astana-view

4–5 наурызда Түркістанда Қазақстандық фармацевтикалық форум 2026 өтеді

04 Наурыз 2026 - 05 Наурыз 2026

2026 жылғы 4–5 наурызда Түркістан қаласында Global Pharmaceutical Leaders’ Club ұйымдастыруымен Қазақстандық фармацевтикалық форум өтеді. Іс-шара гибридті форматта ұйымдастырылып, Rixos Turkistan алаңында офлайн түрде және халықаралық аудиторияның қатысуымен онлайн форматта өтеді. Форумның қолдаушы ұйымы – Қазақстан Республикасының «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасы.

Биылғы форумда Түркі мемлекеттері одағы елдерінің денсаулық сақтау саласындағы ынтымақтастығына және фармацевтикалық нарықтарды дамыту мәселелеріне ерекше назар аударылады. Қатысушылар реттеуді үйлестіру перспективаларын, дәрілік қамтамасыз ету, аурулардың алдын алу, цифрлық денсаулық сақтау салаларындағы бірлескен тәсілдерді, сондай-ақ фармацевтикалық өндіріс, логистика және сапа стандарттарын дамыту мәселелерін талқылайды.

Форумның тең ұйымдастырушысы – «СҚ-Фармация». Іс-шара Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің, ҚР Денсаулық сақтау министрлігі Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитетінің, сондай-ақ Дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды сараптау ұлттық орталығының қолдауымен өтеді.

Форум жұмысына реттеуші органдардың, фармацевтикалық өндіруші компаниялардың, дистрибьюторлар мен дәріхана желілерінің 200-ден астам өкілі офлайн және онлайн форматта қатысады деп күтілуде. Биыл алғаш рет форум аясында үш тақырыптық бағыт талқыланады: дәрілік препараттар нарығы, биологиялық белсенді қоспалар (БАД) сегменті және медициналық бұйымдар мен жабдықтар саласы.

Форумның негізгі тақырыптары

Түркі мемлекеттерінің денсаулық сақтау және фармацевтика саласындағы ынтымақтастығы

  • Түркі мемлекеттері ұйымына мүше елдердегі денсаулық сақтауды дамытудың басым бағыттары;
  • реттеуді үйлестіру және клиникалық зерттеулерді өзара тану мүмкіндіктері;
  • дәрілік қамтамасыз ету, аурулардың алдын алу және цифрлық денсаулық сақтау саласындағы бірлескен тәсілдер;
  • фармацевтикалық өндіріс, логистика және сапа стандарттары саласындағы ынтымақтастық;
  • инновациялар, кадр даярлау, тәжірибе алмасу және технология трансфері бағытындағы бірлескен бағдарламалардың перспективалары.

Дәрілік препараттар

  • бағаны реттеу және дәрілік заттардың қолжетімділігі;
  • дәрілік заттарға қосылған құн салығын (ҚҚС) енгізу және оның нарыққа әсері;
  • мемлекеттік сатып алулар 2.0: баға мен сапа теңгерімі, инновациялар және ашықтық;
  • ЕАЭО ережелері бойынша қайта тіркеу: мерзімдер, тәуекелдер және нарыққа ықпалы;
  • орфандық пациенттерді дәрілік қамтамасыз ету;
  • қосымша төлем және дәрілік қамтамасыз етудің жаңа моделін қалыптастыру;
  • жаңа экономикалық жағдайлардағы фармкомпаниялардың стратегиялары;
  • дженериктер мен инновациялық препараттардың болашағы;
  • өндірісті локализациялау, экспорт және инвестициялық кедергілер;
  • дәріхана нарығын консолидациялау;
  • дәрілік заттарды таңбалау: енгізу тәжірибесі және деректерді талдау.

Биологиялық белсенді қоспалар (БАД) және мамандандырылған тағам

  • Қазақстанда ББҚ-ды тіркеу тәсілдері;
  • құжат тапсыру кезінде жиі жіберілетін қателіктер;
  • ББҚ-ларды, тағамдық қоспаларды және дәрілік заттарды ажырату;
  • таңбалаудың жаңа өнімдерді нарыққа шығаруға әсері;
  • заңнамадағы өзгерістер және олардың фармкомпаниялар стратегиясына ықпалы;
  • ББҚ-ларды онлайн сату және маркетинг: жауапкершілік пен пациент қауіпсіздігі.

Медициналық бұйымдар мен жабдықтар

  • тіркеуді жеделдету және инновациялардың нарыққа қолжетімділігі;
  • ЕАЭО, ЕО және FDA стандарттарына сәйкестік;
  • цифрландыру және тәуекелге бағдарланған тәсіл;
  • медициналық бұйымдардың клиникалық сынақтары;
  • Қазақстандағы медициналық бұйымдар нарығының трендтері мен драйверлері;
  • IT, цифрлық шешімдер және жасанды интеллектіні енгізу;
  • мемлекет, индустрия және клиникалар арасындағы әріптестік;
  • медициналық бұйымдарды таңбалау: мәселелер мен мүмкіндіктер.

Форум спикерлері

  • Ақмарал Әлназарова — Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрі;
  • Бауыржан Жүсіпов — ҚР ДСМ Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитетінің төрағасы;
  • Даурен Диханбаев — Дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды сараптау ұлттық орталығының бас директоры – басқарма төрағасы;
  • Нұрлыбек Асылбеков — «СК-Фармация» басқарма төрағасы;

Сондай-ақ мемлекеттік органдардың, халықаралық және қазақстандық фармацевтикалық компаниялардың, салалық және сараптамалық ұйымдардың өкілдері бар.

Делегаттық және серіктестік қатысу мәселелері бойынша Global Pharmaceutical Leaders’ Club ұйымына pharma@iventu.co.uk электрондық поштасы арқылы хабарласуға болады.

Форум туралы толық ақпарат пен тіркелу форумның ресми сайтында қолжетімді: kazakhstan.pharmaceutical.forum/ru.

Еншілес ұйымдар

Серіктестер