astana-view

Қазақстан мен Грузияның бизнес-омбудсмендері ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды

2019 жылғы 14 Қазан
7340 просмотров

Тбилиси қаласында  Бәсекелестік саласындағы саясат жөніндегі 3-ші халықаралық конференция өтті

Конференция аясында Қазақстанның бизнес-омбудсмені Болат Палымбетов пен Грузияның бизнес омбудсмені Иракли Ликвинадзе меморандумға қол қойды.

Мемлекеттердің ұлттық заңнамасын дұрыс қолдану үшін консультативтік-құқықтық көмек көрсету, ғылыми-тәжірибелік конференцияларға, семинарларға және өзге де іс-шараларға қатысу қарастырылған.

Қазақстан әлемнің көптеген елдерімен ынтымақтастықта. Қазақстандық кәсіпкерлер көптеген елде бизнес жүргізуде.

Қазақстандық статистика мәліметтеріне сәйкес, Қазақстан мен Грузия арасындағы тауар айналымының көлемі 2018 жылы 87 млн долларды құрады, 2017 жылмен салыстығанда 34,6%-ға артық (64,6 млн АҚШ доллары).

"Біз өзара қарым-қатынастарымызды кеңейтуге мүдделіміз. Кәсіпкерлердің құқықтарын қорғау жөніндегі жұмыста одан әрі тиімді және жемісті ынтымақтастық орнатамыз деген үміттеміз.

Грузия мен Қазақстанның бизнес-омбудсмендері арасындағы ынтымақтастық іскерлік және экономикалық байланыстарды дамытуға, Грузия мен Қазақстанда бизнес жүргізу үшін қолайлы жағдай жасауға ықпал ететініне сенімдімін", – деп, атап өтті Болат Палымбетов.

Өз кезегінде, Иракли Ликвинадзе тараптардың қарым-қатынасындағы тың серпінді атап өтті.

"Қазақстан мен Грузия арасындағы экономикалық қатынастар серпінді, қазақстандық бизнес Грузияда белсенді, тиісінше Қазақстандағы грузиялық бизнес те барынша белсенді жүріп жатыр. Грузия мен Қазақстанның бизнес-омбудсмендері арасындағы белсенді меморандум және белсенді коммуникация екі мемлекет арасындағы іскерлік позицияны одан әрі нығайта түседі", - деген пікірде Грузия аумағында кәсіпкерлердің құқықтарын қорғау жөніндегі уәкіл.

Естеріңізге сала кетейік, Қазақстанның бизнес-омбудсмені Ресей мен Өзбекстанның бизнес-омбудсмендерімен өзара көмек және ынтымақтастық туралы келісімге қол қойған болатын. Үш елдің бірлескен күш-жігерімен қазақстандық, сондай-ақ ресейлік және өзбек кәсіпкерліктерінің бірнеше субъектілерінің құқықтары қорғалды.

 


Еншілес ұйымдар

Серіктестер