ESG-ден автоөндіріске дейін: Plastex Qazaqstan 2025 іскерлік бағдарламасы химия өнеркәсібінің көшбасшыларын біріктіреді
12-14 қараша аралығында Алматыдағы «Атакент» көрме орталығында алғаш рет Plastex Qazaqstan қазақстандық халықаралық пластмасса және химия өнеркәсібі көрмесі өтеді. Бұл – өндірушілерді, жеткізушілерді, инвесторларды және іскерлік қауымдастық өкілдерін біріктіретін ірі салалық шара.
Көрме саланың негізгі бағыттарын қамтып, ең заманауи технологиялар мен шешімдерді ұсынады. Қатысушылар арасында саланың жетекші компаниялары –Haitian International Holdings Ltd., Polimax General Trading, Distritech, Samarkand Golden Color және басқа да ірі кәсіпорындар бар.
Экспоненттер пластмасса мен химиялық өнімдерді өндіру және қайта өңдеуге арналған ең жаңа технологиялар мен жабдықтарды, материалдарды ұсынады.
Экспозицияда полимерлерді қайта өңдеуге арналған технологиялар мен жабдықтар, автоматтандыру жүйелері мен перифериялық құрылғылар, өндіріске арналған шикізат пен материалдар, дайын өнімдер мен қосалқы бөлшектер, сондай-ақ қайталама өңдеу мен регенерацияға арналған шешімдер ұсынылады.
Көрме аясында пластмасса және полимерлер бойынша алғашқы мамандандырылған конференция ерекше маңызға ие, ол стратегиялық сессияларды, тақырыптық пікірталастарды және сараптамалық талқылауларды біріктіреді.
12 қарашада «Қазақстандағы пластмасса нарығының даму тенденциялары және халықаралық тауар нарықтарындағы негізгі ойыншылар» тақырыбында кеңейтілген пленарлық отырыс өтеді. Сессия барысында жоғары қосылған құнды өндірісті дамыту бойынша стратегиялық бағыттар, импортты алмастыру және отандық мұнай-химия позицияларын нығайту перспективалары қарастырылады. Қатысуға профильді министрліктердің, мемлекеттік даму институттарының, қауымдастықтардың және ірі бизнестің өкілдері, сондай-ақ әлеуетті инвесторлар шақырылған. Пленарлық сессияның қорытындысы ретінде отырыстың нәтижелері мен алдағы іс-қимыл жоспарлары белгіленетін форсайт блогы өтеді. Кейін көрменің ресми ашылу салтанаты және экспозиция бойынша шолу VIP-тур өтеді. Бірінші күнді «Жергілікті өндірісті дамыту: автомобиль өндірісіндегі химияның рөлі» тақырыбындағы сессия аяқтайды. Спикерлер химия өнеркәсібінен автокөлік өндірушілердің күтілімдерін, жеткізу тізбектеріндегі кедергілерді және шикізат өндірушілер мен автокомпаниялар арасындағы өзара әрекеттесу формаларын талқылайды. Диалогқа жетекші халықаралық автомобиль брендтерінің, жергілікті өндірушілердің, сондай-ақ аймақтық әкімдіктердің өкілдері қатысады.
13 қарашада бағдарлама салалық пікірталастар сериясымен жалғасады. Біріншісі – «Қазақстанның мұнай-химиясының экологиялық аспектілері» қалдықтарды басқару, пластикті қайта өңдеу инфрақұрылымы және осы процестердің бизнестің ESG рейтингтеріне әсері мәселелеріне арналған. Келесі сессияда «Қазақстандағы полимерлерді өндіру және өңдеудегі инновациялар» қатысушылар полиэтилен және полипропилен өндірудегі жаңа катализаторлар мен технологияларды қолдану тәжірибесімен алмасады, сондай-ақ қайталама полимерлерді өңдеу перспективаларын талқылайды. Талқылауға мемлекеттік органдардың, салалық қауымдастықтардың және химия өнеркәсібінің жетекші компанияларының өкілдері қосылады. Күнді «Қазақстанның мұнай-химиясының экономикалық аспектілері» тақырыбындағы пікірталас аяқтайды, онда пластмассаларды қайта өңдеуді ұлттық өндірушілер үшін тиімді ететін ынталандырулар, сондай-ақ терең өңдеуді қаржыландыру және өндірістік кластерлерді қалыптастырудағы мемлекеттік-жекеменшік серіктестік механизмдері туралы сөз болады.
Plastex Qazaqstan өткізу елдің пластмасса және химия өнеркәсібін дамытудағы маңызды қадам болады. Көрме тек озық технологиялар мен өнімдерді көрсетіп қана қоймай, сонымен қатар стратегиялық серіктестіктерді қалыптастыру, инвестицияларды тарту және сараптамалық білім алмасу үшін платформа жасайды.
Іс-шараға ресми қолдау көрсететіндер: Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрлігі, Алматы қаласының әкімдігі, «Атамекен» ҰКП РҚ сондай-ақ басқа салалық қауымдастықтар, одақтар, ақпараттық және медиа серіктестер.
Көрменің ұйымдастырушысы Қазақстандық көрме компаниясы Iteca және оның халықаралық серіктесі – ICA Events компаниялар тобы.