Бизнеске арналған оқу
Кәсіпкерлерге қор нарығы арқылы қаржыландыруды тарту мүмкіндіктері таныстырылады.
Қор нарығы арқылы қаржыландыру тарту мүмкіндігі тақырыбындағы оқу аралас форматта өтеді (офлайн/онлайн).
Оқу 22 қыркүйекте сағат 11:00-де «Атамекен» ҰКП алаңында офлайн өтеді. Мекенжайы Астана қаласы, Қабанбай батыр к., 19 блок Е, 3-қабат Түркістан залында өтеді. Онлайн оқу мына сілтеме бойынша Zoom конференция арқылы өтеді:
https://us02web.zoom.us/j/87359809987?pwd=R2VNY3JackQrdnFHdjNoaWEvQjlPZz09. Конференция идентификаторы: 873 5980 9987. коды: 657713.
Шара ұйымдастырушылары – «Атамекен» ҰКП және «Қазақстан қор биржасы» АҚ (KASE).
Оқу шеңберінде кәсіпкерлер үшін қор нарығы арқылы қаржыландыруды тарту мүмкіндіктері, қаржыландыруды тарту үшін бағалы қағаздар нарығының құралдары және биржада листинг рәсімдері таныстырылады. Сондай-ақ, KASE өкілдері қор биржасында қаржыландыруды алу кезінде мемлекеттік қолдау шаралары мен мүмкіндіктері туралы қызықты сұрақтарға толық жауап береді.
Оқуға қатысу үшін 21 қыркүйек сағат 13:00-ге дейін қатысушылар тізімін (аты-жөні, компания) n.baltabekuly@atameken.kz электрон поштасына жіберуді сұраймыз.
Оқуға қатысты сұрақтар бойынша жауапты маманға хабарласуды сұраймыз:
Нұржан Балтабекұлы, +7(7172) 919-358 (ішкі: 8285), n.baltabekuly@atameken.kz.