«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Біз туралы
Қаз

Департаменттер

Atameken Business

Бизнес-күнтізбе

.

Көрмелер кестесі

Базалық салалар және экология департаменті

Темірханов Талғат Кеңесұлы

Басқарушы директор - департамент директоры

t.temirkhanov@atameken.kz

Экология департаменті ҚР «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасының құрылымдық бөлімшесі болып саналады және тиісті Басқарма мүшесіне қарайды. Департамент өзіне қатысты мәселелер бойынша барлық кәсіпкерлік субъектілерімен, заңды тұлғалар бірлестіктерімен, ҚР ҰКП құрылымдық бөлімшелерімен және мемлекеттік мекемелермен өзара байланыс орнатқан.

Экология департаментінің негізгі міндеттері келесідей:

  • заңнамалық және нормативтік-құқықтық актілерді жасау мен сараптауға қатысу;
  • экология саласы бойынша басты мәселелерді шешу жолында кәсіпкерлік субъектілері мен қауымдастықтардың (одақтардың) бірлескен пікірін (ұстанымын) әзірлеу;
  • кәсіпкерлік субъектілерінің экология саласындағы құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау;
  • кәсіпкерлік субъектілері мен олардың қауымдастықтарының (одақтарының) экология саласындағы мәселелер бойынша мемлекеттік мекемелермен тиімді байланысын ұйымдастыруға атсалысу;
  • экология саласындағы кәсіпкерлік бастамаларды жүзеге асыру үшін жайлы құқықтық, экономикалық және әлеуметтік жағдай қалыптастыруға көмектесу. 

Серіктестер