astana-view

MINEX Қазақстан 14-ші тау-кен-геологиялық форумы АНОНСЫ

17 Сәуір 2024 - 18 Сәуір 2024

Құрметті БАҚ өкілдері!

Сіздерді 17 - 18 сәуір 2024 жылы Астана қаласында өтетін MINEX Kazakhstan 14-ші тау-кен-геологиялық форумына шақырамыз.

 

Қазақстандағы ағымдағы басымдықтар мен тенденцияларды көрсететін Форум «Қоғам мен қоршаған орта игілігі үшін тау-кен өнеркәсібінің тұрақты дамуы» басты тақырыбымен ұйымдастырылады.

Форум 2010 жылдан бастап Қазақстанда министрліктердің, "Атамекен" ҚР Ұлттық Кәсіпкерлер палатасының (бұдан әрі – ҰКП), халықаралық ұйымдардың, қазақстандық және шетелдік тау-кен компанияларының, технологиялық және консалтингтік компаниялардың, банктердің, биржалардың, институционалдық және жеке инвесторлардың, жоғары оқу орындарының, салалық қауымдастықтардың және т. б. басшыларының қатысуымен жыл сайын өткізіліп келеді.

ҰКП іс-шараны ұйымдастыруға және өткізуге қатыса отырып, Minex форумының стратегиялық серіктесі болып табылады. Алдағы форум шеңберінде тау-кен-металлургия саласын дамыту мәселелеріне, сондай-ақ жергілікті өндірістік әлеуетті арттыруға бағытталған Қазақстан Республикасы Үкіметінің "Қазқұрамдау 2.0" бастамасына арналған пікірталастар өтеді.

Осы жылы ҰКП Minex Қазақстан форумын ұйымдастырушылармен бірлескен жұмысты жалғастырады. Форумда "Атамекен" ҚР ҰКП Басқарма төрағасының орынбасары Бижанова Гульнара Қадіржанқызы баяндама жасауды жоспарлап отыр. Баяндаманың тақырыбы Үкіметтің ТМК-дағы қазақстандық қамту үлесін арттыру және жер қойнауын пайдаланушылар мен тауарларды, жұмыстар мен қызметтерді отандық өндірушілер арасындағы ынтымақтастықты күшейту жөніндегі ағымдағы саясатына байланысты мәселелер болады.

Форум бағдарламасы және спикерлер туралы ақпарат: https://2024.minexkazakhstan.com,

Индустрия жаңалықтары: https://minexforum.com.

Күні: 2024 жылдың 17-18 сәуірі 

Орналасқан жері: Астана қаласы,

Radisson қонақ үйі, «Сары-Арқа»-1 мәжіліс залы

Басталуы: 9:00.

БАҚ аккредитациясы:

WhatsApp (Қазақстан) +7 701 999 5010,

 электрондық пошта: pressoffice@minexforum.com

Еншілес ұйымдар

Серіктестер