astana-view

Құрметті БАҚ өкілдері!

12 Ақпан 2025 - 13 Ақпан 2025

Сіздерді Қазақстан Республикасындағы алкогольсіз сусындар мен шырындар саласының қазіргі жағдайы мен даму перспективаларына арналған пікірталасқа қатысуға шақырамыз. Іс-шара барысында сарапшылар мен бизнес өкілдері саланың дамуына әсер ететін негізгі мәселелерді талқылайды.

Күні мен уақыты: 12 ақпан, 15:00
Өтетін орны: Астана қ. (Достық к-сі, 2),
SAAD Hotel Astana, «Балқаш» залы, 2-қабат
Ұйымдастырушылар: «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасы және Қазақстан Республикасының алкогольсіз сусындар мен шырын өндірушілер қауымдастығы

 

Негізгі тақырыптар:

Алкогольсіз сусындар саласына шолу

Нарықтың қазіргі жағдайы: көлемі, динамикасы, негізгі ойыншылар.

Саланың экономикадағы рөлі және оның ЖІӨ-ге қосқан үлесі.

Даму үрдістері мен болашақ перспективалар.

Саланың мәселелері мен сын-қатерлері

Құрамында қант бар сусындарға акциз салығын енгізу мәселесі.

ҚҚС-тың (Қосылған құн салығы) ықтимал көтерілуінің салдары.

Саланың реттелуі шағын және орта бизнеске қалай әсер етуі мүмкін.

Сұрақ-жауап сессиясы

Спикерлер мен аудиторияның қатысуымен ашық талқылау.

БАҚ өкілдері мен қатысушылардың сұрақтарына жауап беру.

Негізгі тақырыптарды талқылау және қорытынды жасау.

 

Спикерлер:

  • Тимур Жаркенов – «Атамекен» ҰКП басқарма төрағасының орынбасары
  • Әлия Мамытбаева – Қазақстан Республикасы алкогольсіз сусындар және шырын өндірушілер қауымдастығы
  • Алтынай Мұратбаева – Ernst&Young
  • Мадияр Кенжебұлат – Best Solution Research

 

Сіздерді іс-шарада күтеміз!

 

Аккредитация және қосымша ақпарат алу үшін:
Наталья Лаухина +7 777 262 7078

Еншілес ұйымдар

Серіктестер