруашылығы жандана бастады. Жүргізілген жұмыс арқылы қант қызылшасының егістік алқаптары 3,8 мың гектардан 2015 жылы 11,2 мың гектарға ұлғайтылды, яғни алғаптар шамамен 3 есе артты! Былтыр рекордтық көрсеткіш – 441 мың тонна өнім алдынды.

 Қызылша шаруашылығымен қатар жүгері өсіру белсенді дамып келеді. Жүгері өсірумен 2500 субъект айналысады, сондай-ақ ауыл шаруашылығы техникасымен қамтылған 2 сервистік-дайындау орталығы құрылған.

Бұдан бөлек, өңірде бау-бақша шаруашылығы да серпінді даму үстінде. Бақтардың жалпы ауданы 17,8 мың гектарды алып жатыр, 2018 жыл ішінде алынған өнім көлемі 126 мың тоннаны құрап, 177,7% өсуді көрсетті.

 Мал шаруашылығы және құс шаруашылығында да тұрақты өсу байқалуда. Қазіргі таңда өңірде 77 сүт фермасы бар, бұл дегеніміз 16,8 мың бас ірі қара. Сонымен қатар 2013 жылмен салыстырғанда құс етін өндіру 123,8%-ға артқан.

Дәл өсі өңірден шетелде танымал «Бомба», «Бахрома» және «Мишка на полюсе» атты балмұздақтарды «Шин Лайн» компаниясы өндіріп шығарады. Осы өңдіруші Қытайға балмұздақты экспорттайтын алғашқы қазақстандық компания атанды.

 Қаптамасында made in zhetysu таңбасы бар тауарлар танымал брендке айналғанын атап өткен жөн. Бұған ҚР Президентінің «Алтын Сапа» сыйлығын алу байқауының нәтижелері дәлел бола алады.

Жер жәннаты - Жетісу

 Алматы облысында бизнесте айтарлықтай перспективалы бағыт – туризм саласы бар. Облыс туризм саласында үлкен әлеуетке ие, бұл – «Жер жәннаты Жетісу» атты әйгілі мекен. Қазақстанның туристік ағыныңың үштен бір бөлігі Алматы өңіріне тиесілі.

Бай мәдени мұра, көрікті табиғат және туризмнің барлық түрін дамытуға болатын мүкіндігі  – осы өңірдің бәсекелік артықшылығы.

2018 жылғы 9 айдың қорытындысы бойынша Алматы облысында орналастыру орындарымен 721,4 мың туристке қызмет көрсетілді. Көрсетілген қызмет көлемі 8,7 млрд теңгені құрады, бұл 2015 жылмен салыстырғанда 2 есе жоғары көрсеткіш. Осы ретте облыс көрсетілген қызмет көлемі бойынша республикалық көлемнен 11% көрсеткішпен Астана мен Алматыдан кейін үшінші орында тұр. Қызмет көрсетілген қонақтар саны бойынша да облыс 3 орында тұр. Туристік ағынның 17%-ы Алматы облысына тиесілі.

 Облыс аумағында инфрақұрылымдық туризмнің 729 объектісі жұмыс істейді: 189 қонақүй, 185 мейман үйі және аңшылық үйі, 250 демалыс база және аймағы, 31 сауықтыру лагері мен шипажай, 67 демалыс үйі, 7 басқа да нысан бар.

Бұдан бөлек, әйгілі Google, Яндекс іздеу жүйелері және Youtube бейнехостингтердің сұратымдарын талдай келе, Қазақстанда баруға болатын демалыс аймақтың озық ондығының бес нысаны (Шарын шатқалы, Қайынды, Көлсай, Үлкен Алматы көлі, Алакөл көлі) Алматы облысында орналасқанын байқауға болады.

