«Іскерлік ахуал» тәуелсіз рейтингі»: кәсіпкерлер арасында ІІІ тоқсанға арналған сауалнама басталды
«Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасы «Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы туралы» ҚР Заңының (10-баптың 2-тармағы) негізінде палата өткізетін сауалнамаға кәсіпкерлерді қатысуға сұрайды.
Сауалнаманың мақсаты әрбір жекелеген өңір/аудан экономикасының басым салаларында кәсіпкерлік қызметті жүргізуге жағдай жасау бойынша орталық мемлекеттік және жергілікті атқарушы органдардың жұмыс нәтижелерін бағалау және салыстыру болып табылады.
Зерттеу нәтижелері ел өңірлерінде бизнесті дамытуға бағытталған ұсыныстар әзірлеу үшін пайдаланылатын болады.
Біз үшін әркімнің пікірі маңызды. Сауалнаманың қорытындылары мен нәтижелері ел басшылығы мен Үкіметке толық көлемде жеткізілетін болады.
Сіздің пікіріңіз тыңдалып қана қоймай, нақты іске асырылатынына сендіреміз.
Сіздің пікіріңіздің анонимділігі мен құпиялылығына кепілдік беріледі.
Егер Сіз шағын және микро кәсіпкерлік субъектісі болсаңыз, онда мына сілтеме бойынша өтіңіз: https://invest.eoz.kz/polls/small
Егер Сіз орта кәсіпкерлік субъектісі болсаңыз, онда мына сілтеме бойынша өтіңіз: https://invest.eoz.kz/polls/medium