Агроөнеркәсіп кешені комитет
Комитет дауыс беру құқығын иеленген 14 салалық қауымдастықтан (одақтардан), сонымен қатар дауыс құқығын иелене отырып, келесі салалармен ұсынылған 14 кеңесшілерден құралған: мал шаруашылығы (ет-сүт өндірушілер одағы, сүт өнімдерін шығарушылар одағы, құс өсірушілер одағы, шошқа өсірушілер қауымдастығы, мал дәрігерлері қауымдастығы, Қазақстан ара өсірушілер одағы); өсімдік шаруашылығы (қазақ мақта қауымдастығы, ҚР-ның картоп өсірушілер қауымдастығы, астық одағы, май өнеркәсіптік кәсіпорындар қауымдастығы, Қазақстандық өсімдікті қорғау құралдарын өндірушілер қауымдастығы); аралас (несиелік серіктестік қауымдастығы, Қазақстан фермерлері қауымдастығы, тұтынушылық кооперациялар одағы) салаларынан құралған.
«Атамекен» ҚР Ұлттық кәсіпкерлер палатасының сұрақтары бойынша шоғырланған және келісілген ұстанымын әзірлеу және сараптама жасау Комитет міндетіне кіреді:
1. АӨК саласындағы мемлекеттік саясатқа тұжырымдамалық тәсілдемелер;
2. АӨК сұрақтары бойынша заңнаманы жетілдіру;
3. ауыл шаруашылық саласындағы заңнамалық және (немесе) ұйымдастырушылық шешімді талап ететін басым мәселелерді анықтау;
4. АӨК дамыту бойынша мемлекеттік органдардың бағдарламалық құжаттарын әзірлеуге және оны жүзеге асыруға қатысу;
5. ауыл шаруашылық мәселелерін мемлекеттік органдардың қатысуымен шұғыл шешу мақсатында аграрлық нарық субъектілерінің мәселелерін шоғырландыру;
6. халықаралық ұйымдармен және компаниялармен ынтымақтастықты нығайту.