Көлік қатынасы және шетелдік үлгілерден еш кем түспейтін демалыс аймақтарын салып, Алакөл көлінің жағалауын мақсатты дамыту арқылы туризмнің дамуы ілгеріледі. Көл жағалауында ұшу-қону жолағын реконструкциялау, жағаны нығайту жұмыстары, сонымен қатар сумен жабдықтау және кәріз құбырларын салу жоспарланған. Туристерді жаппай тарту мақсатында Алакөл көлінің үлгісінде туристік нысандарға көлік қатынасын қамтамасыз ету бойынша шаралар қабылдануда.

 Сонымен қатар тау кластерін құру бойынша жұмыс басталды, «Oi-Qaragai – Lesnaya Skazka» атаумен алғашқы тау-шаңғы паркі ашылды. Жобаға салынған жеке инвестициялардың сомасы – 30 млрд теңгеден асты. Тау кластері шеңберінде Шарын шатқалы инфрақұрылымын дамытудың мастер-жоспарын әзірлеу жоспарланған. Оның жүзеге асуы Ұйғыр ауданындағы қайнарлар, Көлсай көлі және «Қорғас» шекара маңы ынтымақтастық халықаралық орталығындағы туримзді дамыту арқылы қарастырылып отыр. Жоба шеңберінде экологиялық, тау-спорт, оқиғалы, этно-мәдени және бизнес-туримзді дамыту көзделген.

 «Атамекен» ҚР ҰКП Төралқа Төрағасы Тимур Құлыбаев туризмге басымдық беру қажеттілігін атап өткен болатын. Туризм индустриясы – шағын және орта бизнес пен қызметтер көрсету саласының толыққанды қанат жаюы үшін нағыз мүмкіндік, себебі кәсіпкерлік ресурсты тартуға әлеуеті жетеді, қомақты қаржы салуды қажет етпейді әрі жұмыс орындарын құруда жетекші орын алады.

«Туризм – қарапайым заттар экономикасының нақты мысалы. Туристік саланың әлеуеті инфрақұрылымды жақсарту, өңірлерді дамыту және халықты жұмыспен қамту сияқты әлеуметтік-экономикалық мәселелерді шешуге мүмкіндік береді. Бұл – шағын және орта бизнестің әлеуетін қолдануға болатын әрі қолданылуы тиіс сала», – деді «Атамекен» басшысы.

Ұлттық палата Алматыда және Алматы облысында туристік саланы жандандыруды  мақсатында бар инфрақұрылымды: Шымбұлак –  Медеу – Бутаковка – Лесная сказка – Алматауды бір тау кластеріне жаяу маршруттармен және арқан жолымен біріктіруді, осылайша қыдыру, серуендеу, демалу циклын түрлендіруді ұсынды. Алма-Арасан шатқалы мен Үлкен Алматы көлінде өте жақсы демалуға болады, мұнда жаппай демалу үшін инфрақұрылымды дамыту қажет.

Үлкен бизнес-шаңырақ

Өңірде кәсіпкерлердің бастамалараын қолдау бойынша белсенді жұмыс жүргізілуде. 2017 жылдың қараша айында Талдықорған қаласында өңірде алғашқы толық форматты Кәсіпкерлерге қызмет көрсету орталығы ашылды (КҚКО).

Кәсіпкерлерге қызмет көрсету орталығы Өңірлік кәсіпкерлер палатасы, жұмыс істеп тұрған бизнес-инкубатор және отандық тауар өндірушілер көрмесі жанында Көрме кешені ғимаратында орналасқан.  

 Кәсіпкерлерге қызмет көрсету орталығында сервистік қызметтермен қатар электр желілері, сумен жабдықтау, газбен жабдықтау және жылумен қамту жүйелеріне қосылу бойынша техникалық шарттарды беру қызметі көрсетіледі.

