Кәсіпкер әйелдерге арналған «Umay Boost» оқу бағдарламасына өтініштерді қабылдау басталды
НҰР-СҰЛТАН, Қазақстан, 22 тамыз 2019 жыл
«MamaSpace» жеке қоры және «Pipl» нетворкинг-бюросы Umay Boost оқу бағдарламасының екінші ағымына қатысуға өтінімдерді қабылдау басталғаны туралы хабарлайды.
Бағдарлама бизнестегі көшбасшы әйелдерді дамытуға, қазақстандық әйел кәсіпкерлердің әлеуетін ашуға және олардың бизнес стратегияларын кеңейтуге бағытталған.
Umay Boost - бұл толықтай өндірістен тыс өткізілетін 3 модульден тұратын 3 айлық білім сапары (көшбасшылық, бизнес ойлауды кеңейту, энергияны басқару тақырыбындағы 3 трансформациялық модуль). Жоба өзінің ерекше көшбасшылық жолын дамытқысы келетін, өзінің дағдыларын, таланттарын, мүдделерін жинақтап, іскерлік әлемде өзін-өзі тану үшін әдіснамалық және жүйелік шешімдер алғысы келетін, сондай-ақ қалыптасқан операциялық тәртіпке тыс көзбен қарап келесі 3 жылға бизнесті дамытуды жоспарлағысы келетін әйелдерге арналған.
Umay Boost Қазақстанда Chevron компаниясының қолдауымен әлеуметтік сипатта жүргізіледі: әйелдер конкурстық іріктеуден өткеннен кейін тегін қатысады.
Оқу бағдарламасының алғашқы ағымы 2019 жылдың сәуір-мамыр айларында өтті. Жобаға әртүрлі кәсіпкерлік саладан барлығы 16 кәсіпкер әйел қатысты. Оқу барысында олар өздерінің жеке бизнес стратегияларын дайындады және игерген әдістер мен құралдарын өз кәсіпорындарында қолдана бастады.
«Бағдарлама кәсіпкерлерге жаңа деңгейге өтіп, компанияның мақсаттарын анықтауға, бизнес-модель құруға көмектеседі. Қатысушылар - менеджерлер мен бизнес иелері - дәл осы мақсатта осы жерге жеке және кәсіби тұрғыдан өсу үшін келді. Бағдарламаға қатыса отырып, біз білім алдық және алған біліміміздің нәтижесі өзімізге байланысты болады деп ойлаймын», - дейді Майра Карыбаева, бірінші ағымның қатысушысы, «12 месяцев» дүкенінің директоры.
Жобаға Қазақстанның түкпір-түкпірінен жеке меншік кәсіпорындардың иелері мен басшылары қатыса алады.
Қатысу және іріктеу шарттары, бағдарламаның бірінші ағымының нәтижелері туралы жобаның ресми сайтынан – boost.umay.be толығырақ оқыңыз.
Байланысушы тұлға: Махаббат Садвакасова + 7 777 001 21 07
Email: sadva.makka@gmail.com , mamaspace.kz@gmail.com
«Шеврон» корпорациясы – дүниежүзіндегі ең ірі біріктірілген энергетикалық компаниялардың бірі. Оның еншілес кәсіпорындары күллі дүниеде өз бизнесін жүргізіп отыр. Біз шикі мұнай мен табиғи газды геологиялық барлау, өндіру және тасымалдау; көлік отыны мен майлау материалдарын қайта өңдеу, өткізу, және тарату; мұнайхимия өнімдерін өндіру және сату; келешекке қуат өндірумен айналысамыз. «Шеврон» Қазақстандағы алдыңғы қатарлы жеке меншік мұнай өндірушісі және елдегі ең ірі екі кен орны – Теңіз және Қарашығанақ жобалары акцияларының едәуір бөлігіне ие. Сондай-ақ, «Шеврон» Каспий құбыр желісі консорциумының ең ірі жеке меншік акционері, сонымен қатар, Атыраудағы полиэтилен құбырлар және құбыр қақпақшалары зауыттарының иесі.
«Pipl» нетворкинг-бюросы - Қазақстандағы кәсіби нетворкингті оқыту саласында қызмет көрсететін алғашқы консалтинг агенттігі. Агенттік әртүрлі көлемді іскерлік шаралар барысындағы нетворкинг-белсенділікті әзірлеуге және өткізуге маманданған (www.networking.kz).
«MamaSpace» жекеменшік қоры – Астанадағы бейкоммерциялық ұйым, негізгі бағыты - бизнестегі қазақстандық әйелдерге арналған ақпараттық-оқу бағдарламаларын ұйымдастыру және қолдау (www.mamaspace.kz).