astana-view

АММ КОНГРЕСІНІҢ UPGRADE: ПІКІРСАЙЫСТАР, НЕТВОРКИНГ, ХАКАТОН

12 Маусым 2019 - 13 Маусым 2019

АММ 2019 КОНГРЕСІНІҢ ЖАҢАРТЫЛҒАН БАҒДАРЛАМАСЫ сөреге дейін БіР апта

Бүгін 12-13 маусымда Нұр-Сұлтан қаласында Hilton Astana өтетін АММ 2019 конгресінің мәрелік бағдарламасы қалыптастырылды. Алаңда әлемнің 12 мемлекетінен 60 аса сарапшылар кездеседі: билік, бизнес және ғылым өкілдері. Kazatomprom, Kaztrans, Kumtor Gold Company, Kusto Group, McKinsey&Company, Nazarbayev University, NFC Kazakhstan, Schneider Electric, Siemens LLP, Yer-Tai LLP сияқты ірі компаниялардың 500 аса делегаттары күтілуде.

АММ 2019 конгресінің бағдарламасы 20 аса сессиядан тұрады, соның ішінде тау-кен металлургиялық кешеннің барлық сегменттері бойынша панельдік пікірталастар, семинарлар, форумдар, дөңгелек үстелдер, шеберлік-класстар. «АММ» конгресінің негізгі тақырыбы «Сандық жүйеге ауыстыру және инвестициялық болашақ» болады.   

12 маусымда сағат 10:00-де «Дүниежүзілік тау-кен қазу өнеркәсібін дамыту стратегиясы» пленарлық отырыс бағдарламаны ашады, соның шегінде   ТМК отандық және шетелдік көшбасшылары өнеркәсіпті сандық жүйеге ауыстыру шарттарындағы өз компанияларын дамыту стратегиялары жайлы айтады. Спикерлер ретінде: ҚР Премьер-Министрінің орынбасары Жеңіс Қасымбек, Еуразиялық топ (ERG) Директорлар кеңесінің төрағасы Александр Машкевич, Hatch сандық шешімнің басқарушы директоры Карло Кристофари, FLSMIDTH Вице-президенті  Микаэл Линдхольм және басқалары сөз сөйлейді.

Іле сағат 12:00-де  «ТМК сандық жүйеге ауыстыру. Жаһандық көшбасшылардың тәжірибесі» панельдік пікірталас өтеді. Панельдік пікірталасқа қатысатындар: ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Роман Скляр, SAP Вице-президенті Джордж Градл, IBM компаниясының бірінші тұлғалары, Kaspersky Lab, Норникель, Hatch, «АК Алтыналмас» АҚ және басқалар.

  1. маусымда сағат  14:30-да  үш әр түрлі алаңда келесілер өтеді:
  • ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму Вице-министрі Тимур Тоқтабаевтың қатысуымен сұрақ-жауап форматында жер қойнауы туралы кодекс бойынша панельдік пікірталас: «Жер қойнауын пайдалануға лицензияны қалай алуға болады».
  • SCHNEIDER ELECTRIC, SAP және Hatch компанияларының техникалық семинарларының сериясы, олардың шегінде EcoStruxure тұжырымдамасы, тау-кен өнеркәсібінің зияткерлік кәсіпорындарының болашағы және цифрлық дайындықты жобалау қарастырылады.
  •  «Қазақстандық әзірлемелер негізіндегі тау-кен металлургиялық кешенін цифрлық жаңарту» дөңгелек үстелі.

сағат 16:30-да, сол сияқты  АММ 2019 конгресінің үш қатарлас алаңында өтетіндер:

  • Қазақстан алтын өнеркәсәбәнәі қожалары форумы.
  • Micromine, Dundee Sustainable Technologies, OUTOTEC компанияларының қазудың өндірістік шынжырында ұйымдастырушылық тосқауылдарды бұзу туралы, қайнаған қабатты қолдану технологиясы туралы және өндірістік нысандарды роботтандырылған мониторингтеу туралы техникалық семинарларының сериясы өтеді.
  •  «4.0 Индустрия» дөңгелек үстелін өткізу барысында сарапшылар өндірістің әр түрлі салаларында 4.0 индустриясының технологиясын  қолдану тәжірибесімен бөліседі, қолдаудың тиімділіктері мен шаралараы жайлы айтады.

13 маусымда сағат 9:00-де АММ 2019 конгресінің екінші күні шегінде «Технологиялық жаңару шарттарындағы көмір өнеркәсібінің жаңа мүмкіндіктері» Көмір өнеркәсібінің форумы және  «Жаңарту және экология»   дөңгелек үстелі өтеді. Ұйымдастырушылары ретінде Тау-кен өндіру және тау-кен металлургиялық кәсіпорындарының Республикалық қауымдастығы (ТКМКҚ)  сөз сөйледі.

Форум шегінде қазақстандық көмірдің экспортын кеңейту, көмір саласын жаңартудың халықаралық тәжірибесі, көмір бизнесін әртараптандыру, жер асты шахталарын цифрлау келешегі және т.б. мәселелер бойынша пікірталас болады. Ал  «Жаңарту және экология» дөңгелек үстелінің жұмысы барысында қатысушылар қазудың заманауи технологияларын енгізу және көмірді байыту, көмір сапасын арттыру, көмір химиясын дамыту, көмір өнеркәсібінің қоршаған ортаға әсерін азайту мәселелерін    талқылайды.

  1. маусымда инвестициялық сессиямен қатар тау-кен қазу компанияларының

көрсетілімі өтеді. ERG және «Казцинк» ЖШС сияқты жергілікті және шетелдік компаниялар баяндама жасайды, олар өз ұйымдарында сатып алулар жүргізу процедуралары  жайлы айтады.

South River Asset Management, KazakhInvest топ-менеджерлері, Астана халықаралық қаржы орталығының биржасы 13маусымда сағат 10:00-да Инвестиция үшін күрес – КІМ ЖЕҢЕДІ?» сессиясында кездеседі, олар нарықтағы бар тәуекелдер мен сәйкес проблемаларды азайту мәселелерін талқылайды. Сол сияқты сессия шеңберінде дамыту бағдарламалары және компаниялардың дүниежүзілік тәжірибесі қарастырылатын болады.

Іле сағат 12:00-де  арнайы шақыртылған қонақтар, Еуропа және Азиядағы ірі инвестициялық компаниялар құрамында алтын және мыс бар кен орындарына арналған инвестициялық жобалардың көрсетілімінде кездеседі, онда ұсынылған отандық жобаларды қарастырады және болашақта оларды инвестициялау үшін баға береді.

Қатарлас алаңда сирек кездесетін жер металлдары бойынша дөңгелек үстел өтеді. Талқылау әріптесі ретінде ҚР  Индустрия және инфрастрақұрылымдық даму министрлігі сөз сөйледі.

13 маусымда сағат 14:30-да  АММ 2019 ұйымдастырушылары Назарбаев Университетімен бірлесіп  «Mining 4.0 дәуіріне білім» семинарын өткізеді, мұнда Mining 4.0 өнеркәсібін, тау-кен робот техникасын және автоматтандыруды қамтамасыз ету үшін білім,  big data және тау-кен өнеркәсібіндегі заманауи технологиялық міндеттерді орындау үшін шешімдерді  талқыланатын болады.

Сонымен қатар, 13 маусымда сағат 14:00-де  Конгресс бағдарламасының шеңберінде  GR мамандары үшін шебер-класы қарастырылған. «Бизнес және мемлекет байланыстары бойынша мамандардың ұлттық лигасы» Коммерциялық емес серіктестің президенті, Ресей менеджерлері қауымдастығының билік органдарымен өзара әрекеттесу жөніндегі комитеттің төрағасы Марат Баширов бизнес және биліктің өзара әрекеттесуінің негізгі үлгілері, жемқорлыққа қарсы саясат және комплайнс бойынша тренинг өткізеі, аудиториямен әр түрлі кейстерді және көптеген өзгелерді талқылайды.

Қатарлас алаңында ТКМКҚ тау-кен металлургиялық секторында салық салу мәселелеріне арналған дөңгелек үстелдің ұйымдастырушы ретінде сөз сөйлейді. Күн тәртібінің орталық мәселесі тау-кен қазу кәсіпорындарының роялтиге ауысу мәселесі болады.

АММ 2019 конгресін  сағат 16:30-да өтетін  GEN TRIZ LLC компаниясының «Цифрлық экономика дәуірінде тау-кен металлургиялық кәсіпорындар үшін ӨМШТ әлеуеті» дөңгелек үстелі аяқтайды. Сарапшылар ҚР Білім беру жүйесіндегі ОМШТ бойынша мамандарды дайындауға байланысты ағымдағы жағдайларды, тау-кен металлургиялық өнеркәсібінің өнімдері үшін қосымша нарықтық орындарды анықтайтын инновациялық шешімдерді қолдану және өзге де мәселелерді талқылайды.

АММ 2019 конгресінің ұйымдастырушылары – Iteca қазақстандық көрме компаниясы және оның  ITE компания тобының халықаралық серіктесі.

Еншілес ұйымдар

Серіктестер