 Бұдан бөлек, Кәсіпкерлерге қызмет көрсету орталығы жанында Өңірлік мемлекеттік-жекеменшік әріптестікті дамыту орталығы қызмет көрсетеді, аудан орталықтары және ауыл округтерінің кәсіпкерлеріне арналған онлайн-қызмет көрсету енгізілген. Кәсіпкер ӨКП-ның аудандық немесе қалалық  филиалында болып, бейне байланыс арқылы онлайн режимде қажет кеңес түрін ала алады.

Сервистік қызмет көрсетуді толығымен автоматтандыру жүзеге асырылды. Қазіргі таңда онлайн қолдау кәсіпкерлердің 873 өтінімі бойынша көрсетілді. Сервистік қолдау шеңберінде 4 286 клиентке 5 074 қызмет көрсетілген. Сонымен қатар 2018 жыл ішінде кәсіперлер және кәсіпкерлік әлеуеті бар азаматтарға ақпараттық қызмет көрсету бойынша 15 994 клиентке 19 582 қызмет көрсетілді.

 2018 жылдың мамарында ҚР Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаев Талдықорған қаласындағы Кәсіпкерлерге қызмет көрсету орталығына барып,  жергілікті бизнес-қоғамдастықпен кездесті. Елбасы өңірдің бірегейлігі мен облыстың агроөнеркәсіп кешені дамуына ерекше назар аударды.

  Халықтық жоба – Бастау

Алматы облысының тұрғындары айтарлықтай бастамашыл. Бұған халықтық жоба «Бастаудың» нәтижесі дәлел. 2018 жыл ішінде жоба облыстың барлық аудандары мен қалаларын қамтыды.

 Қатысушылар саны жоспарланған көлемнен екі есеге артып түсіп, 3361 адамды құрады, 2,5 млрд теңгеге 916 жоба қаржыландырылды.

 «Бастау» жобасын жүзеге асыру арқылы жұмыссыз және өзін-өзі қамтыған азаматтар жеке кәсібін ашып, 6% несие алуға мүмкіндік алды.  Осындай мүмкіндікті көп балалы ана, бизнес ханым пайдаланды. Жас кәсіпкер Ділдана Бөкей Сарқан ауданының Бірлік ауылында жылыжай ашты. Заманауи жылыжайдың аумағы 500 шаршы метр. Осылайша бұл – аудандағы ең ірі кәсіпкерлік нысандарының біріне айналды. Осы жерде жыл он екі ай  қызанақ, қияр және т.б. көкөніс өсіріледі.

 Жоба бойынша 2019 жылы 1500 адамды оқыту, ең кемі 300 жобаны қаржыландыру көзделген. Аталған сандар нақты емес, өйткені өтінім бергендердің барлығы оқуға қабылданады. Сондай-ақ, облысқа микро несиелеуге 4,7 млрд теңге бөлінген.

 Естеріңізге салсақ, биыл ҚР Тұңғыш Президенті тапсырмасы аясында жастарға басымдық берілмек. Биылғы жоспарланған 15 мың ауыл тұрғынын оқытумен қатар, жұмыссыз жүрген 40 мың ауыл жастары «Бастау» жобасына қатысатын болады. Белгіленген мақсаттарды орындау  бойынша жоспарлармен  «Атамекен» ҚР ҰКП Төралқа Төрағасы Тимур Құлыбаев айтқан болатын.

 «Бастау» жобасынан бөлек өңірде Ұлттық кәсіпкерлер палатасының басқа да жобалары іске асырылып жатыр. «Іскерлік байланыс» жобасымен 80 қатысушы оқытылды, ал «Аға сеньор» құрауышы бойынша шетелдік әріптестердің қатысуымен 4 миссия орындалды. «Бизнес-Кеңесші» жобасына 846 адам қатысты.

 Жалпы консультациялар мен кәсіпкерлердің жобаларына сүйемелдеу көрсету нәтижелері бойынша – 971 адам кәсіпкерлік субъектісі ретінде тіркелді, 107 кәсіпкер бизнесін кеңейтті, ал 1 139 клиент қаржыландыру алды (Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қоры, Агронесие корпорациясы, екінші деңгейлі банктер, мемлекеттік гранттар). Осылайша 1 394 жұмыс орны ашылды.

 Әйелдер кәсіпкерлігі

Облыста 114 200 кәсіпкерлік субъектісінің 48 070 бірлігін (42%) әйелдер басқарады.

 2018 жылдың өзінде бизнесті қаржылай емес қолдау шеңберінде «Бастау» жобасымен 1497 әйел кәсіпкерлік негіздеріне оқыды. Жалпы сомасы 369,1 млн теңге көлемінде қыз-келіншектер қолға алған 208 жоба қаржыландырылды.

 «Атамекен» ҚР ҰКП жобасы – Әйелдер кәсіпкерлігі  шеңберінде Қазақстанның Халық банкі арқылы жалпы сомасы 22 млн теңгеге 3 ірі жоба қаржыландырылды.

 Бұдан бөлек «Бизнестің жол картасы-2020» бағдарламасы аясында несие мөлшерлемесін субсидиялау түрінде 23 кәсіпкер әйел жалпы несиелік сомасы 763 млн теңге көлемінде мемлекеттік қолдауды алды.

 Өңірде Іскер әйелдер кеңесі ауқымды жұмыс атқаруда. Бүгінде Іскер әйелдер кеңесі қатарында 400 қыз-келіншек бар. Олардың қатарында табысты бизнес-ханымдармен бірге қоғам қайраткерлері, қоғамдық ұйымдар өкілдері, облыстық, аудандық және қалалық  маслихаттардың депутаттары, «Нұр Отан» партиясы жетекшілерінің орынбасарлары, БАҚ және «Жетісу» ТРК өкілдері бар. Кеңес қызметінің маңыздылығы және күн санап, бизнеспен айналысқысы келетін әйелдердің саны артып келе жатқанын ескере отырып, Іскер әйелдер кеңес жоспарлы түрде бірнеше бағыт бойынша жұмыс атқаруда. Біріншіден, Кеңес кәсіпкерлердің өтінімдері және шағымдарының негізінде бизнес-ортаға анализ жүргізу бойынша белсенді жұмыс атқарып келеді. Екіншіден, Іскер әйелдер кеңесінің мүшелері жүйелі негізде күрделі, тығырықты жағдайдан шығу үшін тәжірибелік ұсынымдар бойынша жұмыс жүргізеді.

  Бизнесті қорғау

Кәсіпкерлердің құқықтары мен мүдделерін қорғау мәселелері бойынша Алматы облысы Кәсіпкерлер палатасының маңызды рөлін атап өткен жөн.

 Өңірлік кәіпкерлер палатасының қызметкерлері және өңірлік кеңестің мүшелері түйткілді мәселелрді анықтау және талқылау, сондай-ақ оларды шешу бойынша көмек көрсету мақсатында облыс аудандары және қалаларының кәсіпкерлерімен кездесу  өткізеді.

2018 жылдың ішінде Кәсіпкерлер палатасына қорғауға қатысты 365 өтінім келіп түсті (2017 жылы – 311). Оның ішінде 194 өтінім оң шешім тапты. 2018 жылы бизнестің мүддесі 701,2 млн теңге көлемінде қорғалды. Сондай-ақ былтыр 35 әкімшілік кедергі анықталды.

 Палатаға 2014 жылдан бері келіп түскен өтінімдерді (барлығы 2591 өтінім) саралайтын болсақ, онда шағымдардың 71,5%-ы кәсіпкерлердің пайдасына шешілген.

 Өңірлік кәсіпкерлер палатасы бұл жетістіктермен тоқтап қалмайды. Бизнес өкілдері және жергілікті атқарушы органдармен бірге ӨКП әлеуметтік мәселелерді шешу жұмыстарына белсенді қатысуда.

 

 


Еншілес ұйымдар

Серіктестер