astana-view

Туристік сала комитеті

ЯКУПБАЕВА ЮЛИЯ КОНСТАНТИНОВНА

Комитет төрағасы

Туристік сала комитеті 2013 жылы қазан айында құрылған. Комитет құрамына 12 қауымдастықтан 60 өкіл кіреді (дауыс беру құқығымен – 23 адам; кеңесші дауыс құқығымен – 37 адам). Қазірде Комитетте 8 салалық қауымдастық аккредиттеуден өткен. Комитет Ұлттық палатаның туристік саласын дамытумен байланысты мәселелер бойынша міндеттерін шешу үшін бизнес-қоғамдастықтың мемлекеттік билік органдарымен тиімді әрекеттестігі мақсатында құрылған.

Комитет міндеттеріне мына мәселелер бойынша Ұлттық палатаның келісілген ұстанымын талдау және жасау кіреді:

  1. туристік саланы дамыту саласында мемлекеттік саясатқа тұжырымдамалық тұрғыдан келу;
  2. туристік саланы дамыту мәселелері бойынша Қазақстан Республикасы заңнамасын жетілдіру;
  3. туристік саланы дамыту саласындағы заңнамалық және (немесе) ұйымдастырушылық шешуді талап ететін басымдылықты түйткілдерді белгілеу;
  4. туристік саланы дамыту бойынша мемлекеттік органдардың бағдарламалық құжаттарын дайындауға және жүзеге асыруға қатысу;
  5. халықаралық ұйымдармен және компаниялармен ынтымақтастықты нығайту.

Еншілес ұйымдар

Серіктестер