Бəсекеге қабілеттілік бойынша форум
18 маусымда «Отандық тауар өндірушілердің бәсекеге қабілеттілігі» атты форум өтеді. Форум «Атамекен» ҚР Ұлттық кәсіпкерлер палатасының V Съезіне арналған.
Форум аясында отандық тауар өндірушілердің бәсекеге қабілеттілігін арттыру тәсілдері, «Самұрық–Қазына» ҰӘҚ» АҚ отандық тауар өндірушілерді қолдаудағы жаңа саясаты және 2020-2024 жылдарға арналған Мемлекеттік индустриялық-инновациялық даму бағдарламасының жаңа тұжырымдамасы таныстырылады.
Форумға «Атамекен» ҚР ҰКП Төралқа Төрағасы Тимур Құлыбаев, «Самұрық–Қазына» ҰӘҚ» АҚ Басқарма Төрағасы Ахметжан Есімов, Қазақстан Республикасы ИНвестициялар және даму министрі Жеңіс Қасымбек, сондай-ақ мемлекеттік органдар мен бизнес-қоғамдастық өкілдері қатысады