astana-view

Ұлттық экономика министрлігі. Салық кодексі жобасының онлайн-презентациясы мен оны талқылау

20 Маусым 2024 - 21 Маусым 2024

Ұлттық экономика министрлігі мен Қаржы министрлігі бизнеске Салық кодексінің жобасын таныстырады

Жаңа Салық кодексінде ұсынылатын негізгі тәсілдерді баяндау мақсатында ағымдағы жылдың 20 маусымында сағат 15.00-де Ұлттық палата алаңында жаңа Салық кодексі жобасының таныстырылымы болады. Кодекс жобасының таныстырылымы ҚР Ұлттық экономика вице-министрі А.К. Амрин мен ҚР Қаржы вице-министрі Е.Е. Біржановтың қатысуымен өтеді.

Таныстыру барысында мемлекеттік органдар тарапынан салық саясаты мен әкімшілендіру мәселелері талқыланып, бизнес-қауымдастық өкілдерінің уәкілетті мемлекеттік органдардың басшылығына сұрақтарын қоюға мүмкіндіктері  болады.

Салық салу мәселелерінің өзектілігі мен маңыздылығын ескере отырып, Салық кодексі жобасының таныстырылымына белсене қатысуларыңызды сұраймыз.

Іс-шараға ZOOM арқылы қосылуға болады.

ZOOM Конференциясы:

https://zoom.us/j/99394043266?pwd=evhukyxT28mQ9SytRhhlN4iAPesotN.1

Конференция идентификаторы: 993 9404 3266

Кіру коды: 946592

Сондай ақ Ұлттық палатаның әлеуметтік желілердегі парақшаларынан тамашалауға болады:

YouTube: https://youtube.com/@atamekenkz?si=fzBqIHPp92bj9SZv  

Instagram:https://www.instagram.com/atameken.news?igsh=NzMwdndwOTJrNzFm

Facebook: https://www.facebook.com/atamekenkz/

 

Еншілес ұйымдар

Серіктестер