Кәсіпкерлерді маңызды сауалнамаға қатысуға шақырамыз!
«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы Қазақстан Республикасы Салық кодексіне Үкімет тарапынан ұсынылып отырған өзгерістерге қатысты мәселелер бойынша шағын және орта бизнес субъектілері арасында сауалнама жүргізуде.
Сауалнаманың мақсаты – кәсіпкерлік қауымдастықтың пікірін ескере отырып, әділ әрі теңгерімді салық саясатын қалыптастыру үшін жоспарланып отырған шаралар туралы сіздің көзқарасыңызды білу.
Салық саясатын қалыптастыруда сіздің қатысуыңыз өте маңызды.
Қатысу бірнеше минутты алады, ал деректер анонимді түрде өңделеді.
Сауалнаманы мына сілтеме бойынша өтуге болады: