astana-view

ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ТАУ-КЕН МЕТАЛЛУРГИЯ КОНГРЕСІ 1-2 МАУСЫМДА ҚАЗАҚСТАН АСТАНАСЫНДА ӨТЕДІ

01 Маусым 2023 - 02 Маусым 2023

13-ші Халықаралық тау-кен металлургия Конгресі Astana Mining & Metallurgy – АММ 2023 – 1-2 маусым аралығында 2023 жылы, Астана қаласындағы Hilton Astana қонақ үйінде өтеді.

AMM 2023 дәстүрлі түрде Конгрес пен тау-кен және металлургия кәсіпорындарының инновациялық ұсыныстарының көрмесімен ұсынылады..


 

AMM КӨРМЕСІ

Бүгінгі таңда көрмеге Қазақстан, Қытай, Франция, Ресей, АҚШ, Финляндия, Жапония және Швейцариядан 35-тен астам компания қатысады.

Көрме келушілерге мемлекеттік сектор өкілдерімен және Қазақстанның жер қойнауын пайдаланушыларының көпшілігімен іскерлік қарым-қатынас жасау үшін кеңейтілген мүмкіндіктер береді, b2b форматында ТМК компанияларымен кездесулердің сапалы желісін қамтамасыз етеді.

Көрмеге қатысу үшін сілтеме бойынша AMM2023NPP промокодымен онлайн тіркелу қажет https://amm.kz/ru/poluchite-bilet-na-vystavku


 

АММ ФОРУМЫ

2023 жылғы Конгресстің негізгі тақырыбы: «ТМК ТҰРАҚТЫ ДАМУЫНА АРНАЛҒАН ЖАСЫЛ ТЕХНОЛОГИЯЛАР».

Еуропалық Комиссияның Вице-президенті Марош Шевчович, CRIRSCO Президенті, VALE Вице-президенті Эдсон Рибейро, «YDA Group» директорлар кеңесінің төрағасы Хусейн Арслан, Zijin Mining Chen Jinghe Басқарма Төрағасы, Сыни минералдар қауымдастығының (Ұлыбритания, Лондон) негізін қалаушы Джефф Таусенд, S&P жетекші талдаушысы, Global Commodity insights Джейсон Холден, DENA Неміс энергетикалық агенттігінің бас атқарушы директоры Андреас Кулман және басқалар АММ 2023 Конгресінде спикерлер ретінде сөз сөйлейді.

Панельдік сессиялар барысында сарапшылар өздерінің орнықты даму тәжірибесі, жобалар мен жоспарлар, өнеркәсіпті көміртексіздендіру және Қазақстанмен жасыл технологиялар және сыни минералдар саласындағы ынтымақтастық туралы сұрақтарға жауап береді.

Форумның толық бағдарламасымен мына сілтеме бойынша танысуға болады https://amm.kz/ru/forum/programma-foruma

➡ Барлық іскерлік оқиғаларға қол жеткізе отырып, делегат пакетін сатып алу бойынша:

Olga.Remorenko@iteca.events


 


 


 


 

АЛТЫН ГЕФЕСТ

Жыл сайынғы «Алтын Гефест» салалық байқауы 2 маусымда жаңа жерде өтеді, онда тау-кен металлургия секторындағы үздік өкілдер бірден 15 номинация бойынша құрметті марапаттарға ие болады. Байқаудың тұрақты Бас серіктесі — ERG (Еуразиялық Топ).


 

АРНАЙЫ СЕССИЯ

Алғаш рет ТМК-сала ардагерлерінің қатысуымен мамандандырылған сессия өтеді, онда еңбек сіңірген қызметкерлер жылы достық жағдайда жас ұрпақпен өздерінің көп жылғы жемісті еңбегінің құпияларымен бөліседі. Ұрпақтар арасындағы байланыс пен сабақтастықты баса көрсететін бұл іс-шара жас мамандардың көз алдында сала мамандықтарының маңыздылығын арттыруға ықпал етеді.


 

БОС ОРЫНДАР ЖӘРМЕҢКЕСІ

АММ Конгресінің екі күндік жұмысында Бос орындар жәрмеңкесі өтеді – тау-кен, өңдеу, металлургия компаниялары ең жақсы студенттерге өз командасының мүшесі болуға және нарық көшбасшыларынан жұмысқа орналасуға мүмкіндік береді.


 

Толық ақпарат сайтта amm.kz

Еншілес ұйымдар

Серіктестер