astana-view

BASTA: клиент қажеттілігі туралы ойлау керек!

2019 жылғы 12 Тамыз
6111 просмотров

Мұндай жалпы кеңесті жас кәсіпкерлерге тәжірибелі бизнесмендер берді

 ARTA Software Басқарма Төрағасы Болат Башеев, «Gas energy» жанармай станциялары компаниялар желісінің коммерциялық директоры Мұрат Мәуленбеков және Елорда көлікшілер қауымдастығының төрағасы Медет Құрманов  «Жас кәсіпкер» жобасы шеңберінде BASTA алаңында жастарға өздерінің тәжірибелері туралы, сонымен қатар ІТ-саласы, жанармай сату және такси нарығында бизнесті қалай бастау туралы ақпарат берді.

Болат Башеев 2005 жылы студент кезінде бизнес ашқан. Оның айтуынша, оған алты қарындасы мен бауырын асырау керек болған. Ол қосымшаларды жазып, сайттарды әзірлеген. Алғашқы екі жыл ішінде шығын көп болды және қызметкерлер еңбек инспекциясына ол еңбекақыны төлеймейді деп арыз жазған.

«Мен табиғатымнан интровертпін, өзім үшін мынадай эксперимент жасадым – күніне 5-6 кездесу өткізіп, өз қызметімді ұсынуды шештім. Осылайша бір жыл ішінде мен 2600 кездесуге қатыстым, ал тапсырыстар саны небәрі 6 бірлік болды. Ос тұста құндылық не екенін түсіндім. Өзіңнің қажеттілігіңді емес, клиентің туралы, ол нені қалайтыны туралы ойлану керектігін түсіндім. Осы тұтса көп нәрсе өзгерді», – деді Болат Башеев.

Оның айтуынша, ол тіпті қыздармен кездесуге барғанда да: «Мен программиспін, егер мүмкіндік болса, құрбыларыңа айт», дейтін.

Бүгінде Болат Башеевтың командасында 3,5 мың адам жұмыс істейді, көбісі аутсорсингте еңбектенеді. Оның тәжірибесі адамдармен қашықтықтан жұмыс істеу, егер жұмысты ұйытып отыратын мега-басқарушы болса, ыңғайлы екенін көрсетті.

 «Орта есеппен 10 аусторсинг ішінен сізді алтауы «лақтырып» кетеді. Соның ішінде тағы үшеуі телефонды бірден көтермейді, сіз енді келісіп жатқанда тағы екеуі жұмысты орта тұста тастайды, ең соңғысы жобаны өткізерде жоқ болады. Үдерісті жолға қою үшін түсіну керек», – деді Болат Башеев.

 Мұрат Мәуленбеков қазіргі жастардың сауаты мен белсенділігіне тәнті болды. Ол өзінің бала кезінде ауылда қалай шыныққаны туралы әңгімеледі. Ауылда балалар таңғы алтыда тұрып, ата-анасына көмектесетін.

 «Үш балам бар, соларға қарап, олар ұйқыны, серуенді жақсы көретіндерін байқаймын. Менің ойымша, күнде той секілді асыр сап жүру, уақыт өлтіру дұрыс емес, әсіресе бұл ерге жараспайтын іс-әрекеттер. Өз тәжірибемнен білерім, бір нәрсеге қол жеткізу үшін еңбек ету керек», – деді кәсіпкер.

 Мұрат Мәуленбеков Президенттің күзет қызметінде жұмыс істеген, содан кейін теміржол саласында еңбектенген. Қазіргі таңда ол «Gas energy» жанармай станциясы компаниялар желісінің коммерциялық директоры.

Өз кезегінде Медет Құрманов бизнесте 15 жыл жұмыс істеп келе жатқанын айтты. «Жебе» жеке таксомоторлы компанияның ашуынан бастаған. Уақыт өте келе саладағы әлемдік трендтерді назарға ала отырып, жұмыс істеу тәсілін өзгерту керектігін түсінеді.

 «Такси нарығында көп компаниялар 2-3 жылдан соң кетіп жатқанын түсіндім, өйткені бизнес тиімділігі аз, тәуекелі көп, реттелмейтін сала. Осы ой бірігу идеясына итермеледі. Осылайша алдымен қара-сары түсте бірыңғай бренд пайда болды, кейін таксидің бірыңғай қызметі жолға қойылды», – деді Медет Құрманов.

 Спикердің айтуынша, бұл салада мемлекеттік органдармен тығыз байланыс боулы шарт, өйткені көлік саласы жолаушылардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін көп мақұлдауды талап етеді.

 «Естеріңізге салсақ, Нұр-Сұлтан қаласында «Жас кәсіпкер» жобасы бойынша екінші лекке іріктеу жүріп жатыр. Қатысуға өтінімді Республика даңғылы 24, «Парасат» БО 2 қабат мекенжайы бойынша бере аласыздар, анықтама телефоны: 1432 (бірыңғай байланыс орталығы) және 91-90-87. Курсты сәтті аяқтағандарға сертификат беріледі. Сертификат грант неме жеңілдікпен несие алуға құқық береді», –  деп атап өтті Нұр-Сұлтан қаласы Кәсіпкерлер палатасының директоры Алмат Жүнісов.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер