II ХАЛЫҚАРАЛЫҚ «ESE ASIA-2025» КӨЛІК ФОРУМЫ
2025 жылдың 21-23 сәуір аралығында Алматы қаласында, RIXOS Almaty қонақүйінің конгресс-залында II Халықаралық «ESE ASIA-2025» Көлік Форумы өтеді.
Еуразиядағы жаңа көлік дәліздері мен баламалы бағыттар, БРИКС және ЕЭО елдерінің ынтымақтастығы, экономикалық интеграцияны тереңдетудегі көлік пен логистиканың рөлі – бұл саланың ең өзекті мәселелері талқылауды, пікір алмасуды және тәжірибе бөлісуді қажет етеді. Форум алаңында бизнес өкілдері, мемлекеттік құрылымдар, сарапшылар, операторлар мен тасымалдаушылар бас қосып, көлік интеграциясының қазіргі жағдайын, үрдістерін, мүмкіндіктері мен келешегін талқылайды. Бұл – ескі әріптестермен жүздесіп, жаңа серіктестер табуға тамаша мүмкіндік!
«ESE ASIA-2025» бағдарламасы
Форум қатысушылары үшін мазмұнды бағдарлама дайындалды:
21 сәуір
Алматы маңындағы серіктес компаниялардың көлік-логистикалық терминалдарына бизнес-экскурсия.
22 сәуір
Форум күні. Бағдарлама аясында:
Пленарлық пікірталастар,
Контейнерлік нарық көшбасшыларымен диалог,
Кейс-сессиялар мен практикалық ұсыныстар.
Талқыланатын басты тақырыптар: Еуразия елдерінің жаңа бағыттары, олардың өзара байланысы мен тиімділігі, ғаламдық контейнеризация, халықаралық автотасымалдар және мультимодальды логистиканың заманауи шешімдері.
Кешкісін «Qazyna Grand Ballroom» мейрамханасында гала-кешкі ас.
23 сәуір
Форумның екінші күні «Nurtau» гольф-клубында өтеді.
Бизнес-таңғы ас аясында «БРИКС және ЕЭО: сауда мен контейнерлік логистиканың даму келешегі» тақырыбы талқыланады. Одан кейін тақырыптық дөңгелек үстелдер мен гольф ойыны барысында бейресми талқылау жалғасады.
24-25 сәуір
Форумның бас демеушілерінің бірі – PTC Holding компаниясының қолдауымен Қазақстан – Қытай шекарасына («Достық – Алашанькоу») бизнес-тур ұйымдастырылады.
Орындар шектеулі, алдын ала тіркелу қажет!
Форумның басты тақырыптары
- Көлік және логистиканың Еуразия елдері арасындағы экономикалық интеграция мен ынтымақтастықты тереңдетудегі рөлі
- Еуразияда көлік байланысын дамытуға арналған негізгі инфрақұрылымдық жобалар
- Жаңа көлік дәліздерін дамытудағы халықаралық өңірлік кооперацияның рөлі мен мүмкіндіктері
- Заманауи сауда ағындары: трендтер, сын-қатерлер мен перспективалар
- Каспий аймағы – Еуразияның басты көлік торабы
- Халықаралық автотасымалдар: қиындықтар мен даму бағыттары
Форум қатысушылары
Форумға Ресей, Қазақстан, Моңғолия, Қытай, Өзбекстан, Тәжікстан, Қырғызстан, Беларусь, Үндістан, БАӘ, Еуропа және басқа елдерден жетекші компаниялар қатысатынын растады.
Спикерлер қатарында:
Ресей, Қазақстан, Беларусь, Моңғолия, Қытай, Өзбекстанның темір жол, кеден және көлік министрліктері өкілдері
Ірі көлік және логистикалық компаниялардың басшылары:
- «ОТЛК ЕРА» АҚ
- CRCT
- «KTZ Express» АҚ
- PTC Holding
- Исткомтранс
- ДЕЛО КТ
- ТГ FESCO
- ФИНИНВЕСТ және басқа да танымал компанияларының өкілдері
Форум ұйымдастырушылары
Форумды Единое Сообщество Экспедиторов (ЕСЭ) (Ресейдегі көлік форумдарының ұйымдастырушысы) мен CILT Central Asia (Қазақстан) бірлесіп ұйымдастырады. Форумның іскерлік бағдарламасының серіктестері – Халықаралық Трансъевразиялық тасымалдарды үйлестіру Кеңесі (КСТП) және Қазақстан тарапынан Kazlogistics
Тіркелуге асығыңыз!
Формалды емес атмосферада маңызды мәселелерді талқылап, шешім жолдарын ұсынуға мүмкіндік алыңыз!
Форум бағдарламасы мен қатысу шарттары туралы толық ақпарат ресми сайтта:
info@cilt.kz / a.naurzbayeva@cilt.kz
+7 777 324 53 84