astana-view

Инвестициялардың рентабельділігін зерттеу агенттігі

Нұр-Сұлтан қ., 010000, Есіл ауданы, Қабанбай батыр даңғылы, 19-үй, Д-блогы
Тел.: +7 (7172) 72 87 27
Сайты: http://www.cred.kz/
 

«Инвестициялардың рентабельділігін зерттеу агенттігі» (бұдан ары – ИРЗА) жауапкершілігі шектеулі  серіктестігі 2015 жылдан «Атамекен» Қазақстан Республикасы Ұлттық кәсіпкерлер палатасының құрылымына кіреді.

ИРЗА миссиясы – қызмет тұтынушыларына дамудың анағұрлым перспективті бағыттарын, өңірлердегі бәсекелі басымдықтарды күшейтуді, экономикалық даму аясын кеңейтуді, халықаралық қатынасты, сонымен бірге қосымша сараптамалық құралдар мен функционалды мүмкіндіктерді алуды стратегиялық жоспарлау мен сараптауды жетілдіруде көмек көрсету. 

ИРЗА-ның басты міндеттеріне қоғам игілігіне бағытталған зерттеу, аналитикалық және кеңес беру (консалтингтік) қызметтерін көрсету жатады.

Жарғыға сәйкес ИРЗА-ның қызмет түрлері:

  • Зерттеу, сараптамалық, ақпараттық-сараптамалық қызметтер;
  • Кеңес беру қызметтерін (консалтингтік) көрсету;
  • Семинарлар, тренингтер, шеберлік сыныптар, форумдар, конференциялар, дөңгелек үстелдер, кеңестер және т.б. ұйымдастыру және өткізу;
  • Сараптамалық және ақпараттық шолуларды, анықтамалық және өзге де материалдарды даярлау;
  • Сараптамалық және өзге де зерттеулерді орындау;
  • Ақпараттық графикалық өнімдерді жасап шығару және даярлау;
  • Қаржылық және (немесе) экономикалық сараптаманы өткізу;
  • ҚР заңнамасында тыйым салынбаған өзге де қызмет түрлері.

ИРЗА қызметінің негізгі бағыттары:

1. Мына мәселелер бойынша аналитикалық қамсыздандыру:
  • мемлекеттің экономикалық, бюджеттік және фискальді мемлекеттік саясаты бойынша;
  • мемлекеттік активтерді басқаруға қатысты;
  • бірігу бастамалары, ұлттық қауіпсіздік және әлеуметтік саясат;
  • халықаралық ынтымақтастық;
  • әлемнің түрлі өңірлерінің, мемлекеттер бойынша, сонымен қатар салалық көрсеткіш бойынша даму мәселелері;
  • халықаралық саяси-экономикалық жағдайлар;
  • салалық даму;
  • ел дамуының өзге де әлеуметтік-экономикалық салаларына қатысты.
2. Тұтынушылардан бастап нарық пен экономика салаларына дейін әлеуметтік және маркетингтік зерттеулер жүргізу
3. Статикалық ақпараттық графикадан жылдық/маусымдық есептерге дейін ақпараттық визуалдандыру
4. Қызметке ақпараттық қолдау көрсету, оның ішінде контрагенттің қызмет ерекшелігіне қарай ақпараттық дайджесттермен тұрақты қамтамасыз ету, дәстүрлі БАҚ пен интернет-кеңістікке материалдар орналастырып, оны алға жылжыту, көпшілікке арналған іс-шараларға ақпараттық қолдау көрсету.     
 

ИРЗА өз қызметін ҚР Конституциясына, оған сәйкес ҚР заңнамасына, ҚР өзге де нормативті актілеріне, ҚР бекітілген халықаралық шарттарға, Республиканың Конституциялық Кеңесі мен Жоғарғы Сотының нормативті қаулыларына, «Инвестициялар рентабельділігін зерттеу агенттігі» ЖШС Жарғысына сүйене отырып жүзеге асырады. 

ИРЗА құрылымы

Құрылымдық жағынан ИРЗА Дирекциядан, Әкімшілік-қаржылық қызметтен, Өңірлік зерттеу қызметінен, Салалық зерттеу қызметінен, Жобалық талдау қызметінен және ақпараттық-сараптамалық қолдау қызметінен тұрады. 

Еншілес ұйымдар

Серіктестер