astana-view

БҰҰДБ Қазақстанның ауылдық жерлерінің қажеттіліктері үшін биоотын жасап шығару жөніндегі жобаның нәтижелерін таныстырады

11 Желтоқсан 2023

Қазақстандағы БҰҰ Даму бағдарламасы (БҰҰДБ) «Әділ ауысу – Қазақстанның ауылдық жерлеріндегі әйелдердің мүддесі үшін «жасыл» биоотын» жобасының қорытындысын ұсынады. Бұл жоба БҰҰДБ мен Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің бірлескен бастамасы, көмірді біртіндеп ауыстыру мақсатында неғұрлым таза, баламалы отын түрлерін пилоттауға бағытталған. Бастама сондайқ гендерлік аспектіге ие және әйелдердің энергия ресурстарына қолжетімділігін жақсартуға, сонымен қатар олардың құқықтары мен мүмкіндіктерін кеңейтуге бағытталған.

«Атамекен» ҰКП бағалаулары бойынша Қазақстанда отын брикеттерін жасап шығару
 әлеуеті жыл сайын сабаннан 3,5 миллион тоннаға дейін және ағаш өңдеу қалдықтарынан 147,500 тоннаға дейін құрайды. Зерттеу нәтижелері бойынша Солтүстік Қазақстан облысы (СҚО) отын брикеттерін/түйіршіктерін жасап шығару үшін пилоттық облыс ретінде таңдалып алынды. Осы бастама аясында СҚО-дағы екі кәсіпорын қолда бар ауыл шаруашылығы және ағаш қалдықтарынан брикеттер жасап шығаруды іске қосуға гранттар алды. БҰҰДБ гранттары қажетті жабдықты сатып алу және орнату шығындарын ішінара өтеуді көздейді.

СҚО кәсіпкерлері өндірістік желілерді іске қосып әрі халықтың осал топтарына 50 тоннадан астам отын брикеттерін тегін берді.

Спикерлер:

  • Сәуле Молдабаева ханым, ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігінің Стратегиялық жоспарлау және талдау департаментінің директоры;
  • Евгений Хон мырза, БҰҰДБ-ның Қазақстандағы Тұрақты өкілінің кеңесшісі;
  • Себёк Янг мырза, Кореяның Қазақстандағы Төтенше және Өкілетті Елшісінiң өкілi;
  • Айнұр Соспанова ханым, «Әйелдер әділ ауысу үшін» желісінің төрайымы/ «Qazaq Green» ЖЭК қауымдастығының Басқарма төрайымы;
  • Солтүстік Қазақстан облысының кәсіпкерлері – БҰҰДБ грантын алушылары.  

 

Күні: 2023 жылғы 11 желтоқсан,

Орны: Астана қ., Сарыарқа даңғылы, 4, Radisson (Рэдиссон) қонақ үйі, 3-ші қабат

Уақыты: сағат 10.00 – 14.00, сағат 09.00-де қатысушыларды тіркеу, қарсы алу кофе-брейкі

 

БАҚ өкілдерін аккредиттеу мәселелеріне қатысты madina.kakimzhanova@undp.org email арқылы және +77772412312 тел. нөмірі бойынша хабарласуыңызды сұраймыз.

###

 

Біріккен Ұлттар Ұйымының Даму бағдарламасы (БҰҰДБ) кедейліктен туындаған әділетсіздікпен, теңсіздікпен және климаттың өзгеруімен күресетін БҰҰ-ның жетекші ұйымы болып табылады. 170 елдегі сарапшылар мен серіктестердің кең желісімен жұмыс істей отырып, біз адамдар мен планета үшін ықпалдасқан, ұзақ мерзімді шешімдер жасауға көмектесеміз. Біз туралы undp.org сайтынан көбірек біліңіз немесе @UNDP-ге қосылыңыз.

Еншілес ұйымдар

Серіктестер