astana-view

Астана қаласында франчайзинг саласында халықаралық көрме өтеді

10 Қыркүйек 2024 - 11 Қыркүйек 2024

2024 жылғы 10 қыркүйекте Астана қаласында франчайзинг саласында халықаралық көрме өтеді.

Мекенжайы: «Wyndham Garden Astana», Хусейн Бен Талал к-сі, 25 үй. Басталуы 9:30.

 

  • Бағдарламаның бірінші бөлімінде франчайзерлер өздерінің бизнес-модельдерін көрсетеді және нарықтағы сұранысқа ие франчайзингтердің кейбіреуін ұсынады.

 

  • Екінші бөлімде танымал спикерлер сөз сөйлеп, мастер-класстар ұсынады, бқл бөлімде көкейкесті құқықтық аспектілер және соңғы маркетингтік трендтер ұсынылатын болады.

 

Тіркелу сілтемесі:

https://franch-region.ru/vystavkifranshiz/vystavkafranshizkazahstan/?utm_source=atamaken&utm_medium=reliz&utm_campaign=Astana#main-form

 

Кейбір компаниялардың тізімі:

  • «Аленка» – кондитерлік дүкендердің желісі.
  • «Круглая мебель»  – кеңсе жиһазы мен интерьерді жалға алуға ыңғайлы қызмет.
  • «Workpace» – процестер мен құжаттарды басқарудың интеллектуалды жүйесі.
  • «X-fit» – әмбебап спорттық-сауықтыру кешендерінің желісі.
  • «BudiGroup» – ПВЗ (тапсырыстарды алу пункттерін) ашуға және басқаруға маманданған компания.
  • «СДЕК» – Ресей мен әлем бойынша мекемелер мен жеке тұлғаларға жүктер мен құжаттарды курьерлік жеткізу.
  • «Fit service» – бүкіл Ресей мен Қазақстан бойынша автосервистер желісі.
  • «Wildberries» – киім, аяқ киім және аксессуарлардың Интернет-дүкені және басқа да компаниялар.

 

Ақпараттық серіктестер: «АТАМЕКЕН» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы, «Іскер Қазақстан» республикалық газеті, «In.City.kz» қалалық сайттар желісі, «Жұлдыз FM» радиосы арнасы және тағы басқалар.

 

Ісшара Ресей Франчайзинг қауымдастығының (РАФ) және Қазақстан Франчайзинг қауымдастығының қолдауымен өтеді.

Еншілес ұйымдар

Серіктестер