Орталық Азияның көлік-логистика саласындағы басты оқиға – TransLogistica Kazakhstan 2025 28-ші халықаралық көрмесі өтеді
2025 жылғы 30 қыркүйек пен 2 қазан аралығында Алматы қаласында, «Атакент» ҚІЫО аумағында TransLogistica Kazakhstan 2025 28-ші Қазақстандық халықаралық көрмесі өтеді. Бұл – өңірдің көлік-логистикалық кешенінің болашағын айқындайтын сарапшылар, бизнес өкілдері және мемлекеттік құрылымдардың кездесетін ірі кәсіби алаңы.
Биылғы көрме үш павильонда, жалпы ауданы 12 750 м² кеңістікте өтеді. Экспоненттердің қатарында – жүк тасымалы, қоймалық логистика, мультимодальды және теміржол операторлары саласындағы жетекші компаниялар, сондай-ақ арнайы жабдықтар мен жеткізу тізбегіне арналған IT-шешімдердің өндірушілері бар.
Қазіргі таңда көрмеге 20 елден 250-ден астам компания қатысатындарын растады. Бұл елдер қатарында: Австрия, АҚШ, Әзербайжан, БАӘ, Беларусь, Германия, Грузия, Қазақстан, Қытай, Латвия, Литва, Пәкістан, Ресей, Румыния, Түрікменстан, Түркия, Өзбекстан, Швейцария, Эстония және Үндістан бар. Ұлттық стендтерді Латвия, Литва және Эстония ұсынады. Экспоненттер саны бойынша дәстүрлі көшбасшы – Қазақстан, одан кейін Ресей, Қытай және Түркия компаниялары келеді. Биыл алғаш рет Үндістан мен Пәкістан компаниялары қатысады, бұл өз кезегінде шараға халықаралық қызығушылықтың артып келе жатқанын дәлелдейді.
Қазақстан өзінің географиялық тұрғыдан тиімді орналасуының арқасында трансконтинентальды бағыттардың тоғысқан жерінде орналасып, көлік-логистикалық секторды экономикалық өсімнің негізгі драйверлерінің біріне айналдырды. Қазақстан Республикасы Көлік министрлігінің деректері бойынша, 2024 жылы жүк тасымалының жалпы көлемі алдыңғы жылмен салыстырғанда 5,3%-ға өсіп, 4 млрд тоннадан асты. Транзиттік сегмент те айтарлықтай нәтижелер көрсетті: Қазақстан аумағы арқылы контейнерлік жүктердің транзиті 7,8%-ға артты және 1 млн-нан астам ДФЭ контейнерін құрады.
TransLogistica Kazakhstan 2025 көрмесінің аясында сала сарапшылары көлік саласының дамуына қатысты өзекті мәселелерді талқылайды. Үш күн бойы конференциялар мен дөңгелек үстелдер өткізіліп, онда мынадай ақырыптар қарастырылады:
VII Халықаралық көлік-логистикалық бизнес-форум «New Silk Way» — транзиттік маршруттардың болашағы, Қазақстанның транс-еуразиялық тасымалдардағы рөлі және халықаралық ынтымақтастықтың перспективалары жөніндегі стратегиялық диалог.
IV Халықаралық конференция «Қазақстандағы қойма логистикасы нарығы» — автоматтандыру үрдістері, қойма инфрақұрылымын дамыту және жеткізу тізбегін оңтайландыруға арналған инновациялық шешімдерді талқылау.
II Конференция «Көлемді және ауыр жүктерді тасымалдау BreakBulk Kazakhstan».
Expert Talks: «Қазақстан көлік аптасының қорытындылары» — саланың негізгі нәтижелері, жаңа үрдістері және 2026 жылға болжамдар туралы ашық пікірталас.
Бұл мүмкіндікті жіберіп алмаңыз — Орталық Азиядағы ең ірі көлік-логистика алаңының бір бөлігі болып, сала мамандарымен бірге болашақ дамудың бағытын айқындаңыз.
Сілтеме арқылы тіркелу: https://translogistica.kz/kz/