astana-view

Мемлекеттік сатып алуларда қандай өзгерістер бар?

2019 жылғы 04 Шілде
- Қарағанды облысы
8889 просмотров

Мемлекетті сатып алуларды өткізу ережелеріне өзгерістер енгізілді. Енді жұмыс, тауар, қызмет түрлерін әлеуетті жеткізушілер қалай жұмыс істейтіні туралы Қарағанды облысы Кәсіпкерлер палатасы Жобаларды сүйемелдеу бөлімінің сарапшысы Байкен Өміртаев айтып берді.


- Байкен, сәлеметсіз бе. Мемлекеттік сатып алулар саласындағы нормативтік-құқықтық құжаттарды зерттеп отыруға бәрінің бірдей уақыты, мүмкіндігі  болмай жатады. Өзгерістер қандай салаларды қамтығанын қысқаша айтып өтсеңіз.


- Барлық өзгерістер әлеуетті жеткізушілердің біліктілігін арттыру және сатып алулар процедураларын оңтайландыруға бағытталған. Осылайша, 1 қыркүйектен бастап тендерлерге қатысушылар қаржылық төзімділікке тексеріледі. Төзімділік төленген салықтар, айналым және негізгі қаражаттың болуы, сондай-ақ еңбекақын төлеу қорының болуы сынды параметрлер бойынша анықталмақ. 


- Байкен, ал ақпарат қалай алынады?
- Бұл ақпарат Мемлекеттік кірістер комитетінің ақпараттық жүйелерінен автоматты түрде жинақталады. Веб-портал байқауға қатысуға өтінім беру алдында үміткерді қаржылық қабілетке тексеріп отырады. Осылайша, мемлекеттік сатып алуларға тиісті айналымы, материалдық және еңбек ресурстары бар компаниялар ғана қатысады.Бірінші кезеңде бұл талаптар құрылыс саласындағы сатып алуларға ғана  қолданылады. Ал процедураларды оңтайландыруға келер болсақ, онда жылдың басында күшіне енген өзгерістерді айта кеткен жөн. Өзгерістерге сәйкес, бір көзден жасалатын сатып алулардың шектік сомасы 100-ден 500 АЕК-ке ( 1 АЕК - 2 525 теңге) дейін өсті.


Бұл шара шағын жұмыс және қызметтер бойынша сатып алуларды жеңілдетеді. Негізінен бұл норма кішігірім бюджеті бар тапсырыс берушілерді - балабақшалар, мектептер, емханалар, ауруханалар, мәдениет үйлері, интернаттарды қамитды. Ауыл әкімдіктерге арнап бюджеттің төртінші деңгейін енгізу шеңберінде шекті мән үш АЕК-ке дейін ұлғайтылды. Бұл норма 2021 жылға дейн ғана жалғасады. Яғни, ауылдық әкімшіліктер қызметкерлері мемлекеттік сатып алулармен жұмыс істеуді үйренгенше қолданыста болады. Ал тендерлерді 1000 АЕК-ке дейін бағалық ұсыныстарды сұрату әдісімен  жүргізуде тапсырыс беруші фирмалық аталымды белгілеу құқығына ие болады. Осылайша сапалы тауар сатып алуға мүмкіндік жасалмақ.


Байкен, белгілі болғандай, сатып алулар процестеріне қатысуда ісін адал жүргізетін жеткізушілер  демпинг салдарынан зардап шегеді. Бұл мәселе қалай шелуде?
- Тауар, жұмыс және қызметтің барлық түрлері бойынша ережелермен 20%-дық демпинг белгіленеді. Бұған белгілі бір тармақтардағы ( ережелердің 174, 175, 175-1, 176 тармақтары) көрсетілген жұмыс, қызметтер жатпайды.
Енді егер байқаулық бағалық ұсыныстар 20%-дан төмен көрсетілсе, онда жеңімпаз жеткізушілер қамтамасыз ету түрінде демпингке қарсы соманы құюға міндеттеледі. Егер жеткізуші міндеттемелерін орындамаса, онда жеткізушіні "қара тізімге" қосу үшін сотқа жүгінудің қажеттілігі болмайды. Мұндай компанияны вер-портал байқаудың сенімсіз қатысушысы деп автоматты түрде таниды.
Егер іс сотқа дейін жететін болса, мемлеттік қатысуымен АҚ және ЖШС түріндегі кәсіпорындар талап арыз бойынша салық төлеуден босатылады.


-Байқау жүргізуде қатысушылар тарапынан жалған ақпарат беру жайттары кездеседі. Осы үдеріс бақылауға алына ма?
-Жаңа ережерге сәйкес, мұндай бұзушылық мемлекеттік сатып алуларға жосықсыз қатысушылар тізіліміне енгізуге негіз болады. Сатып алулар өтуін негізсіз шағым түсірумен күрес жүргізілуде. Ол үшін өтінімді қамтамасыз ету төлемін жасамаған әлеуетті жеткізушілерге өз бәсекелестерінің құжаттарын қарауға тыйым салынады.  Бұдан бөлек, биылдан бастап байқау құжаттамасын алдын ала талқылауға қатыспаған компаниялардың шағымдары қаралмайды.


Қандай тағы жаңашылдықтар бар?
-Бірінші шілдеден бастап алдын ала біліктілік іріктеумен байқау әдісін кең қолдану бөлігінде түзетулер күшіне енеді. Мұндай тендерлер тауар, жұмыс және қызметтің бес түріне дейін ғана жүргізіледі. Бұл құрылыс-монтаждау, жиһаз, жеңіл өнеркәсіп тауарлары, бағдарламалық қамтамасыз ету және электорнды өнеркәсіп өнімдері, сондай-ақ, "электронды үкімет" цифрландыру объектілерін дамытуды құру бойынша қызметтер.


- Сонымен қатар 1 шілдеден бастап индустриялық сертификат сатып алуларда міндетті құжаттар қатарына енді. Толығырақ айтып өтсеңіз.
-Шарттар бойынша жеткізушілер жиһаз және жеңіл өнеркәсібі өндірушілерге, сондай-ақ, информатизацияны құру және дамыту қызметтерін орындаушыларға берілген Ұлттық кәсіпкерлер палатасының Индустриялық сертификатын беруге міндетті.


Мұндай шара құрылыс жұмыстарының сапасын арттырады, өйткені сатып алуларда  білікті әрі өзін жақсы жағынан танытқан компаниялар ғана қатысады. Сондай-ақ, демпинг сомалары енгізілуде. Құрылыс-монтаждау жұмыстары бойынша 10 пайыз шек қойылған, техникалық-экономикалық негіздемені жобалау және жобалық-сметалық құжаттама, сондай-ақ техникалық қадағалау қызметтері бойынша 15%  белгіленген. Жобаларды кешеді ведомстводан тыс сараптама қызметі бойынша бағаларды төмендету мүлдем жасалмайды. Өз кезегінде тапсырыс берушілерді жобалық-сметалық құжаттаманың жылдық есебінде 30 пайыз мөлшерінде аванс көрсетуге міндеттейді. Жалған немесе толық емес ақпараттың соңы әкімшілік жазаға әкеледі.


- Кейде кәсіпкерлерге сатып алулар саласындағы өзгерістерді уақтылы бақылап отыруға қажетті білім немесе мүмкіндік жетпей жатады. Бұл мәселеде Палата қалай көмектеседі?
- Кәсіпкерлер палатасы жанынан Тендерлік кәсіпкерлік клубы құрылғанын атап өткім келеді.Клуб жиындарында сатып алу процедуралары, өткізуді ұйымдастыру және тендерлерге қатысу, контрактіні орындау, күшін жою, камералық бақылау ерекшелігін талқылаймыз. Ең бастысы жаңашылдықтар талқыланады.Сонымен қатар Қарағандыда барлық өкілетті органдардың қатысуымен тендерге қатысуды түсіндіру жөнінде форум өтті. Мұндай практика жалғасатын болады. Клуб кездесулері түрлі форматта өтеді. Жиын білікті сарапшылардың қатысуымен айына бір рет өтеді. Қатысу - тегін. Семинарға b.umertayev@atameken.kz арқылы тіркелуге болады.


-Әңгімеңізге рахмет.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер