«HomeTech&Electra 2025» халықаралық электроника және тұрмыстық техника көрмесі
World Silk Way компаниясы электроника және тұрмыстық техника саласы бойынша HomeTech&Electra 2025 халықаралық көрмесіне қатысуға шақырады.
Іс-шара 2025 жылғы 7-9 тамыз аралығында Алматы қаласындағы «Атакент» көрме орталығында өтеді. Көрменің ұйымдастырушысы – «World Silk Way» компаниясы, халықаралық іскерлік іс-шараларды ұйымдастыруда тәжірибесі мол компания. Оның негізгі мақсаты – халықаралық байланыстарды дамыту, бірлескен жобалар құруға жәрдемдесу және экспорттық әлеуетті арттыру.
HomeTech&Electra 2025 көрмесіне қатысу бизнес үшін келесі мүмкіндіктерді ұсынады:
– Іскерлік байланыстар орнату: әлемнің түкпір-түкпірінен келген электроника және тұрмыстық техника өндірушілері мен жеткізушілерінің өкілдерімен тікелей кездесу. Көрмеге Түркия, Германия, Қытайдың оннан астам провинциялары және ТМД елдерінің компаниялары қатысады. Олар жаңа серіктестер іздеп, дистрибьюторлармен ынтымақтастық орнатуға дайын.
– Жаңа нарықтарға шығу: компаниялар өз өнімдерін таныстырып, Орталық Азия елдерінің көтерме сатып алушылары және байерлерімен байланыс орната алады. Келісімшарттарға қол қою және ұзақ мерзімді серіктестіктер орнату үшін B2B кездесулер ұйымдастырылады.
– Инновациялар және жаңа технологиялар: саладағы соңғы жаңалықтар мен трендтерді танып-білу мүмкіндігі.
Көрме аясында бірнеше іскерлік және салалық іс-шаралар өткізіледі:
– Мемлекеттік органдар, халықаралық ұйымдар және бизнес өкілдерінің қатысуымен форум;
– Электроника саласындағы жетекші сарапшылардың презентациялары мен шеберлік кластары;
– HomeTech&Electra Innovation Awards 2025 инновациялар байқауы
–Интерьер дизайнерлеріне арналған конкурс;
– Сауда, логистика, кедендік рәсімдер, экспорт және импорт мәселелері бойынша семинарлар;
– Өнімдерді маркетплейстер арқылы ілгерілетуге арналған жәрмеңке және кеңестер;
– Инфлюенсерлер мен стримерлердің тікелей эфирлері және онлайн сатылымдар.
HomeTech&Electra 2025 – жаңа серіктестер табуға, нарықта өз орныңызды нығайтуға және бизнесіңізді дамытуға арналған маңызды алаң.
Қатысу үшін тіркеу басталды.
Толық ақпарат пен тіркелу үшін:
Телефон/WhatsApp: +7 707 414 22 22
Email: info@worldsilkway.com
Көрмеге кіру тегін.