astana-view

Зияткерлік меншік және бизнес

2019 жылғы 01 Маусым
6744 просмотров

Авторлық құқықты қайда тіркеуге болады? Әзірлемеге патентті қайдан алуға болады? Жеке тауар белгісін қалай заңдастыру керек?

Осындай сұрақтар кәсіпкерлерді бер рет болса да мазалағаны белгілі. Жауабы біреу – осы мақсатта Ұлттық зияткерлік меншік институты жұмыс істейді.

ҚР Әділет министрлігінің «Ұлттық зияткерлік меншік институты» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны зияткерлік меншік саласында сараптамалық қызметті жүзеге асыратын ұйым.

 Ұлттық зияткерлік меншік институты  ҚР Үкіметінің 2002 жылғы 11 шілдеде № 756 қаулысына сәйкес құрылған және Қазақстан Республикасы Президентінің 1992 жылғы 23 маусымда № 806 «Қазақстан Республикасы Министрлер кабинеті жанында ұлттық патенттік ұйымы туралы» жарғысымен құрылған ұлттық патенттік ведомствосының жұмысын жалғастырушы болып табылады.

Оның бас кеңсесі Нұр-Сұлтан  қаласында орналасқан, сонымен қатар Алматы қаласында филиалы жұмыс істейді.

Институт зияткерлік меншік объектілеріне, нақтырақ айтқанда, әзірлемелер, пайдалы модельдер, тауар белгілері, тауарлардың шығу орындарының атауы, өнеркәсіптік үлгілер, селекциялық жетістіктер, интегралды микросхемалардың топологиясы, авторлық құқыққа қорғау құжаттарын беру өтінімдеріне сараптама жүргізеді.

Институт ресми бюллетеньде зияткерлік меншік объектілерін тіркеу туралы ақпаратты жариялау, Қорғау құжаттардың мемлекеттік тізілімін жүргізу, оларды беруге дайындау, өнеркәсіптік меншік (лицензиялық келісімшарттар)  объектілеріне құқықтарға билік ету туралы келісімдерді тіркеу, кері шегіну келісімшарттары, кәсіпкерлік кешенді лицензия келісімшарттары (франчайзинг), кепіл келісімшарттарды тіркеуді жүзеге асырады.

 Жұмыс істеу кезеңі ішінде, 1992-2018 жылдары аталмыш ведомство 63 мыңнан астам тауар белгісін, 36 мың әзірлеме, 3509 пайдалы модель, 3357 өнеркәсіптік үлгі, 893 селекциялық жетістік және 66 тауарлардың шығу орнының атауын тіркеген.

Зияткерлік меншігін тіркегісі келетін кәсіпкер Ұлттық зияткерлік меншік институтының ресми сайты www.kazpatent.kz арқылы немесе электронды үкімет порталы www.egov.kz арқылы өтінімді оңай бере алады.

Айта кетелік, 1993 жылдан бастап Қазақстан Зияткерлік меншік жөніндегі дүниежүзілік ұйымның және Еуразиялық патенттік ұйымның мүшесі болды. Осы артықшылық өтінім берушілерге тауар белгілері мен әзірлемелерді халықаралық (Тауар таңбалары жөніндегі Мадрид жүйесі және РСТ Патенттік кооперациясы туралы халықаралық патенттік жүйе) және (Еуразиялық патенттік конвенциясы) өңірлік жүйелерге сәйкес тіркеуге мүмкіндік береді.

 Мәселен, жақында Ұлттық зияткерлік меншік институты «Comic Con» сауда маркасын ресми тіркеді.  

 Бұл комикстер индустриясына арналған және осы танымал өнерге негізделген фестивальді формат. Comic Con алғашқы фестивальді форматы АҚШ-та іске асты. Қазіргі таңда ол комиксті жақсы көрушілер, киномандар, бейне ойындар, мультфильмдер және сериалдарға табынушыларға танымал. Әлемнің көп елінде өтіп жатқан фестиваль комикстердің орасан зор кеңістігі авторларының өз аудитолриясымен кездесуінің дәстүрлі алаңына айналған.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер