«КӘСІБИ МАМАН» БАЙҚАУЫ
«Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасы колледждер, кәсіпорындар мен өндірістік тәлімгерлер арасында «Кәсіби маман» байқауын жариялайды.
Байқаудың мақсаты — Қазақстандағы жұмысшы кадрларды даярлау бойынша үздік тәжірибелерді анықтау және қолдау.
БАЙҚАУДЫҢ КЕЗЕҢДЕРІ
I кезең — өңірлік:2025 жылғы мамыр – маусым
II кезең — республикалық: 2025 жылғы қыркүйек – қазан
Өтінімдер қабылдау өңірлік кәсіпкерлер палаталары (ӨКП) арқылы жүзеге асырылады.
*Өтінім беру мерзімі мен тәртібі туралы толық ақпаратты қатысушылар кәсіпкерлер палатасының жергілікті бөлімшесінен нақтылауы қажет.
БАЙҚАУ НОМИНАЦИЯЛАРЫ
Қатысу үшін келесі үш номинацияның бірін таңдауға болады:
- Жұмысшы кадрларды даярлауға қатысатын үздік кәсіпорын
- Жұмысшы кадрларды даярлайтын үздік колледж
- Өндірістегі үздік тәлімгер
ҚАЛАЙ ҚАТЫСУҒА БОЛАДЫ?
Қатысу үшін келесі құжаттарды дайындап, тапсыру қажет:
• Өтінім (1-қосымша бойынша);
• E-портфолио (2-қосымша бойынша);
• Құжаттар топтамасы.
Құжаттар электрондық форматта тиісті өңірлік кәсіпкерлер палатасына жіберіледі.
*Қажетті қосымшалар мен құжаттар тізімі atameken.kz «Атамекен» ҰКП ресми сайтында орналастырылған .
ЖЕҢІМПАЗДАРДЫ АНЫҚТАУ
Әр өңірде білім беру, бизнес және қоғамдық ұйым өкілдерінен тұратын конкурстық комиссия құрылады.
Комиссия ұсынылған материалдарды қарап, әр номинация бойынша жеңімпаздарды анықтайды.
Өңірлік кезеңнің жеңімпаздары 2025 жылдың күзіне жоспарланған республикалық финалға жолдама алады.