astana-view

2024 жылдың 6–7 маусым аралығында, Hilton Astana қонақ үйінде 14-ші Халықаралық Тау-кен металлургия Astana Mining & Metallurgy – AMM 2024 конгресі және көрмесі өтеді.

06 Маусым 2024 - 08 Маусым 2024

ҚАЗАҚСТАННЫҢ ЖАҢА МҰНАЙЫ

2024 жылдың 6–7 маусым аралығында, Hilton Astana қонақ үйінде 14-ші Халықаралық Тау-кен металлургия Astana Mining & Metallurgy AMM 2024 конгресі және көрмесі өтеді. Жылдан жылға АММ Орталық Азиядағы саланың жетекші оқиғаларының бірі болып саналады, онда салалық министрліктер мен қауымдастықтардың көшбасшылары, ұлттық және халықаралық корпорациялардың өкілдері, инвестициялық қорлар мен әлемдік сарапшылар ТМК-ның өзекті мәселелері туралы пікір алмасу және ұзақ мерзімді өзара тиімді ынтымақтастыққа бағытталған мықты серіктестік құру үшін жиналады.

2024 жылғы көрме экспозициясы

AMM 2024 дәстүрлі түрде Конгресс пен ТМК технологиялық шешімдерінің көрмесі ретінде ұсынылады.

2023 жылы көрменің экспозициясына 2 239 бірегей келуші қатысты, оның ішінде 1 497 Конгресс делегаты, ал көрменің экспоненттерінің ішінде 7 елден 36 компания болды. Осы сәтті нәтижелерді ескере отырып, АММ 2024 көрмесі аймақта және одан тыс жерлерде тау-кен металлургия секторының тұрақты дамуы мен өркендеуін қолдауға бағытталған озық тәжірибелермен, инновациялық идеялармен және стратегиялармен бөлісу үшін ауқымды бірегей салалық алаң болуға уәде береді. Екі күн ішінде экспоненттер өз қызметтерімен таныстырып, тәжірибе алмасып, мемлекеттік сектор өкілдерімен және Қазақстанның жер қойнауын пайдаланушыларының көпшілігімен сапалы іскерлік байланыс орнатып, B2B, B2G кездесулер форматында нетворкинг жасайды.

Көрмеге сілтеме арқылы тегін кіруге болады.

Қатысушылар тізімі

АММ 2024 конгресі

2024 жылы конгресстің негізгі тақырыбы болып бүгінгі күні өзекті: «Металдар дәуірі - сын-қатерлер мен шешімдер» тақырыбы таңдалды.

  • «Қазақстандық және әлемдік ТМК үшін трендтер мен өзекті сын-қатерлер: геологиялық барлау, цифрлық трансформация, сирек жер металдары»

  • «ТМК цифрлық даму стратегиясын құру: геологиялық қорларды цифрландыру және зауыттарды жаңғырту»

  • «Күрделі шикізат минералдары – стратегиялық активтер: болашақ минералдарын зерттеу»

АММ конгресі салааралық инвестициялық ынтымақтастықты кеңейтеді, жаңа келісімшарттар жасасуға және қазіргі заманғы сын-тегеуріндерге жауап беретін бірлескен шешімдер әзірлеуге ықпал етеді.

«Алтын Гефест» ұлттық конкурсы

6 маусымда тау-кен металлургиясының үздік мамандары бірден 14 номинация бойынша құрметті марапаттарға ие болады. 2024 жылғы конкурста салалық мамандықтарды одан әрі танымал етуге бағытталған маңызды жаңа еңгізілімдер күтілуде. Жаңалықтың тағы бірі - ол бірқатар номинациялар бойынша жүлделі сыйақылардың өсуі, сондай-ақ Амфитеатр аймағында «Алтын Гефест» конкурсының жеңімпаздары мен номинанттары өздерінің табысқа жету құпиясын ашып, жас ұрпаққа практикалық кеңестер беретін және өз мамандықтарында жоғары нәтижелерге қол жеткізуге көмектескен тәжірибелерімен бөлісетін сессия өтеді. Конкурстың бас серіктесі дәстүрлі түрде – Eurasian Resources Group (ERG).

Толығырақ ақпарат іс-шара сайтында: www.amm.kz

 

Еншілес ұйымдар

Серіктестер