astana-view

Жаңа индустриялық бағдарлама – дамудың жаңа бағдары

2019 жылғы 22 Шілде
14168 просмотров

Қазақстан Республикасының ұлттық саясатына сәйкес елдің индустриялық дбағыттағы қалыптасу мәселесі  – экономика дамуындағы басымдықтардың бірі және халықтың әл-ауқатын жақсартудың жолы ретінде анықталған

Ел алдында тұрған міндеттерді жүзеге асыру мақсатында ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі («Қазақ индустрия және экспорт орталығы» АҚ) 2020-2025 жылдарға индустриялық-инновациялық дамудың мемлекеттік бағдарламасының жобасын әзірледі.

 Осыған дейін қабылданған 2020-2025 жылдарға Индустриялық-инновациялық дамудың мемлекеттік бағдарламасының тұжырымдамасына (ҚР Үкіметінің 2018 жыл 2 желтоқсандағы №846 қаулысы) сәйкес бағдарлама жобасына экономикалық дамудың экспортқа бағдарланған моделіне, атап айтқанда өңдеу өнеркәсібіне (шикізатты емес сектор)  баса назар аударылған.

Естеріңізге салсақ, жоба ұсынған қолдау шаралары кәсіпорындардың 4 шартты тобына бөлінген:

  • «жаңа индустриялық ойыншылар»; 
  • «мықты шеп»;
  • «өсу драйверлері»; 
  • «салмақты орталықтар».

Әзірлеушінің бағалауы бойынша анағұрлым сұранысқа ие құралдар қарастырылған: сыйақы мөлшерлемесін 3%-ға дейін субсидиялау, халықаралық сертификаттауға шығандарды өтеу, жеткізу пунктіне дейін тасымалдау шығындарын өтеу, «салықтық несиелер», сарпшылық несиелеу және тағы басқа.

 Бұдан бөлек, жоба 8 бағыт бойынша өңдеу өнеркәсібін дамытуды ынталандыру бойынша бірқатар жүйелі шаралар қарастырады (техникалық реттеу, инвестициялық ахуал, экспортты ілгерілету, технологиялық және цифрлық инфрақұрылым, интеграция, ішкі нарық және мамандар). 

Ұлттық заңнамаға сәйкес 2020-2025 жылдарға индустриялық-инновациялық дамудың мемлекеттік бағдарламасының жобасы мемлекеттік бағдарламада бизнестің мүддесін барынша қарастыру мақсатында  «Атамекен» ҚР ҰКП сараптамасына жіберілетінін атап өткен жөн. Бұл шара, өз кезегінде бағдарламаны жүзеге асыруда нәтижеліліктің кепілі болмақ.

Бизнес өкілдерінің  2020-2025 жылдарға индустриялық-инновациялық дамудың мемлекеттік бағдарламасы жобасымен жан-жақты танысуы үшін Іс-шаралар жоспары жобасы, Мемлекеттік бғдарламаның бекітілген тұжырымдамасы және әзірлеушілердің таныстырылымы Ұлттық кәсіпкерлер палатасының ресми сайтында жарияланған.

 Барлық сұрақтар бойынша «Атамекен» ҚР ҰКП Өңдеу өнеркәсібі департаментіне хабарласуды сұраймыз, тел: 8 (7172) 919-360; электронды пошта: t.arystanova@atameken.kz.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер